Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

1 қазан - халықаралық қарттар күні мерекесіне арналған баяндама



Хамзин Нұржан Әлімжанұлы
Жангелдин орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Аралбай ауылы
<<1 қазан - Халықаралық Қарттар күні>> мерекесіне арналған
БАЯНДАМА

Тақырыбы: <<Қарты бар ел - қазыналы ел!>>
Дайындаған: Хамзин Н.Ә.- Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары

1 қазан, 2013 жыл

Қарт адамдар күні БҰҰ Бас Ассам - блеясының бастамасымен 1982 жылы қабыл - данған. Қартаю проблемалары жөнін - дегі халықаралық Вена іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін алғаш рет 1990 жылғы 14 желтоқсанда белгіленді. Ал 1991 жылы қоғамның аға ұрпаққа деген қатынасының оң өзгеруіне ықпал еткен Қарт адамдарға қатысты БҰҰ Қағидаттары қабылданды. Халықаралық статистика 2005 жылы 1 миллиардтан астам адам 60 жастық межеден асып, қарттар қатарына қосылғанын мәлім - деп отыр. 2050 жылы дамыған елдердің көбінде 65 жастан асқан адамдар саны екі еседен артық өсетін болады, ал жалпы саны 2 миллиардтан аспақшы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы - мының жіктеуіне сәйкес, егде жастағы адам - дарға 60 пен 74 жас аралығындағы адамдар, қарттарға 75 пен 89 жас аралығындағы адамдар, ал 90 жастағы және одан асқан адамдар ұзақ жасағандар қатарына жатады. Халықтың қартаю үдерісі біріншіден, әлемдік экономиканың өсуіне, екіншіден, ғылыми-техникалық үдеріске, үшіншіден, әлеу - меттік қатынастар саласына, төртін - шіден, қарт адамдардың функционалдық қабілеттері мен денсаулық жағдайларының өзгеруіне байланысты. Еуропа елдерінің көбіндегі демография - лық көрсеткіштерді талдай келе, Еуропа халқының қартайып бара жатқанына көз жеткіземіз, айталық, Германияда 2020 жылға қарай 65 жастан асқан адамдар саны 22% - -ға, Ұлыбританияда 21%-ға, Францияда 19%-ға, Швецияда 21%-ға дейін көбейетін болады. Соңғы 50 жылда қарқынды қартаю үрдісі Азия-Тынық мұхиты елдерінде де байқалып отыр, мұнда 2025 жылға қарай қарт адамдардың саны 23,5%-ға жетеді. Бүгінгі таңда халқының басым бөлігі қарттар болып табылатын ел - Жапония, ондағы орташа жас - 41. Қазақстан халықтың қартаюы шегіне басқаларға қарағанда кейіндеу қадам басты, алайда алдағы уақытта бұл үдеріс айтар - лықтай жеделдейтін болады. Айталық, 2004 жылдың басында 65 жастағы және одан асқан адамдардың жалпы халық құрамын - дағы үлесі 7,4%-ды құраса, қазақстандық сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай бұл сан 11,5%-ға дейін ұлғаятын болады. Қазіргі кезде Статистика агенттігінің деректері бойынша, республикада зейнет - кер - лік жастағы адамдар саны - 1,7 млн. Бұл республикадағы әрбір оныншы тұрғын егде жаста дегенді білдіреді. Қазақстанда әрбір азаматтың қарттық шағын лайықты етіп қамтамасыз ету қарт адамдар өмірінің сапасы мен әлеуметтік стан - дарттарын үнемі жақсартуға бағыт - талған мемлекеттік саясаттың негізгі ба - сымдықтарының бірі болды. Бұған <<Қа - зақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы>>, <<Қазақстан Рес - пуб - ликасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы>>, <<Қазақ - стан Республикасындағы арнаулы мем - лекеттік жәрдемақы туралы>>, <<Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгеде - к - терiне және соларға теңестiрiлген адам - дарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы>>, <<Қазақстан Республи - ка - сындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы>>, <<Тұрғын үй қатынастары туралы>> заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануы игі ықпал етті. Республикалық бюджет қаражаты есебі - нен әлеуметтік қолдау шаралары ретінде соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, олар - ға теңестірілген адамдар, ҰОС кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, тыл еңбеккерлері, <<Алтын алқа>>, <<Күміс алқа>> белгілерімен марапатталған немесе бұрын <<Батыр ана>> атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі <<Ана даңқы>> ордендерімен марапатталған көп балалы аналар қатарын - дағы зейнеткерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде қарт кісілердің әлеу - меттік оқшаулануына және оларды кемсітуге алып келетін кез келген факторды болдырмау қолға алынған. Қазақстан халқының тарихында алдыңғы толқын ағаларымыз, ардақты аналарымыз қашанда экономикалық санаттармен айқын - дауға болмайтын құнды үлесін қосып, отбасы мен қоғамда өмірлік маңызды рөл атқарған. Бұл отбасы мүшелерінің күтімінен, нәтижелі еңбек қызметінен, үй шаруашы - лығын жүргізуден, өзіне кейінгі еңбек ауысымын даярлаудан тұратын тыныс-тір - шіліктің барлық салаларындағы ақысы төленбейтін еңбектің үлесі. Қарт кісілер кез келген мемлекеттің экономикасын дамытудың маңызды бір ресурсы болып табылады. Қазіргі таңда жаһандық деңгейде <<Күміс экономика>>, яғни қарттар экономикасы деген дәстүр қалыптасып келеді. Мәселен, Германия тәжірибесінде <<Күміс экономика>> үрдісі қолданылады, ол тұрғындардың қартаюына қарай жұмыс орындарын құруға ынталандыру және инвестициялауға бағытталған, ал егде жастағы кісілерге алдыңғы ұрпақтың сұранысына жауап беретін жаңа тауарлар және қызметтер, жаңа еңбек рыногын, жаңа тұтыну құрылымын жасайтын жоғары құзыретті өндірістік күш ретінде қарайды. Өздеріңізге белгілі, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің <<Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам>> атты мақаласында ХХІ ғасырда қазақстандық - тардың әл-ауқатын арттыруды, өмір сүрудің жаңа сапасына қол жеткізуді еңбек қана қамтамасыз етеді деп ерекше атап өтті. Қазақстандықтардың әрбір жаңа буыны үлкендердің даналығынан, олардың бай іс-тәжірибесінен және жоғары рухани байлы - ғынан үлгі алады. Сол себепті де қарттарға күнделікті қамқорлық көрсетіп, оларды ұдайы қолдап, мұң-мұқтаждықтарына көңіл бөлу бүгінде мемлекеттің әлеуметтік саяса - тының ажырамас бөлігіне айналып отыр.
Қазақ қоғамында ақсақалдар - елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қазақ қоғамында қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың <<Ауы - лыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең>>, <<Қариясы бар елдің - қазы - насы бар>> деген сөздерінің мәнісі - ақылдың кені, қазыналы қарттарды құр - меттеу, ақсақалдар қауымын ардақтау.
Ежелгі Эллада елінде <<Жастарға көрген-білгенін айтпаса, ағалардың өздері кінәлі>> дейді екен. Яғни көрген-білгенін, ақыл-кеңесін, білім-білігін жас өскінге беріп отыру аталардың, ағалардың міндеті деп есептеген. Қай қоғамда да, қай заманда да аға ұрпақ білім-білігін, өмірлік тәжірибесін жастарға беру арқылы қоғам дамып, өркениет жалғасып келеді.
Құрметті ата-әжелер!
Сіздерді БҰҰ Бас Ассамблеясы қарттар күні деп жариялаған, бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құт - тықтаймын.
Алдыңғы буын аға-апаларымызға, ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен арда - гер - лерімізге осы бір қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мере - келеріңіз құтты болсын дейміз.
Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейір - бандылыққа, Отанымызға адал қыз - мет етуге, айналадағы адамдардың өмір - ге, қоғамға деген оң көзқарасын қалып - тастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сенім - мен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбе - гі - міз - бен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз.
Араларыңызда бүгінгі күнге дейін ел игі - лігі үшін түрлі әлеуметтік қызмет сала - сында еңбек етіп жүргендер аз емес. Бүгінгі таңда республикамыздың әрбір оныншы тұрғыны - еңбекке қабілетті жас - тан асқан адамдар. Елімізде 2 миллионнан астам адам егде жастағылар болса, олардың қатарында зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар бар.
Бүгін біз қарттарымызға құрмет көр - сетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Ардагерлерімізді ардақтап, олар - ды қашанда, қамқорлық аясынан тыс қалдырмау, Мемлекет басшысының сөзі - мен айтқанда, <<Біз бен сіздің парасатты парызымыз әрі қастерлі міндетіміз>>!
Мемлекетіміз егде тартқан азамат - тарымызға деген әлеуметтік қолдау дең - гейін кезең-кезеңімен арттырып отыруды, тіпті экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес. Осының айқын айға - ғындай әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қолдау бағы - тын - дағы мем - лекеттік шығыстардың көлемі жылдан жылға көбейіп келеді.
Қымбатты, аға ұрпақ қариялар, сіздердің толайым еңбектеріңіздің, бай тәжі - рибелеріңіздің, дарқан даналықтарыңыздың алдында басымызды иеміз.
Сіздерге, сіздердің отбасыларыңыз бен жақын туыстарыңызға зор денсау - лық, берекелі ұзақ ғұмыр тілеймін, айнала - ңыз - дағы жаны жомарт жандардың ықылас-ниетіне бөленіп әрқашан арамызда жүре беріңіздер!

Тыңдағандарыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Бабалардың баласы - қариялар
Мектеп тәлімгері
Топ старостасы
Білімді шәкірт - ұстаз мерейі
Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу
Қарттарым-асыл қазынам туралы ақпарат
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы
Өзің қарттарды қалай құрметтейсің
ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫН ТҮЗУ
Наурыз мерекесін қарсы алайық
Пәндер