Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі

БҚО, Ақжайық ауданы, Мерген ауылы
Мерген орта жалпы білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Нигметова Маншук Ханзадақызы

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.
Мақсаты:1.Жануарлар әлемімен таныстыру.
Жануарлардың алуан түрлілігімен таныстырып,
тіршілік ортасымен хабардар ету.
2. дүниетанымын, сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін арттыру.
3. табиғатты сүюге, қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу..
Сабақ типі: <<БиС>> технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Технология: <<БиС>> технологиясы, <<Ауызша сабақ -1>> картасы .
Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)
Әдіс - тәсілі: БжС технологиясы,
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.
а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.
Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар
1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады, жазып болған соң сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Егер оқушылар 7 сөзді тез есте сақтап, дәптерлеріне жазып берсе, бұл ТКШ (төменгі көрсеткіш шектігіндегі) тапсырманы орындағаны, келесі сабақта жоғары АКШ (аралық көрсеткіш шектігіндегі) тапсырмаға қарай өту керек, яғни, келесі сабақта 14 сөз беріледі. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтаудың бір түрі. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) матрицаға бірінші баға енгізіледі.
Тірек сөздер: жануарлар, аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар,жабайы жануарлар,үй жануарлары, шөпқоректілер, жыртқыштар, талғаусыз қоректілер.
ІІІ. Карта: . Ойлауды ұйымдастыру.
Мәтінмен жұмыс- 3 минут беріледі.
Балалар мәтінді оқып, одан тірек сөздерді тауып, тақырып бойынша мазмұнын ашуы тиіс. Сонымен бірге балалар мәтінді көңіл қойып оқуға нұсқау алады. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.
Қарама - қарсы сұрақтар:
1. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
2. Аңдарды қандай екі топқа бөлеміз?
3. Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды қалай атаймыз?
4. Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
5. Ақбөкен- қандай жануар?
6. Оның тұмсығы қандай болып келеді?
7. Денесі қандай?
8. Ақбөкендер қайда жайылады?
9. Олар не жейді?
10. Саршұнақ қайда мекендейді?
11. Саршұнақ немен қоректенеді?
12. Саршұнақ егістікке қандай зиян келтіреді?
13. Қандай жануарларды жыртқыштар деп атаймыз?
14. Жыртқыштарға қандай аңдар жатады?
15. Барыс қандай аң?
16. Ол қайда тіршілік етеді?
17. Ол қандай жануарларды аулайды?
18. Қасқырлар аңды қалай аулайды?
19. Қандай жануарларды аулайды?
20. Қыс қатты жылдары олар не істейді?
21. Аю немен қоректенеді?
21. Борсық пен кірпі нелерді қорек етеді?
22. Кірпі нені көрсе қорықпай бас салады?
23. Қабан немен қоректенеді?
24. Талғаусыз қоректілер деп қандай жануарларды атаймыз?
25. Талғаусыз қоректілерге жататын жануарларды ата.
26. Үй жануарларларын ата.
27. Шөпқоректілер дегеніміз не?
28. Барыс қандай жыртқыш?
29. Саршұнақ қандай жерге қоныстанады?
30. Түлкі қандай аңға жатады?
ІҮ. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру.
Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде әдейі қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- <<иә>>, қате болса- <<жоқ>> деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.
Сын тұрғысынан сұрақтар
1. Жануарлар аңдар, құстар, балықтар, жәндіктер, қосмекенділер, жорғалаушылар болып бөлінеді.+
2. Аңдарды үш топқа бөлеміз.-
3. Ағаштың жапырағымен және шөппен қоректенетін жануарларды шөпқоректілер дейміз.+
4. Қасқыр- шөпқоректі жануар.-
5. Ақбөкен-жыртқыш жануар.-
6. Оның тұмсығы етті, кеңсірігі дөңес.+
7. Денесі сымбатты, аяғы жіңішке, әрі мықты+
8. Ақбөкендер тауда тіршілік етеді.-
9. Олар шөппен қоректенеді.+
10. Саршұнақ тауда, далада мекендейді.+
11. Саршұнақ етпен қоректенеді.-
12. Саршұнақ егістікке пайда келтіреді.-
13. Өсімдікпен қоректенетін жануарларды жыртқыштар деп атаймыз.-
14. Жыртқыштарға қасқыр, түлкі, барыс жатады.+
15. Барыс - жабайы , мысық тұқымдас аң.+
16. Ол далада тіршілік етеді.-
17. Ол арқар, таутекелерді аулайды.+
18. Қасқырлар аңды жеке аулайды.-
19.Қасқыр тек ұсақ жануарларды аулайды.-
20. Қыс қатты жылдары олар малға жиі шабады.+
21. Аю жаңғақпен қоректенеді.-
21. Борсық пен кірпі талғаусыз қоректілер тобына жатады.+
22. Кірпі жыланды көрсе қорықпай бас салады.+
23. Қабан - жыртқыш жануар.-
24. Талғаусыз қоректілер өсімдікпен ғана қоректенеді.-
25. Талғаусыз қоректілерге борсық пен кірпі жатады.+
26. Түлкі, барыс, қасқыр-үй жануарларлары.-
27. Шөпқоректілер етпен қоректенеді.-

28. Барыс - ақылды, сымбатты, мықты жыртқыш.+
29. Саршұнақ шөл далаға қоныстанады.-
30. Түлкі - жыртқыш аңға жатады.+

V.Қорыту.Матрица қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады.
VI.Үйге тапсырма беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың әлемінінің алуан түрлілігі
Орта мерзімдік жоспар. 3 сынып, дүниетану
С.мұқанов шыбынсыз жаз
Жануарлар құрылысының күрделенуі
Құстар қалай өсіп-өнеді
Дүниетану пәні бойынша ұзақ мерзімді жоспар. 2 сынып
Тақырып Құстардың алуан түрлілігі
Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата
Жануарлардың көптүрлілігі. Сабақтың тақырыбы
Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары
Пәндер