Сабақ жоспары: Несіпбек Айтовтың Ана тілім өлеңіне арналған тілдік-танымдық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Ана тілім. Несіпбек Айтов.

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңнің идеясын ашу арқылы тіл мәселесіне мән беріп, өмірмен байланыстыру.

2. Өлеңді тіл ерекшеліктеріне мән бере талдау, балаларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу. Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.

3. Өзін-өзі тану, сыйлау ұғымдарының терең мағынасының бірі-ана тілін білу екенін сезінуге мүмкіндік беру, патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан Республикасы Конститутциясының баптары, қосымша материалдар, маркер, плакат.

Сабақтың барысы:

1. Қызығушылықты ояту.

-Біздің ана тіліміз қай тіл?

-Өз тіліңді қалай дәріптер едің?

-Балалар, сендердің ана тіліне арнап жазған сезімге толы эсселерінді тыңдап, таңданып тұрмын. Ал ақын ағаларың ана тілі туралы өз сезімін қалай білдірген екен? Мүмкін, сендердің жазған ойларыңа ұқсас жақтары да болар. Ақынның да балаша ойлайтын кездері болады. Оқығыларың келе ме?

2. Мағыныны тану.

- 1-шумақта ақын өз тілін білмейтін адамның сезімін қалай суреттеген?

-2-шумақта ана тілін қалай сипаттаған?

-Ана тілі арқылы адам қалай өседі?

-Ақын өлеңінде ана тілім сөзінен кейін неліктен тыныс белгісі қойылған?

-Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?

бақ тілі, дана тілі, пәк тілі, бесіктегі ән, алтын ұя.

-Біздің ана тіліміз ақын мен сендердің мадақтарың арқылы көкке көтерілді. Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсіріңдер . . .

-Балалар, ҚР Конститутциясының 7- бабында былай деп жазылған:

«1. ҚР мемлекеттік тілі-қазақ тілі».

Ендеше, барлығымыз өз ана тілімізде сөйлеуге міндеттіміз.

3. Ойтолғау.

-Бүгінгі сабақта сендер ана тіліне деген сезімдеріңді қалай жеткіздіңдер?

-Ойларыңды қалай жеткіздіңдер?

-Мен сендердің тамаша ойларыңды, сезімге толы шығармаларыңды қалай ұқтым?

-Олай болса, ана тілінің ғажап күші мен өміріміздегі орнына ештеңе жетпейді екен!

4. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу.


Ұқсас жұмыстар
Н. Айтовтың Ана тілім өлеңін талдауға арналған әдебиет сабағы
4-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Несіпбек Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата мәдениеті мен түрлері
Ана тілі сабағы: Н. Айтовтың Алтын сөз өлеңі және бата дәстүрі
Мемлекеттік тіл күніне арналған сабақ: Жасай бер ана тілім
Ана тілім - ардағым: мектепке дейінгі сайыс сабақ жоспары
Мен және менің тілім: Бестөбе кенті №1 орта мектебінің 2013-2014 оқу жылына арналған танымдық-тілдік ойын жоспары
Ана тілі: Қасым Аманжоловтың Көктем өлеңіне арналған сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Тілім менің тірегім - ана тіліне құрмет пен үштілді білім беру
3-сыныпқа арналған Мұхтар Шахановтың Төрт ана өлеңіне сабақ жоспары
№4 орта мектеп Қарлығаш шағын орталығының Ана тілім - ардағым тілдік-мәдени мерекесі (2014-2015 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz