Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Тұрақты электр тогы


Сабақтың мақсаты:
1. Тұрақты электр тогы жайлы мағлұматтарды тереңдету. Оқушылардың ізденіс
нәтижесіндегі шығармашылығын дамыту.
2. Оқушыларға зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар беру арқылы материалдың
терең де тиянақты меңгерілуін қамтамасыз ету.
3. Оқушыларды шығармашылық топпен жұмыс істеуге, өз ойларын түйіндей
білуге, оны есепте пайдалана білуге баулу
Сабақтың түрі:қорытындылау
Сабақ әдісі:Сто әдісін қолдану
Көрнекіліктер: 1.Физик ғалымдардың суреттері.
2. Электрлік құралдар (ток көзі, жалғағыш сымдар, вольтметр, амперметр,
реостат, резисторлар).
3. Үлестірме материалдар.
4. Көрнекі формулалар, сызбалар
Техникалық құрал-жабдықтар:интербелсенді тақтада презентация, Activote
құрылғылары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, топпен орналастыру.
ІІ. Сынып 2 топқа бөлінеді. 1-топ Амперметр, 2-Вольтметр.
Оқушылар «Білім еліне саяхат» кезінде бірнеше аялдамаларға тоқтайды. Әр
аялдамада топ оқушыларын әр түрлі тапсырмалар күтіп тұрады. Осы
тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың білім деңгейі анықталады.

«Білім еліне саяхат»
Бағыттама парағы

| | |

№ |Топтың мүшесі |Ғалымдар еліне саяхат |Тапқырлар |Шебер қолдар |Жүзден
жүйрік |Кім жылдам | | |Жоғарғы балл | 10 | 8 |10 | 10 |15 | | 1 |
| | | | | | | 2 | | | | | | | |
1 аялдама – «Ғалымдар еліне саяхат».
Бұл аялдамада оқушыларға ғалымдар: Г.Ом, А.Ампер, Вольта Алессандро
суреттері көрсетіледі. Әр топ өздеріне түскен ғалымның өмірбаянына,
шығармашылығына, электр тарауына қандай еңбегі сіңгенін атап өтуі керек.
1)Андре Мари Ампер (1775-1836) – ұлы француз физигі және
математигі, электродинамиканың негізін қалаушылардың бірі. Ампер физикаға
«электр тогы» ұғымын кірістірді. Жаңа магнетизмнің молекулалық токтар
жөніндегі гипотезаға негізделген алғашқы теориясын құрды. Электр тогының,
механикалық өзара әсерін ашты және осы өзара әсер күштеріне арналған сандық
іліктестіктерді тағайындады. Максвелл оны «электрдің Ньютоны» деп атаған.
Ампер сонымен қатар механика саласына, ықтималдықтар теориясына және
математикалық анализге еңбек сіңірді.
2)Алессандро Джузеппе Антонио Анастасио Вольта-(1775-1827)
Итальян физигі Электр кернеуін тапқан химиялық реакциялар арқылы электр
тогын алған.
3)Георг Симон Ом (1787-1854) –көрнекті неміс физигі. Мектеп мұғалімі
болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге
тәуелділік
заңын, сондай-ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ол ток
күшін өлшейтін сезгіш приборды өзі жасады. Ол кернеу көзі ретінде
термокараны қосып дәнекерленген екі сымды (әр түрлі металдан жасалған)
пайдаланды. Дәнекерленген жапсарлардың температуралар айырмасын
арттыра отырып, осы температуралар айырмасына пропорционал кернеуді
өзгертті. Сонымен қатар, Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең
қимасының ауданына тәуелділігін тапты.
2 аялдама. «Тапқырлар» - аялдамасында оқушылар гүл күлтешесіне жасырылған
физикалық формулаларды табулары керек.
Амперметр тобының тапсырмасы: 1. I = U / … 2. … = I U Δt 3. ... =
A / t
Вольтметр тобының тапсырмасы : 1. Q = ... R Δt 2. I = … / Δt 3. R =
... l / S
3 аялдама – «Шебер қолдар».
Әр топ берілген приборлар арқылы эксперименттік тапсырмалар орындаулары
қажет

4 аялдама – «Жүзден жүйрік».
Бұл аялдамада оқушыларға электр тарауына байланысты есептер беріледі
№1 Графикті пайдаланып өткізгіш кедергісінің шамасын тап
[pic]
№2. Тізбекке қосылған амперметрдің көрсетуін тап

№3. Тізбекке қосылған вольтметрдің көрсетуін тап

№4. Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы
кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың
шамасы тап
№5. Ток көзін электр тізбегіне қосқанда 10Кл заряд өткенде 0,02Дж жұмыс
істелетін болса,тізбектегі кернеу қандай?
5-аялдама «Кім жылдам?»Тест тапсырмалары activote құрылғысымен

1. Джоуль-Ленц заңының формуласы

a) А=[pic]

b) Q=[pic]

c) I=U/R

d) U=I[pic]

2. Тұрғын үйлерде өткізгіштің қандай қосылыстары қолданылады?

a) Тармақталған

b) Тізбектей

c) Параллель

d) Аралас

3. Тұрмыста электр тогының жұмысын есептейтін құрылғы:

a) Есептегіш

b) Амперметр

c) Вольтметр

d) Омметр

4. Зарядталған бөлшектердің қозғалысы не деп аталады?

a) Электр өрісі

b) Электр тогы

c) Электр кедергісі

d) Магнит өрісі

5. Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласы

a) U=I*R

b) I=U/R

c) R=U/I

d) I=q/t

6. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қай шама бірдей болады?

a) Ток күші

b) Меншікті кедергі

c) Кернеу

d) Кедергі

7. Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы қалай өрнектеледі?

a) A=P*t

b) A=F*S

c) A=U*I*t

d) A=I/U*t

8. Электр тогының қуатын есептеудің формуласы

a) N=A/I

b) P=A/t

c) P=U*I/t

d) P=U*I

9. Ток күшінің формуласы

a) I=q/t

b) I=U/R

c) I=I1+I2

d) I=I1=I2

10. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?

a) Заряд

b) Кернеу

c) Ток күші

d) Кедергі

11. Ток күшін өлшейтін құрал

a) Омметр

b) Вольтметр

c) Амперметр

d) Реостат

12. Ток күшінің өлшем бірлігіне не алынған?

a) В

b) Кл

c) А

d) Ом

13. Кедергінің өлшем бірлігі неге тең?

a) Кл

b) В

c) Ом

d) А

14. Кернеуді өлшейтін құрал не деп аталады?

a) Электроскоп

b) Амперметр

c) Реостат

d) Вольтметр

15. Кедергіні реттеп отыратын кұрал

a) реостат

b) амперметр

c) вольтметр

d) аккумулятор

Қорытындылау

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:қосымша есептер
-----------------------
[pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Тұрақты электр тогы. тұрақты токтың пайда болу шарттары электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші
Тұрақты магнит. Магнит өрiсi. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi
Фарадей заңы. 8 сынып
Электр кернеуін өлшейтін құрал
Электр тізбек түрлері
Ток күші. тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін ом заңы. 10 сынып
Тұрақты токтың жұмысы.қуаты. джоуль-ленц заңы
Электр магнитті индукция
«тұрақты электр тогы» тарауы бойынша оқу модулі
Түйіндегі токтардың бағыты
Пәндер