Жыл басына таласқан хайуанаттар. даярлық топ

Ұйымдастырылған оқу іс-әректінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық, Таным

Білім көздері: Тіл дамыту, көркем әдебиет, сурет, жапсыру, мүсіндеу.

Тақырыбы: « Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Мақсаты: Ертегіні айта отырып рөлмен ойнау, диолог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы еңбек сүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелей отырып жаңа технологияны игерту. Дәстүрден тыс жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы балалардың шығармашылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: Кейіпкерлер киімі, қол еңбегіне арналған қажетті құралдар. түрлі түсті суреттер.

Техникалық құралдар: үнтаспа, интерактивтік тақта, магнитафон

Әдіс тәсіл: Сұрақ -жауап, тыңдау, мәнерлеп айту.

Сөздік жұмыс: бұлақ, жабағы.

Іс-әрекет бөлімдері
Педагогтің әс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет бөлімдері:

Ынталандыру

Сезімін ояту

Педагогтің әс-әрекеті:

Тәрбиеші балаларды дөңгелене тұрғызады. «Сәлем сөздің анасы,

Сәлем берер әр қазақтың баласы»-демекші қонақтармен амандасып алайық.

«Жақсы сөз жарым ырыс»-дейді дана халқымыз, ендеше бір -бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар амандасады Аспанымыз ашық болсын!

Дос болайық!

Қайырлы күн!

Тату тәтті болайық!

Әрқашан күн сөнбесін.

Іс-әрекет бөлімдері: Ізденістер, ұйымдастыру
Педагогтің әс-әрекеті:

Тәрбиеші балаларға ертегі еліне саяхат жасайтындарын айтады. Дидактикалық ойын: «Ойлан тап»

Шарты:тәрбиеші балалар білетін шығармаларынан үзінді оқиды, балалар қай шығарма екенін тауып айтады.

-Біраз жүрген соң әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.

-Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап сары бөлкелер үйіліп тұр екен.

-Қарға-қарға! Досым қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр-деп зарлады.

-Шырылдауық шегіртке,

Көгалды, қуып гөлайттап.

Дұрыс ертегіні біледі екенсіңдер. Енді мына ертегіні тауып көріңдер.

Біздің өнер паздар келіп отыр екен енді солардың ертегісін көрейік мұқият тыңдап қараңдер.

-Бұл қандай ертегі?

-Ертегіде жыл басы не болды?

-неліктен тышқан, жыл басы болды?

-Ал, неліктен басқа хайуанаттар жыл басы бола алмады?

Иә балалар шешімді дұрыс қабылдау керек екен.

Сөздік жұмыс:

Жаңа түйе жылқыға: сені бұлақ суымен суару керек, жабағымда пайдалы -деді.

Бұлақ-мөлдір, жер астынан шығатын таза су.

Жабағы- көктемде қырқып алынатын түйе мен қойдың жүні.

Сергіту сәті:

Саусақтарым бір-бірімен амандасайқ,

Саусақтардан гүл ашайық,

Саусақтарды ашып-жұмып,

А-Ә, Г-Ғ, Ү-Ұ, Н-Ң, К-Қ, О-Ө

Дыбыстарды дұрыс айтайық.

Логикалық ойын.

«Жануарлар не береді» шарты: Интерактивтік тақтадағы жануарларға келесі бетіндегі жануарлар адамға не беретіндігіне байланысты заттарды қосу.

«Не қалай дыбыстайды?» ойыны

Шарты: бір жануар айтылады оның жауабының үш нұсқасы болады, тез дұрыс жауабын табу керек.

Жылқы: үреді, кісінейді, мөңірейді.

Сиыр: мөңірейді, үреді, маңырайды.

Ит: кісінейді, маңырайды, үреді.

Қой: маңырайды, мөңірейді, бақылдайды.

Жақсы балалар. «Мақал сөздің мәйегі»-демекші енді мақалды аяқта ойынын ойнайық.

1. Жылқы малдың патшасы . . .

2. Сиырдың сүті . . .

3. Төлден мал өседі, . . .

4. Ат-адамның қанаты, . .

Өздерің түсініп айтқандай әр жануардың өзіндік ерекшелігі, адамға өзіндік пайдасы бар екен. Енді балалар «жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде, ақылмен айламен, жыл басы болған тышқанның бейнесін сурет салу, жапсыру, мүсіндеу арқылы бейнелеп көрейік. Ол үшін үш топқа бөлініп орталықтарда не істеу керектігін түсіндіреді.

Балалардың іс-әрекеті:

Ойынға деген қызығушылығ оянады.

Балалардың жауабы: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі.

«Нан қайдан шығады» ертегісі

«Қарлығашпен дәуіт» ертегісі.

А. Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы

Балалар ертегіні тамашалайды.

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі.

Тышқан болды

Тышқан сабырлы, ақылды, шешімді дұрыс қабылдады.

Басқа хайуанаттар ақылға емес өздерінің денесіне, күшіне сеніп асықпай жүріп жыл басы бола алмады.

Балалар қайталап айтады.

Балалар бойларын қимыл қозғалыс арқылы сергітеді.

Бір баладан шығып айта отырып қосады.

2-Кісінейді .

1-Мөңірейді.

3-үреді

1-маңырайды.

Балалардың жауабы:

-Түйе малдың қасқасы.

-тілінде .

-Шыбықтан тал өседі

Ас-адамның қуаты.


Ұқсас жұмыстар
Сұраққа жауап. Сабақтың тақырыбы
Жыл басына таласқан хайуанаттар
Сабақты аяқтау
<<Жұмбақтар әлемі>>
Кім тапқыр
Түйе жайлы ақпарат
Жануарлар әлемі
Тышқан ертегі
Жануарлардың бірінші хоры
Адамдар жануарлардан не алады
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz