Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі


Мереке ШОШАК,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға
оқытушысы

МӘТІНДІК РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Қазіргі кезде дербес компьютер құжаттар мен мәтінді даярлауда
кеңінен пайдаланылады. Компьютер тек баспа машинасының қызметін атқарып
қана қоймай, құжаттарды даярлау үрдісінде көптеген қосымша мүмкіндіктер
береді:
1) Компьютердегі мәтінді түзетуге, оған мәтін үзінділерін
қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әртүрлі
құжаттарды бір-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын
тегістеуге, жолдарын экранның ортасына келтіруге, құжатты
сақтап, баспаға қанша данасын болсада шығаруға болады.
2) Әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-
ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
3) Мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді
кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде
орналастыруға болады.
4) Қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды сканер арқылы
өткізіп, танымдық бағдарламасының көмегімен мәтіндік
пішімге келтіруге болады.
5) Стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді
пайдалануға болады.
Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, мәтіндік редакторы қолданылады.
Мәтіндік редактор қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады.
Мәтіндік редакторды оқытудағы ең басты көрнекілік компьютер болып
табылады. Мәтіндік редакторды іске қосып, оның функцияларын практика арқылы
іс жүзінде көрсету. Оқушы мәтіндік редактордың функцияларын толық игеріп
болғанда біз оқыту мақсатына жетеміз.
Мәтіндік редакторды оқытудың мақсаттары:
1) Оқушыларды ЭЕМ-ді пайдаланудың қарапайым әдісі – мәтінмен
жұмыс істеуді орындауға дайындау, тыңғылықты жұмыс істеу
дағдысын қалыптастырыу;
2) Мәтіндерді компьютерлік өңдеудің артықшылықтары жайлы
болжам қалыптастыру;
3) Мәтінмен жұмыс барысында өзінің әрекетін ойша реттеу
іскерлілігін, яғни алгоритмдеуін қалыптастыру;
4) Қандай да бір әрекетті саусақпен орындаудан бұрын ойлау
дағдысын бекіту.
Жалпы мәтіндік редакторды оқытудағы мақсат оқушыларды мәтіндік
редактордың функцияларын игерту. Осы мақсатта оқушылардың өз бетімен жұмыс
жасай білу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға көмек
жасау. Осы арқылы оқушыларды шапшаңдыққа, ойлау қабілетінің дамуына,
ізденімпаздққа, өзіндік ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Мұғалім ең алдымен өтілетін тақырыптың оқу бағдарламасына
көрсетілген сағат санына назар аударып, төменде келтірілген кестедегідей
күнтізбелік тақырыптық жоспарын құру керек (1-кесте және 2-кесте).

|№ |Тақырыптың аты |Сағат саны |
|1 |WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу |1 |
|2 |WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері |1 |
|3 |Windows’ХР-дің Блокнот бағдарламасымен танысу |1 |
|4 |Барлығы |3 |

1-Кесте 7-сыныптың WordPad және блокнот мәтіндік редакторларын
оқытуға арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары.

|№ |Тақырыптың аты |Сағат саны |
|1 |MS Word іске қосу. Мәтіндік құжат құру |2 |
|2 |Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмесін алу |2 |
|3 |Мәтіндік құжаттарды баспаға шығару |1 |
|4 |Практикалық жұмыс.Мәтінді пішімдеу, көшірме алу |1 |
|5 |Кесте құру жолдары |1 |
|6 |Практикалық жұмыс. Қарапайым және күрделі кестелер|1 |
| |құру | |
|7 |MS Word - тың графикалық мүмкіндіктері. Суреттерді |1 |
| |кірістіру | |
|8 |Қайталау. Қорытынды сабақ. |1 |
|9 |Барлығы |10 |

2-Кесте 8-сыныптың MS Word мәтіндік редакторын оқытуға арналған
күнтізбелік тақырыптық жоспары.

