Сабақ жоспары :: Алғашқы әскери дайындық
Файл қосу
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру және керісінше
1. Сабақтың тақырыбы: Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұру және
керісінше.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа тұруға
және керісінше қайта сап құруға, қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап
беруге үйрету.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: Саптық алаң.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, Саптық стенд.
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.
- Орнында тұрғандағы және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
- Саптық және жорықтық адым қай кезде қолданылады?
- Жорықтық адымнан саптық адымға көшу үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстың жылдамдығы немесе қозғалысты тоқтату қандай пәрмендер
бойынша өзгереді?
- Жекелеген әскери қызметшілер қатарындағы бірнеше адым жерге орын
ауыстыруы үшін қандай пәрмендер беріледі?
- Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?
б) Негізгі бөлім – 22 минут.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және керісінше қайта сап құру.
Қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесу. Сәлемдесуге
қозғалыста жауап беру.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және
керісінше қайта сап құру.
Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу: «Бөлімше, бір
қатарға (екі қатарға) – саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Саптық тұрысты қабылдап және пәрмен беріп, бөлімшенің командирі сапқа
тұрудың маңдай шебіне қарама – қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйке
командирден солға қарай сапқа тұрады.
Сапқа тұру басталғанда, бөлімшенің командирі саптан шығады және
бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.
Төрт және одан да аз бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.
Бөлімшені орнында түзету үшін «Түзел!» немесе «Солға түзел!» пәрмендері
беріледі.
«Түзел!» пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы
бастарын оңға бұрады.
«Аяққа» күйіндегі карабинмен түзелу кезінде, сонымен қатар орындалатын
пәрмен бойынша сүңгі өзіне беріледі және оң бүйірге қысылады.
Түзелу аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік
ұстайды, ал карабиндер бұрынғы күйге келтіріледі, «Тіктел!» пәрмені
беріледі.
Бөлімше артқа бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі.
Мысалы: «Солға (оңға) – түзел!».
Бөлімшені бір қатардан екі қатарға сапқа тұрғызу үшін алдын – ала
«Бөлімше, бірінші және екіншіге – санал!» пәрмені бойынша бірінші және
екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша, оң жақ қапталдан бастап
әскери қызметші кезек бойынша жылдам өзінің сол жағында тұрған әскери
қызметшіге қарай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік
ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Жалпы нөмірлеу «Бөлімше ретімен санал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау аяқталғаннан кейін «Санақ бітті!»
деп баяндайды.
Екі қатарлы сапта екінші қатардың сол жақ шетіндегі тұрған санау
аяқталғаннан кейін «Толық!» немесе «Толық емес!» деп баяндайды.
Содан соң «Бөлімше, екі қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап артқа бір адым
жасап, оң аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңға бір
адым жасайды және сол аяғын қояды.
Бөлімшенің өз орнында екі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы
үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін, «Бөлімше, бір
қатарға – сапқа тұр!» пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір
адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып,
біріншілердің сызығына шығады.
Әскери сәлемдесуді орнында тұрып және қозғалыста бас киіммен және
бас киімсіз орындау. Қозғалыста әскери сәлемдесуге жауап беру.
Бас киіммен тұрғанда – аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек
және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай бүйірде ұстау керек;
бастық өтіп кеткеннен кейін, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде басты тік
ұстап, оң қолды түсіру керек.
Бастықты басып озғанда - әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен
орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек.
Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты
бастықтың жағына қарай бұрумен орындайды.
в) Қорытынды бөлім – 10 минут.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
- бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша
жүргізіледі?
- бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
- қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай
орындайды?
Алғашқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы:
Б.Қ.Байбулатов.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz