Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
«оқушылырдың сөз қорын дамытуда ойынның әсері»
№32 орта мектеп
БАЯНДАМА
Тақырыбы: <<Оқушылырдың
сөз қорын дамытуда
ойынның әсері>>
Дайындаған: Гарифоллаева А.Г.
Семей қаласы
Оқушылардың сөз қорларын дамытуда ойынның әсері
Тіл- адамдардың бір-бірімен түсінісіп қарым-қатынас жасаудың басты факторы.Сондықтан да шетел тілдерін мектепте сапалы меңгеріп,практикада қолдана білуге үйретудің маңызы зор.Еліміз нарықтық экономикаға көшіп,шет елдермен қарым-қатынас бұрынғыдан да күшейіп отырған бүгінгі күнде шетел тіліне деген көзқарас та ерекше болуы тиіс.
Адамгершілік тәрбиенің аталмыш қасиеттерін бала бойыны дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылатыны белгілі.Сол әдістердің бірі қимыл-қозғалыс ойындар деп қарастырып,сол мәселеге кеңірек тоқталғанды жөн көріп отырмын.Балалардың ақыл-ойын дамытып жетілдіруде ойынның алатын орны ерекше.Күнделікті көргенін,айналадағы дүниені қалай қабылдағанын бала ойын арқылы көрсетеді.Ойын-балалардың өмір тіршілігі, еңбегі, іс-әрекеті.Дарынды педагог Н.К. Крупскаяның сөзімен айтқанда "... балалар үшін ойын-бұл еңбек,олар үшін ойын-бұл оқу,олар үшін ойын тәрбиенің елеулі түрі"Ойынның қай түрін алсақ та,балалардың өсіп-жетілуіне,ойлау қабілетінің дамуына,сойлей білуіне өте зор әсер ететінін көреміз.Ойын олардың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамдарын қалыптастырады, ұжымшылдыққа тәрбиелейді.Бұл қасиеттердің балалардың сіңуі үшін,олардың ойынына басшылық етіп,бағыт беріп отыру керек.
Ойынның көп түрі бар: шығармашылық,сюжетті-рөльді, тұрмыстық, спорттық, қимылды, сөздік ойындар.Аталған ойынның қай түрін алсақ та,балалардың күнделікті тіршілікте елеулі орын алады.Олардың өсіп-жетілуіне,олардың ақыл-ойының дамуына әсер етеді,дүниетанымын арттырады.Сөйлеу қабілетін жетілдіріп ,дүниетанымын молайтуда сөздік ойындардың орны ерекше. Сөздік ойындарды ойнатудың пайдасы зор.Мұндай сөздік ойындар арқылы балалар түр-түсті ажыратып,нәрселерді топтап айта білуге, іс - әрекетті, қимылды білдіретін сөздерді айтуға жаттықтырады.Ойынның бәріне ортақ бір талап қойылады:ол дұрыс сөз тауып ,орынды қолдану,анық айту яғни дыбысталуы.Төменде сөздік ойындардың бірнешеуін ұсынуға болады.
"Аталған дыбыстан басталатын сөз ойла"
Ойынның мақсаты: Оқушылардың фонетикалық есту,жылдам айту қабілетін дамыту.
Мұғалім: - <<А>> дыбысынан басталатын сөз айт?-дейді де кез-келген бір оқушыға доп лақтырады.Допты қағып алған бала "араман"-дейді де, допты келесі балаға лақтырады.Ол: "автобус"-деп келесі балаға допты береді.Ойын жалғасады.
"Сөйлем ойла"
Ойынның мақсаты:Оқушылардың жылдам ойлап, сөйлеу белсенділігін арттыру.
Оқушылар мұғалімнің айналасына дөңгелене отырады.Мұғалім ойын ережесін түсіндіреді:"Мен бір сөз айтып,қасымдағы балаға допты (кубикті,тиынды т.б.)беремін.Ол бала мен айтқан сөзді қосып бір сөйлем құрап айту керек.Мысалы : <<қызыл>>-деймін де допты көршіме беремін.Ол : <<Қызыл гүл терезенің үстінде тұр>>- дейді де, <<терезе>>- деп допты өз көршісіне береді.Ол да <<Мен терезені аштым>>деп ойын әрі қарай жалғасады.Көршіге айтатын сөз құраған сөйлемнен алынуы керек."
