4-сынып қазақ тілі: Өткен шақ туралы сабақ жоспары

Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі

Қазақ тілі

4 класс

Тақырыбы: Өткен шақ

Бастауыш сынып мұғалімі: Абуталипова Баян Асанқызы

Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға етістіктің өткен шағын меңгерту. Етістік туралы білім, білік, дағдыларын кеңейту.

Дамытушылық: Сауатты жазу дағдылырын, тіл байлығын және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстар суреті,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылар назарын сабаққа аудару
  2. Психологиялық дайындық

Мұғалім сұрағы: Оқушылар жауабы

  • Әрбір адам? - Досым, сыныптасым
  • Әрбір сабақ? - Үйрену, оқу, іздену
  • Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
  • Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық
  1. Үй жұмысын тексеру.

29-жаттығу. Екеуара жұмыс.

Етістіктің осы шағын қайталау.

ІІ. Ой қозғау

Көңілді санамақ (2-екі)

Баласына ж2ріп,

Ұрысып жатыр к2лік.

«Алып қапсын 2лік,

2ншідей 2ңді,

Көрсетпе»- деп ж2ді.

  • Етістіктерді тап, сұрақ қой.
  • Осы санамақты көркем жаз.

ІІІ. V - нені білемін?

дара күрделі

болымды болымсыз

негізгі туынды

жіктеледі 3 шақта өзгереді

IV. Жаңа сабақ

1. Ынтымақсыз іс бітпес

1-топ: Өтті күндер боранды,

Аязды күн жоғалды.

2-топ: Көктемді ертіп соңына,

Жыл құстары оралды.

3-топ: Қар көлкіді су болып,

Сулар ұшты бу болып.

4-топ :Аязды күн өтті енді,

Шуақты күн жетті енді.

5-топ:Жауқазынмен қаулаған,

Қарсы алдық біз көктемді.

Тапсырма: сөйлемді көшіріп жазу, етістіктерді табу, сұрақ қою.

Етістіктер қашан болған істі білдіріп тұр.

2. Оқулықпен жұмыс

31-жаттығу

Ауызша орындау. Мағлұматты оқу, есте сақтау.

V. Жаңа сабақты бекіту

1. Адасқан буындар ойыны. Өзіндік жұмыс. 32-жаттығу

Мен биле ді Біз биле діңіздер

Сен биле дім Сендер биле ді

Сіз биле дің Сіздер биле дік

Ол биле діңіз Олар биле діңдер

2. Тездет, бірақ қателеспе. Жұппен жұмыс. 34-жаттығу

Аяжан атасының ауылына келді. Жолда оған Ораз кездесті. Ол Аяжанды атасының үйіне дейін апармақ болды. Аяжанның ауыр чемоданын көтеріп алды.

VI. Білімдерін тиянақтау

1. Шығармашылық жұмыс. 33-жаттығу

2. Венн диаграммасы

Өткен шақ Осы шақ

Не істеді? Не істеп жатыр?

Дара ЕТІСТІК Күрделі

Бұрын болған іс- Қазір болып жатқан іс-

Әрекет әрекет

VII. Сабақты қорытындылау

+ - Нені үйрендім?

Бағалау.

Үйге тапсырма:35, 36-жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып қазақ тілі: Келер шақ - ашық сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Етістіктің шақтары (өткен, осы және келер шақ)
Келер шақ тақырыбындағы қазақ тілі сабақ жоспары
Қазақ тілі: мақсатты келер шақ тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Өткен шақ және оның мағыналық түрлері (жедел, бұрынғы, ауыспалы) - сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі пәні: Сөйлем мүшелері туралы сабақ жоспары
Жедел өткен шақ пен сан есімдерді қайталау: сабақ жоспары мен жаттығулар
4-сынып қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: Жолбарыс туралы сабақ жоспары
Бастауыш сыныпта қазақ тілі: Келер шақ - телекөпір форматындағы сабақ жоспары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: 6 «ә» сынып - Past Simple (Өткен шақ) мен ынтымақтастық арқылы меңгерту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz