Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Жазықтар, төбелер, таулар

Жазықтар.Төбелер.Таулар.
Сабақтың міндеттері: Жер бедері туралы түсінік қалыптастыру;Қазақстан аумағындағы жазық,таулармен таныстыру;оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру;картамен жұмыс жасау,бақылау жасау,жинақтау, саралау,қорытындылау сияқты дағдыларды дамыту,жетілдіру.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,кескін карта.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық көңіл күй.
<<Атамекен>> Қ.Аманжоловтың өлеңі.
Қазақстан дейтін менің елім бар,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Туған жерім-тамаша!
О,алақай,туған жер!
Жақсы-ау орман-бауларың!
Көзге ыстық көрінер
Сенің асқар тауларың!
Сенің асқар тауларың!
2.Пікірталас.
- Әрбір елін, жерін сүйетін азамат <<Туған жерім тамаша!>> деп тебіреніспен айтады.
3.Жаңа сабақ.
- Бүгін еліміздің түпкір- түпкіріне саяхатқа шығамыз.Еліміздің шығыстан батысқа дейінгі,солтүстіктен оңтүстікке дейінгі жеріне саяхаттаймыз.Жеріміздің бедері қандай екенін физикалық картадан көреміз.
Балалар ________________ шықты.____________________ арқылы _________________ барды.
Содан соң _______________ бұрылды.Олардың бағыттары тау бөктеріндегі ___________________
арқылы өтеді.
4.Сұрақтар:
1.Қандай жер бедерін байқадыңдар?
2.Қандай төбелерді кездестірдіңдер? Олар қай жерде?
3.Қандай жазықтар кездесті?
Жазықтар

Ойпат
Төбелі
Тегіс


Ойыс тұстары бар жазық
Беті теп-тегіс



1.Төбе,жазық және таулардың айырмашылығы қандай?
2.Қандай жазық түрлері бар?
Әңгімелеу.
Мұны егіс жазық деп атайды.Өйткені беті-үстел бетіндей теп-тегіс.Төбелі және жазық жерлерде кеэдесетін жыраларға тоқталады.Жыра судың жер бетін тілімдеп,жырып кетуінен пайда болады.
* Жыраны көргендерің бар ма? Көрсеңдер,қай жерден және қашан көрдіңдер?
Жырадан қандай пайда,қандай зиян бар?
Адамдар жер бетінің тілімденуіне,жырлардың ұлғаюына қарсы қандай жұмыстар жүргізеді?
4.Физикалық картамен жұмыс.
Ойпаттар-қою жасыл түс;
Төбелер-қоңыр түс;
Таулар-қоңыр түс;
Ортақ Тау
Басы 500 м биік
Баурайы
Етегі
500 м биік
Төбелер мен тауларды кесте арқылы салыстыру. Төбе
500 м төмен


6.Сабақты қорытындылау.
- Қандай жерлер жазықтар деп аталады?
-Тегіс жазықтардың төбелі жазықтардан қандай айырмашылығы бар?
7.Үйге тапсырма беру. Мәтінді оқу.


Ұқсас жұмыстар
Таулар
Жазықтардың өзгеруі
Дүниетану. тест 4 сынып
Тау жыныстары
Қазақстанның табиғат кешендері
Топтарға бөлу
Тірек - сызбаларын сабақта пайдалану
Еуразия пайдалы қазбалары
Әлемдік география
Номенклатура. 7 сынып
Пәндер