"Meн де"
Ойынның мақсаты: Балалардың дұрыс ойлап,аңғарғыштық,ұстамдылық қабілетін дамыту.Мұғалім оқушыларға ойын ережесін түсіндіреді: "Мен сендерге оқиғаны баяндаймын,мәтін оқимын.Әңгіме барысында аздап кідіріс жасаймын.Сол кезде сендер әңгіменің мазмұнына сәйкес "Meн де" деп айтасыңдар.Әңгіменің мазмұнына сәйкес келмесе үндемейсіңдер,ал кімде-кім "Meн де" - деп айиып қалса,оған айып тағылады.
- Жазғы демалыста ауылға атама бардым.
- Мен де.
- Онда көп қойларды көрдім
- Мен де
- Қой-қозылар аңырап,айнала азан-қазан болды....
Бұл жерде кідіріс болғанмен,балалар үндемеуі тиіс,ал "Meн де" деп біреу айтып қалса,ол айып төлейді (Өзінің бір затын береді)"
"Кімге не керек"
Ойынның мақсаты: Заттарды дұрыс атап,орынды қолдана білуге жаттықтыру.Мұғалім: әр мамандық иесінің іс-әрекеті туралы ойналған ойынды еске түсіреді.Енді әр мамандыққа байланысты қандай құрал керек екенін айту керек. Мысалы: "Етікші" десем,сендер етікшіге қандай құралдар қажет екенін айтуға тиіссіңдер /шеге,жіп,біз,ине,балға т.б./ Мұғалім оқушыларға таныс мамандықты айтады:ұшқыш,мұғалім,ас пісіруші,құрылысшы т.б.Бұл ойынды керісінше де ойнауға болады.керекті құралдар мен заттарды атау арқылы,балалар мамандықты анықтайды.Ойын кезінде әрі жылдам, әрі анық жауап беру талап етіледі.Тез және дұрыс жауап берген оқушылыр әрдайым мадақталып отырады.
Сонымен қатар шетел тілін меңгеруде көп қиындықтар кездеседі.Соның бірі - мәтіннің мазмұнын баяндап беру.Соның бірі бұл қиындықты жеңілдетіп,мазмұнын ұзақ уақытқа дейін есте сақтауға мүмкіндік жасау үшін тірек сигналдарын пайдалану өте тиімді.Мәтінді құрастырылған тірек сигналдары 7 кезең бойынша кіргізіледі.
Бірінші кезең-тақырыпты бейнелі эмоционалдық тұрғыда әрә көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндіру.
Екінші кезең - тірек плакаты бойынша оқу материалдарын түсіндіру,әр қилы негізгі ұғымдар символының көмегімен кодталған материалдарды дыбыстандыру құпия кілтін ашу және олардың арасындағы өзара логикалық байланысты анықтау.
Үшінші кезең - тірек сигналдарын оқып үйрену,оқушылар сигналдарды дәптерге көшіріп жазады немесе көшірмемен көбейтілген парағын желімдейді.
Төртінші кезең- үй жағдайларында оқулықпен және тірек сигналдары парағымен жұмыс істеу.
Бесінші кезең- келесі сабақта мұғалімнің сұрақтарына тірек сигналдары бойынша жауап береді.
Алтыншы кезең-осы тірек сигналдарына сүйеніп мазмұнын толық баяндау.
Жетінші кезең-сынақ ретінде мазмұнын ауызша баяндау.Тірек сигналын пайдалана отырып ,оқушылырға шетел тілін үйретудің нәтижелі іс екенін өз тәжірибелеріңізлен көруге болады.Сонымен қатар чайнвордтарды шешуге болады,бұл оқушылардың алған білімдерін бекіту үшін қолданылады,білім дағдыларын практикада қолдана білуін жетілдіреді,оқушылырдың ойлау қабілеттерін арттырады.егер оқушы материалды толвқ меңгерген болса,чайнворды шешу жеңіл және қарапайып болып келеді,қызық әсер қалдырады,ұжымшылдыққа тәрбиелейді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz