М. Дулатовтың Қоян әңгімесіне негізделген аралас сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы : М. Дулатов « Қоян»

Сабақтың мақсаты

Білімділік : М. дулатовтың өмірі және шығармаларымен таныстыру, әңгіме мазмұнын түсіндіру, қыс мезгіліндегі жануарлардың тіршілігі туралы білім беру.

Дамытушылық : оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, шығармашылық дағдыларын арттыру .

Тәрбиелік : Салауатты өмір салтын сақтауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу .

Әдісі : сын тұрғысынан ойлау стратегиясы ( сэнквейн, ой қозғау, эссе, автор үстелі, автормен тілдесу )

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі : үнтаспа, суреттер, М. Дулатов суреті, « қысқы ойындар» суреті )

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

  • Балалар, бүгін ауа- райы қандай ?
  • Жақсы, ашық
  • Ендеше бүгінгі сабағымызда біз де сондай жақсы, көңілді отырайық, ол үшін бір- бірімізге жақсы тілектер тілейік .

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын топтарға берілген тапсырмалар арқылы тексеру .

1- топ. « Шынықсынденеміз» өлеңін жатқа сұрау

2- топ. « Денсаулық - зор байлық» эссе жазу

3- топ. Автормен тілдесу .

Үй тапсырмасын сұрақтар беру арқылы бекіту

1. Қысқы ойындарды ата ?

2. Ойындардың денсаулыққа қандай пайдасы бар ?

3. Денсаулық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе ?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

А) « Ой қозғау»

Далада жүр шапқылап

Керемет тым саққұлақ

Тек есектен басқа да

Оған ұқсас жоқ құлақ .

( Қоян )

ендеше бүгін біз М. Дулатовтың « Қоян» мәтінімен танысамыз .

  • М. Дулатов кім балалар

Ассоциация жасау арқылы оқушылардың ойларын тұжырымдау . Ендеше осы шығармалардың ішіндегі қоян мәтінімен бүгін танысамыз . Ал енді барлығымыз қоян туралы не білетінімізді, не көргенімізді ортаға салайық .

Оқушылардың ойларын жүйелеу .

Қоян өте қорқақ аң . Ол жауларынан қашып құтылады . Қоян азық жинамайды . Күн суытқанда сұр тонын тастап ақ тонын киеді . Қоян туралы халық қағидаларында да айтылған . қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады .

б) қызығушылықты ояту « Болжау» әдісі .

Тақтаға үш бейне суреттелген плакат ілінді . Оқушылар суретке қарап ойларын айтып дәлелдейді .

Шын мәнінде не болды деп ойлайсың ? Оған қандай дәлел бар ? Не болды ?

оқушылар өз ойларын дәлелдеген соң мұғалім мәтінді үш бөлімге бөле отырып мазмұнын ашады . әр бөлім сайын оқушы ойы таңдалады .

В) Сергіту сәті « Сұр қоян» өлеңін қимылмен көрсету .

Г) Шығармашылық жұмыс ( музыка үнімен орындау )

1- топ . 1 . « Қоян» 5 жол өлең құрау .

2 . Әңгімеден жүк тартқандардың сыртқы бейнесін суреттейтін жолдарды тауып оқу

2 - топ . 1 . « қыстың қамын, жаз ойла» эссе жазу ( автор үстеліне шығу )

2 . мәтіннен бозарып атқан таңмен бірге басталған тіршілік жөнінде айтылған тұсты жауып оқу

3 - топ . 1 . Әңгіме мазмұнына сай сурет салу

2 . Әңгімедегі қоянға қатысты тіркестерді тауып оқу .

оқушылардың жұмыстары тыңдалып, талданады .

!Ү . Сабақты қорыту. Әр топқа сұрақ беріледі

1 - топ Қоянның құлағы неге ұзын ?

2 - топ Қоянның алдыңғы аяқтары неге қысқа ?

3 - топ қоянның терісі қыста неге ақ, жазда нег сұр болады ?

Оқушыларға жаппай сұрақ беру

1 . қоян қандай мақсатпен жолға шықты ?

2. Автор әңгіме мазмұны барысында не айтпақшы болды ?

Әңгіме кейіпкері қоянмен кездесу

« еріншек, жалқау болмай, еңбекқор, білімді болыңдар . Мен сияқты қорқақ болмай, батыл болыңдар !» - деп қоштасады .

Ү . Оқушыларды бағалау.

Бағалау парағын жинап, бағалау .

ҮІ. Сабақты аяқтау.


Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу пәнінен М. Дулатовтың Қыс және Қоян әңгімелері бойынша ашық сабақ
М. Дулатовтың өмірі мен Аяулы Жақаң әңгімесі негізіндегі аралас сабақ
Наурыз тақырыбы бойынша аралас сабақ жоспары: М. Дулатовтың өлеңі арқылы оқу, тіл дамыту және тәрбиелеу
М. Дулатовтың Бөрік әңгімесін талдауға арналған сабақ жоспары
М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша аралас сабақ жоспары
М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесіне арналған сабақ жоспары
М. Дулатовтың Қош келдің Наурыз шығармасы арқылы көктем мен Наурыз мерекесін оқытуға арналған бастауыш сынып сабақ жоспары
3-сынып Әдебиеттік оқу: М. Сүндетовтің Қайырымдылық әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Б. Соқпақбаевтың Ағаштар неге ашуланады? әңгімесіне арналған аралас сабақ жоспары
С. Мұқановтың Жылқы әңгімесіне негізделген бастауыш сынып сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz