3-сынып дене тәрбиесі: гимнастикалық қабырғада асылып тартылу және арқанға үш тәсілмен өрмелеу әдістері

3-сынып Дене тәрбиесі Тақырыбы: Гимнастикалық қабырғада асылып тұрып тартылу және теңселу. Арқанға үш тәсілмен өрмелеу Мақсаты: гимнастикалық қабырғада асылу және арқанмен өрмелеу тәсілдерін үйрету, төзімділік, ептілік қабілеттерін дамыту. Өтетін орны . Спорт зал Құралдар . Гимнастикалық қабырға, арқан, төсеніш. Сабақтың барысы:
Гимнастикалық жабдықтарға өрмелеп шығу және асылып түсу иық пен қол бұлщық еттерінің күшін молайтады және олар сенімділікке, төзімділікке батылдыққа тәрбиелейді. Өрмелеп шығу тыныс алу аппаратының және жүрек - тамыр жүйесінің жұмысына жайсыз әсер ететін, көп күш жұмсауға және зорланып әрекет етуге тура келетінін ескере отырып, гимнастикалық жаттығулардың бұл түрін үйренген кезде жүйелілікті есте ұстаған жөн.
Өрмелеп шығу жаттығулары.
- Аралас түрде асылу, яғни аяқ пен қолдың көмегімен асылып тұру.
- Қарапайым түрде асылу, яғни бір қолмен асылып тұру.
- Бір жабдықтан екінші жабдыққа асып түсу.
- Арқанға «байланып тұру», яғни өрмелеп бара жатып тоқтау.
17 мин
1. Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: екі аяқты тік бұрыш жасағанға дейін кезекпен алға көтеру және бір мезгілде көтеру.
2. Аяқты бірінші шабаққа қойып, қолмен кеуде тұсындағы шабақтан ұстап тұрып: қолды шабақтан төмен қарай ауыстыра ұстау арқылы еденге отыру.
3. Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: тізені бүгіп барынша жоғары көтеру, маңдайға тигізуге тырысу.
6. Арқанға өрмелеудің үш тәсілі.
Арқанның ұзындығы 3метрден аспауы керек. (қыз 1, 5-2 м)
Бірінші тәсіл - аяқты бүгіп асылып тұрып, тізені кеудеге жақындата арқанды не табанымен, не аяқтың үстімен немесе тіземен қысып ұстау.
Екінші тәсіл -қолды шынтақ буыннан бүгіп, арқанды аяқпен қысып ұстау арқылы қолмен бірден жоғары тартылу.
Үшінші тәсіл - арқанды аяқпен ұстауды сақтай отырып, екі қолды кезекпен ауыстырып, арқанның жоғарғы жағынан ұстау.
- сапқа тұру
- «Минутка» ойыны
- Бағалау
- Үй тапсырмасы
Гимнастикалық жатттығулар жасау. Кермеге тартылу