Шеңбер элементтері, шеңбер мен түзудің өзара орналасуы және хордаға перпендикуляр диаметр теоремасы

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтерінің

қасиеттері. Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту.

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: тренинг сабақ

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық

Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау

  1. Үшбұрыш туралы не білеміз?
  2. Үшбұрыштар туралы тірек - схема бойынша сөйлеу
  3. Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау

«Шеңбер» сөзжұмбағын шешу Сұрақтары:

бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш) екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі) барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы) бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса) үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (медиана)

бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

Ш
:
:
: Е
:
:
:
Ш:
:
:
:
:
:
:
:
:
: Ң
:
:
Ш:
:
:
:
:
:
:
:
: Б
:
:
:
:
Ш:
:
:
:
:
:
:
: Е
:
:
:
:
Ш:
:
:
:
:
:
:
:
: Р
:
:
:
:
Ш:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту.

ІV. Бекіту сұрақтары

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама

2) Шеңбер мен түзудің орналасуы

һ > rh < rh = r

V. Практикалық жұмыс.

1. Шеңбер сызыңдар.

2. Шеңбердің центрін белгілеңдер.

3. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.

4. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.

5. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі

6. Доғаларды атап жазып қойыңдар

7. АВ хордасын жүргізіңдер

8. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер

9. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер

10. АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара

перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.

VІ. Электрондық оқулықтағы есептерді шығару

№1. Шеңбердің радиусы 2, 5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы

мүмкін бе?

( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

№2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге

бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.

№3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,

АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: 8. 1; 8. 2; 8. 3; № 25 есеп


Ұқсас жұмыстар
Шеңбер және оның элементтері: сабақ жоспары
Нүкте және түзу: жазықтықтағы екі түзудің өзара орналасуы және қасиеттері
7-А сыныпқа арналған ашық сабақ: Шеңбер және оның элементтері
Шеңбер және дөңгелек: 5-сынып математикасының ашық сабағы
Стериометрия аксиомалары және түзудің кеңістіктегі орналасуы
Математика формулалары жинағы: үшбұрыштар, төртбұрыштар, шеңбер және квадрат теңдеулер
Шеңбер ұзындығы мен π саны: есептер шығару сабағы
9-сынып: Үшбұрыштың ауданы мен ішкі және сыртқы шеңбер радиустары арасындағы тәуелділік
7-сыныптың сабақ жоспары: Екі шеңбердің өзара орналасуы
Түзулердің өзара орналасуы: параллельдік, қиылысу және перпендикулярлық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz