Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"тәуелсіздік - тірегім" сынып сағаты 7 сынып

Тақырыбы: <<Тәуелсіздік - тірегім>>Мақсаты:Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Отан байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз - Қазақстанды өркендетуге баулу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, елтаңба, әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, Астана суреттері, оқушылар шығармашылығы, желтоқсан құрбандарының суреттері, шырақ, көк жалаушалар, шарлар.1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге қозғау салған тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.Қазағымның әні болған, жыры болған,Жастар үні - он алтыншы желтоқсан.
(Қайғырған музыка журіп түрады)Көрініс слайд
Оқушы бірінші:Дауыс: Естідіңдер ме? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?
Екінші оқушы:Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!
Үшінші оқушы:Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі? Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.
Төртінші оқушы:<<Ербол>>: Демократияны бұғаудан босатыңдар, Әр халыққа өзінің көсемі керек...
Бесінші оқушы:<<Прокурор>>: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқаңдар! Жатақханаларыңа қайтыңдар! Ұят болады! Біз сендерге күш қолданамыз! Үйлеріңе қайтыңдар!
Аян, Ұларбек:<<Әскери адам>>: Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция
<<Құйын>>. Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота за мной! УРА!
Көрініс: <<Қайратты тергеу сәті>>.
2-жүргізуші: Тұрыңдар! Сот келеді.
Тергеуші: Сот процесін бастаймыз!
1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?
1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында
таяғымен түскен суреті бар. Ол - ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?
2-куәгер: Рас -- рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің
қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.
Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп
табамын.
Қайрат: Хақ. о халқым!
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім
бар.
Монолог оқитын Әділхан: Қайрат Рысқұлбековтың <<Ақтық сөзі>> (Слайд музыкамен көрініп тұрады)Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр!Ал енді қазір неткен күні Орыстан ынсап кеткен күн. Тізесі қатты батқан сон, Шыдамастан ақыры, Қарғыс атқан Алаңда Қарғыс атқыр жеткен күн.Қаймана қазақ қамы үшін Қарусыз шықтық Алаңға. Алыстан әскер алдырып, Қырып салды-ау табанда.Екі жүзің қырылып, Екі жүзің ұрылып, Екі жүзің сотталып,Жоқтаусыз кетіп барасың! Қатарым жусап калғанда, Қыршынымнан қиылып, Солармен бірге өлсемші-ай! Артта қалған ата-анам, Арулап қолдан көмсеңші-ай!
<<Ақтық сөзің не?>> деген Бүгін қойды сот сұрақ. Айтайын оны халқыма: Жоқ пиғыл менде жасымақ.Қорлай да беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің намысы Бөтен қолда кетпесін.Бас-аяғы сол болсын Басыңа түсқен қатердің. Ақтық сөзді енді мен Сотқа да бір айтайын:Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар!Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. <<Еркек тоқты -- құрбандық>>, Атам десең, атыңдар.
2-жүргізуші: Намысымның шырағы да - Желтоқсан,Сұрқай өмір сынағы да - Желтоқсан.Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,Жаңа күннің шуағы да - Желтоқсан.1-жүргізуші: Тарихта <<Құйын-86>> мәңгі есте қалады. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерін араларымыздан алып кете барды. (Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Олар өз сөздерін айтып, шырақтарын кезектеп сөндіреді.)Тәжібаев Әділет: 1986 жылы 19 желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика институтының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол - ата-анасының жалғыз баласы еді. <<Құйын-86>> операциясының құрбаны болды.Құсаинова Аружан: Сол бір ызғарлы ерте түскен қыс, тоқырау тажалының табанында аяусыз тапталған ар-намыстың ышқынған даусы құлағымызды әлі шыңылдатып тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де нәзік үнің естіледі.Еліңнің сен намысы үшін,Құрбан еттің жаныңды.Мазақ етіп қорлай алмас,Ешкім сенің арыңды.Бакиянов Диас: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін, өзінің ар-намысына, анасына, балағаттаған қорлығына шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің І курс студенті Сабира жатақхананың 5 этажынан құлап өлді.Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.Айналайын, айналайын жас өркені халқымның,Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.Кушукова Томирис: Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.Қайрат деген атым бар,Қазақ деген затым бар.Еркек тоқты құрбандық,Атам десең, атыңдар.
1-жүргізуші: Бұл 1986 жылы 16-желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, қыршынынан кеткен қазақ жастарының сөнген шырақтары.2-жүргізуші: Елінің еркіндігі, бостандығы үшін күрескен желтоқсан құрбандарының рухына, ерлігіне арнап 1 минут үнсіздік жариялаймыз. /Сынып оқушылары Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске түсіреді/ Сағат дыбысы шығып тұрады.Ән: Желтоқсан желі ызғарлы1-жүргізуші: <<Ар-намысым, қасіретім, қуанышым - желтоқсан>> дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.2-жүргізуші: - Ия, бостандық, теңдік, тәуелсіздікте өз бетімен келген жоқ. Желтоқсан - елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.Есігі ашық, төрі кең,Жылап өттік жытқыр өмір өрінен.Жетер енді, желпінейік, қарайық,Мына өмірге егемендік көзімен.Тақпақ:
Тәуелсіздік - жыр-әнім. Оқитын: АидаТәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,Ел іргесі берік болсын - ұраным.Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну,Салт-дәстүрім - қолдан түспес құралым.Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?Тәуелсіздік, ар-ожданың кісілік,Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным,Тәуелсіздік, сәбилердің шаттығы,Тәуелсіздік, ақ батасы атаның.Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным,Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,Қолда елімді қасиетті Құраным!1-жүргізуші: Тәуелсіздік ұғымы <<қазақ>> деген атауға қан мен жан кіргізді. <<Отан>> деп жүрегімізді қақтырды, <<Елім>> деп елеңдетіп, <<Жерім>> деп желпінтіп аз ғана уақыттың ішінде елімізді шартарапқа танытты.- Диас, сенің алдыңа қойған мақсатың бар ма?2-жүргізуші: - Әрине, бар. Менің алға қойған мақсатым: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.1-жүргізуші: Ал Президентіміздің мемлекет алдына қойған мақсаты қандай екен?2-жүргізуші: <<Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық - біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік>>Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан1-жүргізуші: Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз <<іңгәсі>> бар. Ол - көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны.2-жүргізуші: Олай болса, мемлекетіміздің кешегі және бүгінгі жеткен жетістіктері жайлы Әсел мен Шырынның дайындап келген мәліметтеріне көңіл бөлейік.
Слайд жүріп отырады:1991 жылы 1 желтоқсан. Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республиканың президенті етіп сайлады.
1991 жыл 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды
1992 жылы 4 маусым. Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.
1993 жылы 28 қаңтар. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.
1993 жылы 15 қараша. Ұлттық валюта Теңге енгізілді.
1993 жыл. Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру - (конверсия) жүзеге асырыла басталды.
1995 жылы 30 тамыз. Референдумға ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
1995 жылы 29 желтоқсан. "Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы" Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді.
1997 жылы қазан айы. Президент Н.Ә. Назарбаевтың <<Қазақстан-2030>> стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
1998 жылы 6 мамыр. Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарылып, 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
1999 жылдың шілдесі. Астана қаласы ЮНЕСКО-ның <<Әлем қаласы>> сыйлығымен марапатталды.
2000 жыл. Қазақстан Республикасында мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.
2010 жылы 1 - 2 желтоқсан. ҚР-сы тұңғыш рет ЕҚЫҰ - на төрағалық етті.
2011 жылы 30 қаңтары мен 6-ақпаны аралығы. Алматы мен Астана қалаларында 7-ші Қысқы Азия ойындары өткізілді.Қазақ спортшылары жалпы сынақта - 70 медаль (32 алтын, 21 күміс, 17 қола) еншіледі.
2011 жылғы 3 сәуір. Кезектен тыс сайлауда 95,6 % дауыс жинап, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев болып тағайындалды.
2011 жылдың екінші жартысынан бастап Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) төрағалық етеді.
2-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұрпағымыз. Сондықтын өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық!1-жүргізуші: Ия, Диас, дұрыс айтасың! Өз Отаныңның патриоты болу - бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату. Ол - өз Отаның мен жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет. Ел Президенті өз сөзінде: <<Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық.Қолымызда - тәуелсіздіктің көк туы. Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде бізді ата - бабаларымыздың аруағы желеп - жебеп жүре көрсін!>> деген болатын.- Ендеше, тәуелсіздік мерекесімен құттықтап бізде тілек тілейік. Мен еліме Қазақстанның бүкіл әлем алдында абыройы асқақтап, еліміз көркейе берсін дегім келеді. Сен қандай тілек айтар едің, Диас?2-жүргізуші: Мен еліміздің бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы болсын деп тілегім келеді.1-жүргізуші: Ал, біздің оқушыларымыз туған елімізге қандай тілек тілер екен? Ойларын білу үшін сөздер таратайық, сол сөзді қосып елге тілек арнасын. /ЕЛГЕ ТІЛЕК/ДОСТЫҚ БІРЛІК БІЛІМ ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАН МЕЙРАМ АРМАНАтамекен әні: Слайд жүріп тұрады.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан, мәңгілік жансын бағың!
Қазақ тілі. Ағылшын тілі
Туған жер видеосы
Тәуелсіздік - тұғырым жайлы ақпарат
Тәрбие сағаты жеті жұрттың тілін біл, жіті түрлі ілім біл
Тәуелсіз елім – тірегім
Тәуелсіз елім Қазақстаным!
Тәуелсіз елдің ұланымыз. 2-сынып
Тәуелсіз елім - ұлы өлкем
Қазақ елім
Пәндер