Жалпы мәтіндік редакторларға арналған әртүрлі сабақ жоспарлары және
оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында келтірілген тест сұрақтары да
«Информатика негіздері» журналында көптеп кездеседі. Дегенмен оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту үшін
төмендегі тапсырмаларды берсек артық болмас деп ойлаймын:
1) Дұрыс жауаптарды жасыл түспен, қате жауаптарды қызыл түспен бояңдар
(Сөйлемдерді өздері теріп жазады).
2) Сурет салу «Рисование» панелін қолданып «Автофигура» режимінде келесі
пішіндерді салыңыз.

3) Күрделі кесте құрыңыз: (екі тәсілін қөрсету).
|Сатылым нәтижесі |
|жыл |2008 |
|тоқсан |1 |2 |3 |4 |
|Кіріс |Сатылған |99 |178 |156 |78 |
| |Баға |4 |4 |5 |6 |
| |Нәтиже |396 |712 |780 |468 |
|Шығын |Материалдар |0.75 |0.75 |0.75 |0.75 |
| |Еңбек шығыны |0.25 |0.25 |0.25 |0.25 |
| |Тасылғандар |130 |150 |170 |120 |

4) Word графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, төмендегідей мақтау қағазын
жасаңдар:
[pic]
5) Word-тағы сурет салу құралдарының көмегімен төмендегідей схема құрыңыз:

6) Word құралдарымен web-сайт құру. Нәтижесінде суреттегідей web-сайт
шығуы керек.
[pic]

«Информатика» пәні бойынша төл оқулықтарымыз алғаш 2003 жылдан
бастап шыға бастады. 2007 жылы екінші рет 7-сынып «Информатика» оқулықтары
(оқу құрал, дидактикалық материалдар, әдістемелік құрал) қайтадан басқа
авторларымен жарыққа шықты.
Авторлары Н.Т.Ермеков және Н.Ф.Стифутина болған 2004 жылы басылым
көрген 8 сынып «Информатика» оқулығында 9 бөлім «WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ»
тақырыбы 5 кіші тақырыптарға бөлініп көрсетілген. Ондағы әр бір тақырыптың
мазмұндары көп болған. Кейбір атаулар мен командалар Microsoft Word
бағдарламасындағыдай орыс атауларымен алынған. Ал, авторлары Е.В.Шевучук
және Н.С.Кольва болған 2008 жылы басылым көрген 8 сынып «Информатика»
оқулығында 7 бөлім «WORD МӘТІНДІК ПРОЦЕССОРЫ» тақырыбы 8 кіші тақырыптарға
бөлініп көрсетілген. Әр тақырып қысқа да нақты түсіндірілген. Онда кейбір
атаулар мен командалар қазақшаға аударылған және жүйелі деп айтуға болады,
сонымен қатар әр бір қазақша атаудың жанына Microsoft Word
бағдарламасындағыдай орыс тіліндегі баламасы көрсетілген.
Мәтіндік редакторларды оқытуда оқулықтағы материалдар мазмұнының
жаңару ғана әсер етпейді, сонымен бірге сабақ жоспарын құрғанда әдіс
тәсілдерді тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігін қажет етеді.

Өскемен қаласы

-----------------------
жеңімпаз

трапеция

Тік бұрышты төртбұрыш

D<0

x1,x2
енгізу

Түбір жоқ хабарламасы шығу

25 м.

14 м.

Спорт залдың схеиасы

Қызыл

Сары

Жасыл


Ұқсас жұмыстар
WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi , құрал тақтасы мен кезеңдерi
Мәтіндік құжат құру
Практикум. аралас құжаттарды құру
Буферден қою
Word мәтіндік редакторы: мәні, мәзір, құралдар тақтасы, режимдер
Обьектілерді салу құрал - саймандары
Информатиканы оқыту әдістемесі
Мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Графиктік ақпаратты өңдеу
Растрлық графикада кескіндердің базалық элементі - нүкте
Пәндер