Металдардың адам өміріндегі маңызы жайлы ақпарат

Ашық сабақ Облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткізген аудандық семинарда берілді
ҚАЛДАНОВА БЕЙНЕГҮЛ
Әйтеке би ауданы Северный орта мектебінің химия, биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы : Металдардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың металдардың периодтық жүйедегі орнына кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, кейбір кеңінен қолданылатын металдар туралы түсінік беру; оқушыларды еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сатпаевтың қосқан үлесімен таныстыру.
Дамытушылық:
Өзіндік жұмыс істеуге баулу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс- жүзінде қолдана білуге үйрету; Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік:
Оқушыларға экологиялық және кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты игерту.
Сабақтың әдісі: М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» , INSERT, тест, өзін - өзі бағалау әдісі, полиглот, жарнамалау әдісі.
Пәнаралақ байланыс: география, тарих, биология, экономика.
Сабақ көрнекілігі : Мақал-мәтелдер жазылған буклет: «Темір - тоттанып тозар», «Қуатты қол - құрыш», «Орын тапқан шеге оңды», «Аз сөз алтын, көп сөз көмір», «Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуын оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай»; электрондық оқулық «Химия» 9-сынып.
Сабақтың девизі : «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» Қ. Сәтпаев.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сыныпты төрт топқа бөліп отырғызу. «Өзіңді бағалау» тренингі бойынша топ басшыларын сайлау. Банктер мен конверттерді, түрлі-түсті қағаздарды тарату.
Металдардың шығу тарихына шолу. (Химия 9-сынып оқулығынан 108-беттегі 7-кесте)
Металдың пайдаланыла
бастаған дәуірі
Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен а
лынған металдар актиноидтар, лантаноидтар
Кестеден біздің заманымызға дейін алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын пайда болғанын көріп отырсыздар. Оған дәлел Ү-ҮІІ ғасырларда өмір сүрген алтын киімді адам 1969 жылы Есік қорғанынан табылғанын жақсы білесіздер. Бұл жерде 4000-дай алтын детальдар табылған. Тағы да адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер мыс, қола, темір дәуірлері деп аталуы оларды адамның игеру кезеңімен байланысты.
Қазбадан табылған қару жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны анық.
Металдардың аталуы:
Алтын - таңғы арай.
Мыс - Кипр аралы мысқа бай.
Күміс - ақ, жарық.
Темір - латын тілінен аударғанда «қамал».
Сынап - сүйық күміс.
Вольфрам - қасқыр көбік.
Платина - күміске ұқсас.
Берилий - тәтті (конструкциялық берилий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойын, болат, темірге қарағанда жеңіл, әрі мықты, арзан. Қазақстанда Алматыда өндіріледі)
Металдарды элемент ретінде қарастырсақ периодтық жүйеде:
- Сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.
- Тотығу дәрежесі оң.
- Күшті тотықсыздандырғыштар.
- Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.
- Негізгі топшаларға орналасқан Ме сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.
- Периодтық жүйенің 80 пайызын алады.
- Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергиялық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне сәйкес келмейді. Олардың электрон саны 2-ден аспайды. Қалғаны астындағы қабатта орналасады. Соларды беріп жіберу арқылы +4, +7 дейін тотығу дәрежесін, бейметалдық қасиетін көрсетеді. Бұлар d-элементтер.
- ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.
- Сілтілік металдар: Li, Na, K, Rb, Cs, Fr .
- Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс металдық байланыс деп аталады. Металдық байланыс оған созылғыш, тапталғыш қасиет береді. Металдардың кристалл торында электр өткізгіштігі әр түрлі болады. (Cu, Ag, Al жақсы өткізеді, Hg- нашар өткізеді) .
Өзінді тексер.
Тест
- Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың пайыздық мөлшері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz