Ақыл-ой империясы: Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің тәуелсіздікке арналған бөлімаралық интеллектуалдық сайысы

Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің

құқық және экономика пәнінің оқытушысы Турмаганбетова А. А.

«Ақыл-ой империясы» интеллектуалдық сайысы

ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар замандастар!

Қайырлы күн қадірлі әріптестер! Көрермендер!

Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылғань бөлімаралық студенттер арасындағы сайысқа қош келдіңіздер! Ақыл-ой империясына көршілес империялардың ақылды, зерек, өнерлі, білімді, тапқыр жастары қонаққа келіп отыр. Мақсатымыз - әр тәуелсіздік мерекесіне орай оқушылардың патриоттық рухын көтеру, толеранттыққа тәрбиелеу, Қазақстан туралы білімдерін шыңдау, еліне лайықты азамат ретінде қалыптастыруға үлес қосу.

Дарынды жастардың шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту.

Ақыл ой империясының қорғаны, қамалы - тапқыр ойдан, көреген ақылдан, ұтымды шешімнен тұрады. Сол қамалды өз күштерімен жауламақ ниетпен бүгін біздің патшалыққа Агровет империясынан, Механиктер мен Электриктердің империясынан, Экономика империясынан, Спортшылар мен программистердің империясынан білгірлер мен зеректер өз бақтарын сынамақшы.

Ақыл-ой- адам зиялылығының негізі. Ендеше ақылдар мен саналы ойлар тоғысқан бүгінгі сайыста Ақыл-ой империясының « ҚАЗЫЛАР КЕҢЕСІ » төрелік етпекші.

Әр тур бойынша төрешілер ұпай санын жариялап отырады.

Сайыс бірінен соң бірі турлар бойынша жүргізіліп отырылады.

Сайыскерлер өз империясының намысын мынадай шарттар бойынша қорғауға тырысады:

І тур . Сәлемдесу

Төрешілердің бағалауы (жоғары ұпай -5 балл )

ІІ тур. Қазақстан: «Кеше, бүгін, ертең . . . » ( буклет, стенд немесе слаид түрінде тақырыпқа сәйкес жоба дайындау, 5-10 мин)

Төрешілердің бағалауы (жоғары ұпай саны -5)

«Мен - қазақпын» ( Бейнеклипке дыбыс үйлестіру, 5-10мин) (жоғары ұпай -5 балл)

Біз - толерантты тұлғамыз. ( Республикамызда тұратын өзге ұлттардың мәдениетін насихаттау) (жоғары ұпай -5 балл )

Ғажайып алаң (оқушылардың әлемдегі таңғажайыптар

туралы білімдерін тексеру)

Төрешілердің бағалауы

(әр дұрыс жауапқа 2 балл, жоғары ұпай - 6 балл. )

« Ғажайып алаң» туры бойынша сұрақтар:

  1. Ең жүйрік сүтқоректі?
  2. Ең биік сарқырама?
  3. 20 жыл бойы 2 миллион тас блоктарынан салынған керемет ескерткіш қалай аталады?
  1. Теңіз деңгейінен есептегенде ең биікте орналасқан мұз айдын?
  2. Ең кішкентай құс?
  3. Ең биік тау?

1. Ең үлкен қала?

2. Ең биік жануар?

3. Ең үлкен көл ?

1. Вавилон патшасының сүйіктісінің бабын таппақ оймен жасаған кереметі әлем кереметіне айналды?Әңгіме не жөнінде?

2. Теңіз деңгейімен есептегенде ең биік мұнара болып саналатын телемұнара?

3. Ең жылдам өсетін өсімдік?

923[1].jpg Қазына кілті ( бағыттаушы карта арқылы жасырылған сұрақтарды тауып, жауап беру)

Төреші бағалауы ( карта арқылы қазына тығылған орынды табу - тез тапқан 2 топқа қосымша 1 балл, құлыпты ашу -2 балл, қазынаны иелену - 3 балл)

Қазына кілті :

Картамен жасырылған қазынаны іздеу.

Табылған қазына жасырылған сандықтың кілтін иелену сұрақтары:

Механиктер бөлімі: Саммит дегеніміз не?

Агровет бөлімі: ЕҚЫҰ -на қанша мемлекет кіреді, қай жылдан бастап бұл ұйымның негізі қаланды?

Дене тәрбиесі бөлімі: 2011 жылғы Азиада қайда болады және қандай спорттың түрлерінен сайыстар өтпекші?

Экономика бөлімі: ЕҚЫҰ-нда төрағалық етуші Назарбаевтың басты назарға алып отырған төрт «Т» әрпі нені білдіреді? Дұрыс жауап берілген топ кілтті иеленеді.

Сандық кілтін қолға түсірген соң сандықты ашуға кіріседі:

1 сандық: Өткізгіштің құрамындағы қандай руданың сапасы арқылы Қазақстан алғашқы ондыққа кіреді?

2 сандық: Бытыраны жасауға пайдаланатын шикізаттың қоры жөнінен Қазақстан ТМД елдері ішінде алғашқы орында ?

3 сандық : Жусан мен адыраспан. Әлемге әйгілі сантонин дәрісі.

Осы өсімдіктердің қайсысынан алынады?

4 сандық: Пластмасса неден жасалынады?

Көрермендер сайысы :

  1. Бөлім меңгерушісі ретінде қандай сәттерде өзіңізді «бақытты» сезінесіз?
  2. Егер сіздің сабағыңызда «Менің - атым Қожа» фильміндегі сумкадан бақаның атып шығуы сияқты жағдай орын алса, не істеген болар едіңіз?
  3. « Кешегі студент пен бүгінгі студенттің » айырмашылығы қандай?
  4. Сіз үшін бөлімнің намысын қорғайтын өнерлі студент алғашқы орында ма, әлде білімімен көзге түсетін студенттің орны ерекше ме?

Оқушылар арасындағы көрермендер сайысы:

Экрандағы фрагменттердің толық нұсқасы қалай аталады:

  1. Тәуелсіздік монументі.
  2. Президенттің омырау белгісі.
  3. Азиада логотипі
  4. ЕҚЫҰ -ның Қазақстандағы саммитінің логотипі

Сонымен бүгін империяға жиналған қонақтар мен тамашалауға

келген көрермендерге үлкен алғысымызды білдіре отырып, келесі жүздескенше сәттіліктер тілейміз.


Ұқсас жұмыстар
10-сыныптарға арналған математика мен информатика: ақыл-ой гимнастикасы
Ақыл-ой дамуы тежелген балаларға арналған кеңістікті бағдарлау сабақ жоспары
Жүзден жүйрік ақыл-ой зерделі ойынының сабақ жоспары (2-сынып)
Ой-өріс кеңдігі мен ақыл-парасат: Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары
10-11 сыныптар үшін сыныптан тыс шара: Математика - ақыл-ой гимнастикасы
5-сынып ашық сабағы: Білім - ақыл-ой дариясы және Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Зерде интеллектуалды сайысы: білім, ақыл және отбасылық тәрбие
Ақтөбе медициналық колледжінің Мейірбике ісі және Лабораториялық диагностика бөлімдерінің студент қатарына қабылдау шарасының бағдарламасы (27 қыркүйек, 60 минут)
Информатика алғырлары ақыл-ой ойыны: өткізу жоспары мен сценарийі (Аманкелді жалпы орта мектебі, 2013)
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжінің Білім тарландары интеллектуалдық олимпиадасының өткізілу барысы мен құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz