Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ынтымағы жарасқан отбасы


«Ынтымағы жарасқан отбасы»сайысы.

«ХХIғасырда отбасы тату,өнерлі болуы тиіс»
Н.Ә.Назарбаев
Сайыстың мақсаты:Тәрбиенің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене
отырып,XXI ғасыр отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік
құндылықтарын сіңіру.
Осы арқылы бірліктерін,ынтымақтастықтарын нығайту,бір-бірін
сыйлау,сенімділік,адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар біздің «Ынтымағы жарасқан отбасы»
атты кешіне қош келдіңіздер!Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің бір
өлеңінде:
«Отбасы - шағын мемлекет ,Мен – президент,сен-премьер»деген
екен.Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары
бар.Олар- Алатаудай Әке,мейірімді ана.Әке – береке,өнеге,даналықтың
қайнар көзі,қасиетті ісімен сыйластық,құрмет басы.Ана - біздің
қамқорымыз,көл-көсір астық тұтқасы.Ананы сыйлау- елді сыйлау,өмірді
құрметтеу.Сондықтан біздің борышымыз үлкендерді сыйлау,құрметтеу.
Құрметті жиналған қауым,ата – аналар, ұстаздар,жарысқа қатысушылар
және олардың жанкүйерлері!Бүгінгі сайысқа қош келдіңіздер!Сайыстың
кезеңдерімен таныс болып отырыңыздар.
І кезең « Таныстыру»(әр отбасы өздерін таныстырады.Өз қалаулары
бойынша өлеңмен немесе видеороликпен,тақпақ т.б).
ІІ кезең «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»...(карточкалық
сұрақтарға жауап беру).(5-6 мин).
ІІІ кезең «Біз өнерлі отбасы»(әр отбасы мүшесі өз өнерін көрсетеді
ән,би,күй,өлең).
ІҮ кезең «Шебердің қолы ортақ»деп аталады (әр отбасы қолөнерінен бұйым
жасап,қорғайды ). Бұл үй тапсырмасы.
Ү кезең «Тәлім-тәрбие және шеберлік»..жағдаяттар шешу(5-6 мин).(отбасы
өміріне ,бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-
аналары ұтымды шеше білу).
ҮІ кезең «Рефлексия»(ата-ана,оқушы өз ойларын ортаға салады).
ҮІІ кезең « Қорытынды»

Бүгінгі сайыстың беташарын әнмен ашайық.
Сахна төріне Ақзерді «Анашым»әнімен шақырайық!

Бала десе елжіреп,еміренбес жүрек болар ма?Жас ұрпақты тәрбиелеп
өсіруде ата-аналардың атақаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға
біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жітілдірмейді,тәрбиелеп
баптау жетілдіреді»-деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей
бермей,оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі,тәрбие отбасынан,ата-анадан
басталатындығы белгілі.
Отбасы- адамның эмоциясы,күйзелісі,көз қарасымен қатынасымен
байланысты емес,ол-ерекше фономен.С.И.Голод(1998)пікірінше,отбасы
фономенінде құрылымдық өріс елі – зайыптылар және ата-ана мен бала
қатынасы деп қарастылады.Отбасы балаға ықпал етеді,оны қоғамдық өмірге
жетелейді.Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын,ол әрдайым отбасының
яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.
Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Іздеген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа,-
демекші өз өнерлерін ортаға салуға келген сайыскерлер отбасын ортаға
шақырамыз.
1. Қазыбек Арман отбасымен
2. Нұрмағанбетов Арыстан отбасымен
3. Төлегенов Әли отбасымен
4. Қанаділов Дидар отбасымен
5. Бауыржанова Толқын отбасымен
Ақ көңілмен,ниетпен
Әділдігін айтсын деп.
Шаршамай еш жалықпай
Айтқанына көндік деп
Сарапшылар алқасын
Сайлап алсақ жөн болар.
Сарапшылар алқасын таныстырып,шақырып,орнына отырғызу/
Биік тауға жарасар
Басындағы обасы.
Бүгінгі сайысқа жарасар
Бастаса оны ел ағасы.
Амансызба халқым деп,
Қазақы дәстүр салтым деп,
Тұтқасы болған отбасының
Үлгі еттік әке тәрбиесін
Ендеше әр отбасы өздерін таныстырып өтсін.

1.Таныстыру үшін сөз кезегін « » отбасына береміз.
2.
3.
4.
5.
Барлық отбасымызға рахмет.

Алдымен сөзге ден қояйық
Бойға қуат жиып алайық.
Сайыста қапы қалмай-ақ
Бар білімімізді ортаға салайық
Тыңдаңыз бұл даланың үні қандай,
Қараңыз отбасының гүлі қандай.
Шақырып ортамызға топтарды.
Көрейік бойында бар өнер қандай!

