Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс

УГ 15711 мекемесі жанындағы
орта мектептің тарих пәні мұғалімі:
Нұралина Гульнара Отарғалиқызы
«Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс»
(Жеңістің 69 жылдығына орай)
Талай боздақтардың өмірлерін қыршынынан қиып, миллиондардың жүрегіне мұң ұялатып, шаңырақтардың шаттығын ұрлап, күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың да аяқталғанына биыл 69 жыл толғалы отыр. Сол бір ерлігіміз бен елдігімізге сын болған ауыр кезең артта қалса да, оның жүректерге салған жарақаты әлі құлан таза жазыла қойған жоқ. Оған куә аттап қадам басқан сайын сай - сүйегіңді сырқыратып, соғысқа лағнет айтқан протез аяқтардың шиқылы, бұл күнде қатарлары тым сиреп бара жатқан омыраулары ордендер мен медальдарға толы майдангерлер кешегі намысын кекке суарып, отан үшін отқа түскен халқымыздың қаһарман ұл мен қыздары.
Неміс басқыншылары ұлы Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасағанда еліміздің жастары туған жерін жаудан қорғауға аттанды.
. . . Ел басына күн туды, «Ер етегімен от кешер ат ауыздығымен су ішер» қатерлі кезең келді. Күнбатыстан қарақұрттай қаптап бақайшағына дейін қаруланған жау жолындағының бәрін жаппай Кеңес жеріне қарай өршелене ілгері ұмтылумен болды, бейбіт қалалар мен селоларды ойрандап, бейкүнә жандарды қырғынға салды: атты, дарға асты, қамауға алды. Ұлы қалалар - Ленинградты темір қоршауға алып фашистік танктер Мәскеуге қарай аласұрды. Отан басына төнген қиын да қауіпті шақта жүз жасаған Жамбылдың «Жау қолқаға қол салды, аяулыңды жау алды, аянатын нең қалды», -деп аттандаған аталық сөзі ел адамдарының зұлым жауға өшпенділігін өршітіп, намыс отын өршіткендей болды. «Бәрі де майдан үшін» деген құдіретті сөздер сол бір алмағайып күндерде өр жүрекке барып ұялап, барша жанды Отан тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы өліспей- беріспейтін күреске құлшындырды. Майдан далаларында сан алуан ұлт -өкілдері шыбын жанын шүберекке түйіп, қарақшылармен шайқасты.
Қайыспас қайсарлығымен, көзсіз ерлігімен зұлым жауды Отан жерінен қуып шығып, өз ордасында талқандаған, солай адамзатты фашизм апатынан аман қалып қалған кешегі майдангер жауынгерлердің әрқайсысы «батыр» десек, асыра айтқандық емес. Олардың мәңгі өшпес ерлігі алдында әрдайым бас иеміз!
Бұл жолғы айтпағымыз - сол бір қиын - қыстау жылдардағы майданның мызғымас тірегі тыл еңбеккерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жайлы. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының «ел болса, ер шығармай тұра алмайды »- деген қанатты сөзі бар. Елдің елдігі нақ осы тар жол, тайғақ кешулерде айқын көрінеді.
Тылдағылардың қаншама қиындық көрсе де, қаймықпай еңбек етіп, былайғы уақытта мүмкін болмайтын нәрсені де шындыққа айналдырып, майдан нені қажет етсе, соның бәрін уақтылы жетістіріп беріп тұрғаны айна қатесіз шындық. Бұл бүгінгі ұрпаққа аңыз сияқты естілгенмен сол кезді көзбен көргендер мұны жақсы біледі.
2014 жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 69 жыл толғалы отыр. Айта салуға оңай болғанымен бұл күндері қатарлары сиреген сол алапат соғыс ардагерлері үшін оны еске алу оңай емес.
Иә, сұрапыл соғыс кезінде тылдағы еңбеккерлер жас, кәрі деп бөлінбей, жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязына қарамастан ұрандап еңбек етіп, сан салалы шаруашылық жұмыстарында жүрді. Ер азаматтар жаппай майданға аттанғасын, басқалай амал да жоқ еді. Елдің көбі аш- жалаңаш болатын. Ауылдағы отбасылардың дені күзде құмаршық қақса, жазда қияң басы - сұлыбасты қорек етті. Тіпті «желкек» деп аталатын сүті бар шөп те ас болды. Алайда тыл адамдары өздері аш жүрсе де майдандағы жауынгерлерге жұмыстан тыс уақытта тон, құлақшын, бөрік, қолғап тігіп, байпақ басып жіберіп отырды.
Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздегі басқа ұлт өкілдері де қазақ халықпен бірге қоян - қолтық еңбек еткені белгілі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz