Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Бөлшек санның ондық жазылуына есептер шығару

Мамытова Рахима Елемесовна
Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, шығармашылық топтың жетекшісі.
Сабақтың тақырыбы: Бөлшек санның ондық жазылуына есептер шығару
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерді ондық бөлшектер түрінде,ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазуға,өрнектегі ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырып,өрнектің мәнін табу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау және логикалық қабілетін дамыту, өмірмен байланыстыра отырып,баланың қоғамға бейімділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін көтеру,танымдық әрекеттерін жетілдіру,қоғамдағы жаңалықтармен байланыстыра отырып пәнге қызығушылығын арттыру ,оқушыларды ұйымшылдыққа ,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Оқыту формасы: Топтық,жеке дара
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,призинтациялар,оқу құралдары,кеспе қағаздар,слайдттар,бағалау парағы,Елбасының 17 қантар 2014 жылғы халқына жолдауы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу,3 топқа бөлу.
ә)Сабақтың тақырыбы,мақсатымен таныстыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІ.Өтілген сабақты қайталау.
І топ. 1) Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары қалай аталады?
2) Сандарды ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірден кейін қанша ондық таңба жазылады?
ІІ топ. 1) Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан қалай аталады?
2) Сандарды ондық бөлшек түрінде жазғанда үтірдің оң жағына не жазылады?
ІІІ топ. 1) Сандарды ондық бөлшек түрінде жазу үшін не істейміз?
2) Сандарды ондық бөлшек түрінде жазу кезінде егер алымындағы таңбалар аз болса ондық бөлшекті қалай жазамыз?

ІІІ. Топпен жұмыс. Әр топтың ,әр оқушысына осындай деңгейлі тапсырма беріледі.

І топ. 1) Ондық бөлшектерді дұрыс оқып шығыңдар: 8,1; 0,15; 45,256; 11,0625.
2) 5,982 ондық бөлшегіндегі:
1) бірлік 3) жүздік үлесті;
2) ондық үлесті; 4) мыңдық үлесті атаңдар
3) Ондық бөлшек түрінде жазыңдар: 710, 11 100, 24 1000, 3 71410000, 75953100000
ІІ топ. 1) Ондық бөлшектерді дұрыс оқып шығыңдар: 3,5; 12,97; 0,571; 153,6501.
2) 2,624 ондық бөлшегіндегі:
1) бірлік 3) жүздік үлесті;
2) ондық үлесті; 4) мыңдық үлесті атаңдар
3)Ондық бөлшек түрінде жазыңда:810,19100,4281000, 2656810000,76145100000

ІІІ топ. 1) Ондық бөлшектерді дұрыс оқып шығыңдар: 0,5; 96,51; 151,243; 1,2148
2) 7,542 ондық бөлшегіндегі:
1) бірлік; 3) жүздік үлесті;
2) ондық үлесті; 4) мыңдық үлесті атаңдар
3) Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:910, 27100, 151000,216810000, 24713100000

ІV. Кітаппен жұмыс . №908, №909 бірінші және дұрыс шығарған топқа ұпай қосылады.

V. Логикалық сұрақтар .
1) 16 бұрышты көпбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
2) Аспанда 5 үйрек ұшып барады. Біреуін атып түсірсе нешеуі қалады?
3) Бөлмеде бір - біріне қарама - қарсы 20 мысық отыр. Әр мысықтың алдында тағы 19 мысық отыр. Барлығы неше мысық отыр?
4) Отбасында 13 ер бала бар. Әрқайсысының 1 қарындасы бар. Сонда отбасында неше бала бар?
Логикалық сұрақтардың шыққан жауаптардағы сандарды бірінен кейін бірін қойғанда шығатын дата нені білдіреді.
"17.01.2014"
Жауабы: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың <<Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ>> атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы
VІ.Шапшаңдық сайысы. Қазақстан жолы -2050
Ондық бөлшек түрінде жазыңдар:
І топ ІІ топ ІІІ топ
* 20100 1) 50100 1) 30100
2) 1725 2) 120 2) 2050
3) 1+410 3) 9+110 3) 2+710
4) 21020 4) 2 3050 4 ) 2425
5) 20+110 +9100 5)50+310 +7100 5) 30 + 710 +17100

Осы есептегі қолданылған сандарға байланысты 2014 жылы 17 қаңтарда Елбасының халқына жолдауынан қысқаша әр топ баяндап беру керек.

VІ. Математикалық ребус
Есептің шарты: Берілген есептердің жауабын кестеге бір бағанға оның тұсындағы әріпті қойыңдар. Өрнектегі ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдырып, өрнектің мәнін табыңдар.Жауабын ондық бөлшек түрінде жазыңдар.
Ә. 5,5- 413 +3,6 ; Ң. 2 35 +3,5 -1310 ;
Е. 5,25+ 15 -1,5 ; М. 338 -2,25 +0,4 ;
Г. 6 35 -0,2 +2,75 ; Л. 7,5 +2 310 -4,2 ;
І. 7,25 +3 56 -1 23 ; К . 14,6 - 14 +1,05 ;

12140
42330
445
9320
9512
535
9512
1525



31920
535



<<Мәңгілік Ел>>- жалпы ұлттық идея
<<Мәңгілік Елдің>> 7 басты құндыдықтары.
* Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі;
* Біздің қоғамымыздағы ұлттық ,бейбітшілік пен келісім;
* Зайырлы қоғам мен жағары руханиялық;
* Индустрияландыру мен инновациялық негізіндегі экономикалық өсім;
* Жалпы еңбек қоғамы;
* Тарихтың,мәдениет пен тілдің ортақтығы;
* Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы.
<<Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып ,
Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік>> деп Елбасының сөзімен сабақты аяқтаймыз.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма.№909,910,ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып жазуға есептер құрастырып, шағарып келу.

Ұқсас жұмыстар
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Натурал сандарды жазу
Математика әлеміне саяхат . Математикалық ойын сайысы
Теңдеуге есептер шешу
Ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру
Сағат саны
Санау жүйелерін қайталау
Пәндер