2.«Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез»
Құрметті сайысқа қатысушы отбасы сіздер өз қалауларыңыз бойынша бір
түсті таңдап,сол карточканың соңында сұрақтар берілген,соған жауап
бересіздер.(әр отбасына 6 сұрақтан).Сіздерге уақыт 5-6 мин.
Келесі кезекті әсем күйге береміз.
Сахна төріне Қажығалидың орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата
толғауы» күйін қабыл алыңыздар.
Көк түстегі сұрақтар:
1.Қасиетті,киелі,құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы (бесік).
2.Отыз омыртқа,қырық қабырға,ауыз омыртқа(киіз үй)
3.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той(шілдехана).
4.Төрт түліктің пірін атаңыз(Түйе пірі-Ойсыл қара,жылқы пірі-қамбар
ата,сиыр пірі-зеңгі баба,қой пірі-шопан ата,ешкі пірі-шекшек ата).
5.Ел арасында әдетте шала туған сәбиді өсіретін ғұрып (тымаққа салу).
6.Саған жақын бір адам
Үш әріптен тұрады.
«Оқысаң да қай жақтан
Бір сөз болып шығады.
Айтпасам да есімін,
Кез келген жан ұғады.
Тапшы жұмбақ шешімін»-
Деп жолдасым сұрады?
Қызық болып естілді
Досымның сауалы.
Бұл жұмбақтың бес түрлі
Бар,мен білсем,жауабы.
Көңіл көкке самғады,
Таптым,таптым,
Алақай,
Жұмбағымды сен дағы
Шешіп көрші,көрермен!
(Ата,ана,апа,аға,іні,ене).
Сары түстегі сұрақтар:
1.Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік (жасау)
2.Ұлттық бас киім түрлерін
атаңыз?(тақия,сәукеле,орамал,кимешек,бөрік,тұмақ,малақай).
3.Дүниеде не тәтті,не жұмсақ,не қатты?(ананың сүті тәтті,қолы жұмсақ,әкенің
жүрегі қатты).
4.Жеті қазынаны атап беріңіз( ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран
бүркіт,берен мылтық,тазы ит).
5.Бес асыл(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым).
6.Мүшел жастарды атаныз (13,25,37,49,61,73,85 жастар)
Жасыл түстегі сұрақтар:
1.Үш арсызды атап беріңіз (ұйқы,күлкі,тамақ)
2.Үш бәйтерек атап беріңіз( Сәкен,Ілияс,Бейімбет)
3.Жеті атаны атап беріңіз(әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
4.Аптаның жеті күнін атаңыз
(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
5.Жеті жұтты ата (құрғақшылық,оба,өрт,соғыс,топан су,зілзала)
6.Үш жүз (ұлы,орта,кіші жүз)

Ақшыл қызыл түстегі сұрақтар:
1.Тілі бар үні жоқ,
Өзіне адам түсінген.
Жүрегі бар да қаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен (кітап).
2.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.
Осы үйде неше адам отыр?(үйде 3 адам.әкесі,баласы.немересі)
3.Қазақ ұзынсары деп қай жыл мезгілін айтады?(көктем).
4.Ерулік дегеніміз не?(Жаңадан көшіп келген көршіні үйге қонаққа шақыру).
5.Қонақкәде деген не?(Қонаққа келген адамдардың өнерін көрсету).
6.Аяққап не үшін арналған бұйым?(ыдыс салуға).
Қызыл түстегі сұрақтар:
1.Сүттен жасалған ұлттық тағамдарды ата?
(қымыз,шұбат,қатық,айран,құрт,ірімшік,сары май т.б)
2.Қазақтың ұлттық ойындарын
атаңыз?(көкпар,алтыбақан,тоғызқұмалақ,ақсүйек,күрес,аударыспақ т.б).
3.Қандай ет тағамдарын білесіздер?(ет,қуырдақ,бұжы,шыжық,бітеу,қазы-
қарта,жал-жая,мипалау,әсіп,жау-жұмыр).
4.Бес дұшпан(өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,малшашпақ).
5.Бес қару(мылтық,садақ,найза,қылыш,айбалта).
6.Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады.(түйе).

Көп жүрген жер көңілді,
Көптің ісі өнімді,
Ынтымақ түбі игілік
Жарысқа бүгін біз келдік,-дей отырып отбасыларын келесі сайысқа
шақырамыз.

3 «Біз өнерлі отбасы»
Өз өнерін көрсету үшін « »тобын шақырамыз.
«Шебердің қолы ортақ шешеннің тілі ортақ»демекші....Қазақ –ұрпағына
өнерді мұра етіп қалдырған халық.
Өнерлі өрге жүзер деп,
Сіздерге кезек берейік.
Бағыңды сынап сайыста
Шеберліктеріңізді көрейік.

4. «Шебердің қолы ортақ».Үй тапсырмасы үйден жасап әкелген заттарын
қорғайды.
Айлинаның орындауында
« Мама»әнін қабыл алыңыздар.

5. «Тәлім-тәрбие және шеберлік»сайысы (отбасы өміріне,бала тәрбиесіне
байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше
біліп,жауабын айтады.
(5-6 мин)ойланып жауап беруге
Сахна төріне Айсұлтан, Диас, Адалбектердің орындауында «Әдем-ау»әнін қабыл
алыңыздар.
Жағдаяттар (ата-ана үшін) Қызыл түстегі
1-жағдаяттар: «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді
сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2-жағдаяттар: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай
тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып
кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
Көк түстегі
1-жағдаяттар: «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп
жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да
тыныштық бермеді.Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім
оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.Марат үйге келіп шағым айтты.Ата
– анасы сөзге келместен директорға кіріп шағымын айта бастады.Ата – ананың
бұл әркеті дұрыс па? Сіз қалай әрекет етер едіңіз?»
2-жағдаяттар: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды.
Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің
әрекетіңіз?
Ақшыл түстегі
1-жағдаяттар: Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне
көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып
жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға берудегі сіздің
әрекетіңіз?
2-жағдаяттар: Біз үш бала тәрбиелеп отырған жанұямыз. Екеуіміз де
жұмыссыздар қатарындамыз. Оқта-текте жалдамалы, жеке жұмыстар кездесіп
қалып жатады. Оның өзі отбасы қажеттілігінен ауыспайды. Дегенмен де
балаларымызды қатарынан қалдырмай, барымызша асырап, тәрбиелеп келеміз.
5-сыныпта оқитын қызымның қалауын жасай алмағаным жаныма қатты батады.
«Сыныптағы қыздардың бәрінде ұялы телефон бар, тек қана менде жоқ» деп,
күнде «әпер» деп мазамызды ала бастады. Соның кесірінен сабаққа да барғысы
келмейді. Біздің жағдайымыз болса мынау. Не істеуге болады? Қыз баланың
көңілін қалай аулайсыз?
Сары түстегі
1-жағдаяттар: Бір нәрсеге ашулы 11 жасар ұлы мектептен келе сала: «Жаман
мектеп! Мұғалімдердің бәрі әділетсіз! » деп күйіп піседі. Баланың бастан
кешкен сезімі? Сіздің әрекетіңіз?
2-жағдаяттар: 1- сыныпта оқитын қызы: «Математикадан болатын бақылау
жұмысынан қорқамын» - дейді. . Баланың бастан кешкен сезімі? Сіздің
әрекетіңіз?
Жасыл түстегі
1.Балаңыз күнде сабаққа баратындығын жақсы білесіз.Күндердің бір күнінде
сынып жетекші сізге қоңырау шалып,балаңыздың 2-3 рет сабаққа келмегенін
айтты.Балаңызбен сөйлесуді сұрады.Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болады?
2.Ата-ана баланың пікірімен санаспай өз бетінше шешім қабылдауға құқыңыз
бар ма?(өз ойыңыз,пікіріңіз).
Рахмет сіздерге ой бөлісіп,ортаға салғандарыңызға,
сіздердің құрметтеріңізге Ақниеттің орындауында «Достарым»әнін қабыл
алыңыздар.

6.Рефлексия (баяу музыка ойналып тұру керек).
1.Сіздердің бүгінгі сайыстан алған әсерлеріңіз қандай?
2.Бала тәрбиесіне бүгінгі сайыстың әсері бар ма?
3.Қандай сайыстың кезеңі сіздің отбасына қызықты болды?
4.Осындай шаралардың жиі өтуіне қалай қарайсыз?
5.Сайыстың ұтымды жағы не деп ойлайсыз ?
Жанұяға ынтымақтастық жарасады,
Тату-тәтті болуға тырысады.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Бәле-жала отбасын
Іздесе де таппасын-дей отырып,сарапшыларға сөз кезегін береміз.
..............................
Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Анаға сәлем»орындайтын гимназиямыздың әнші
жігіттері
Қалықтаған көгершіні бүгінде
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен үлкейсін,
Тілегім сол менің де отбасы бақыты кеңейсін !!!
Болашақтың иесіміз бәріміз
Атамекен түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік,ұлан байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз –дей келе Бақытжанның орындауында «Көк
тудың желбірегені»әнін қабыл алыңыздар.
Еліміз тыныш,жұртымыз аман болсын!!!
Ықылас қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын
Қазақстан – татулығы жарасқан шаңырақ
Әр елдің салты басқа.
Менің жанұям
Менің отаным Қазақстан ( Бастауыш сынып )
Жайнаған қазақ еліміз
Елін сүйген Елбасы
Ынтымағы жарасқан ырысты елміз
М.әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектептің 6 класс оқушылары арасында өткізілген i «халықтар достығы - тірегіміз» фестивалі
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыру
Пәндер