Ұзындыққа серпілеу мен секіру техникасын дамытуға арналған дене шынықтыру сабағының жоспары

Ақтөбе облысы, Темір ауданы №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта

мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Туремуратова Гульфайруз

Учительница физической культура Туремуратовой Гульфайруз Игорьевна Шубаркудукской средней школы №2 Темирского района Актюбинской области

Секіру

Сабақтың мақсаты:

а) шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.

ә) батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

б) секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.

Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ

Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.

  1. Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет)
  2. Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет)
  3. Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет)
  4. Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет)
  5. Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет)
  6. Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут)
  7. Жай жүріп дем алып, дем шығару

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу. Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.

Секіртпемен орындалатын жаттығулар:

  1. Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
  2. Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут)
  3. Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут

«Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.

«Секіртпемен секіре түс»

«Кім шапшаң» секіріп жетеді?

Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.

«Кім ұзақ секіреді?»

Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.

Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар:

  1. Қос аяқтап секіру
  2. Сыңар аяқтап, алма кезек секіру
  3. Аяқты қайшы қойып секіру
  4. Отырып секіру
  5. Екеулеп қол ұстасып секіру
  6. Көзді шарт жұмып секіру
  7. Теріс айналып тұрып секіру
  8. Қолды қайшы ұстап секіру

Ұқсас жұмыстар
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру: 5-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағының жоспары
Орнынан ұзындыққа секіру техникасын оқытуға арналған сабақ жоспары
6-А сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағының жоспар-конспектісі: орнынан ұзындыққа секіру, секірме жіппен секіру және қолды бүгіп-жазу
І кіші топтағы дене тәрбиесі сабағы: ұзындыққа секіру техникасын оқыту мен ептілікті дамыту
4-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабақ жоспары: Ұзындыққа секіру және қозғалмалы ойындар
Тіреліп секіру бойынша дене шынықтыру сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабақ жоспары: жеңіл атлетика - 30 м-ге жүгіру, кіші допты алысқа лақтыру, орнынан ұзындыққа секіру
Екпін алып ұзындыққа секіру: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары мен өзіндік талдау
Жеңіл атлетика: биіктікке секіру техникасын үйретуге арналған сабақ жоспары
Купиева Айсұлудың №3 орта мектебіндегі дене тәрбиесі пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары: Екі аяқпен орыннан ұзындыққа секіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz