Сабақ жоспары :: Информатика
Файл қосу
Мәтінді пішімдеу 5-сынып
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№13 ОРТА МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫ
Тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу»
Информатика пәні мұғалімі: Сагиндикова Сандугаш
Ақтау қаласы
Ақтау қаласы
«№13 орта мектеп гимназиясы» ММ
Информатика пәні мұғалімі:
Сагиндикова Сандугаш Кадиргалиқызы
Сабақтың тақырыбы: «Мәтінді пішімдеу»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларды Wordpad мәтіндік редакторында мәтінді
пішімдеу әдісімен таныстыру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген
қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
В) Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ұқыптылыққа,
шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Түсіндірмелі -практикалық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, интерактивті тақта, MS
Power Point-та жасалған слайдтар, бағалау парағы, карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. “Келесі” ойыны (сұрақ – жауап).
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
• Практикалық тапсырмалар орындау.
• “Пернелерге саяхат”- жұмбақтың жауабын табу.
• Демалыс сәті.
• «Иә - Жоқ» ойыны.
V. Жаңа сабақты қорыту.
• «Кубизм» әдісі.
VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұрау.
Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе,
келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орынынан тұрып жауап береді. Әрбір
дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді. Сұрақтары:
• Wordpad қандай редактор? (Қарапайым мәтіндік құжаттармен
жұмыс жасауға арналған мәтіндік редактор)
• Wordpad редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата?
Пуск – Все программы – Стандартные – Wordpad
• Wordpad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?
.
• Мына батырмалардың міндеттері:
|Құжатты сақтайды |Құжат құрады |Құжатты ашады |
|Болдырмау |Құжатты баспаға жібереді |Алдын ала қарау |
5. WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін:
• Қаріп және оның өлшемін таңдау
• Мәтінді енгізу және редакциялау
• Мәтінді пішімдеу
• Құжатты сақтау және ашу
• Баспаға шығару
6. Қаріпті және оның өлшемін қалай таңдаймыз?
Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай алфавитпен мәтінді
енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын
өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал
өлшем 12 пт, бұл параметрлерді [pic] және [pic] батырмаларын басып, қажетті
мәнді таңдау арқылы орнатамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни
жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге
мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту
процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы [pic]
[pic] [pic] батырмаларды қолдану.
Мәтінді туралау үшін [pic] [pic] [pic] батырмалары қолданылады.
Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да, енгізілгеннен кейін
де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса,
пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады.
Файл-Макет страницы командасын орындап, парақтың параметрлерін беруге
болады. Мысалы Ориентация тізімінен Альбомдық немесе Кітап опциясын
таңдауға, беттің оң, сол, жоғарғы, төменгі өрістерінің өлшемін беруге
болады.
(Wordpad бағдарламасын ашу арқылы көрсету)
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Практикалық тапсырмалар
№1 тапсырма:
1. Берілген мәтінді тер. Қаріп түрі - Times New Roman, ал өлшемі -
16. Бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші
сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін
астын сыз. Мәтінді сол жақ шеті, оң жақ шеті, орта бойынша турала.
ЖАҢЫЛТПАШ
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш жас ұрпаққа
сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері
ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.
№2 тапсырма:
Пернелерге саяхат
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым.
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым.
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші, достарым! ( Shift + Alt )
2. Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да кіші әріп қайтемін?
Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps Lock )
3. Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? (Пробел)
4. Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + Т )
Демалыс сәті (әуеннің ырғағымен жаттығу жасау)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар:
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты
айналым солға қарай жаса.
№3 тапсырма. “Иә” – “Жоқ” ойыны
1. Компьютерде ақпаратты қағаз басып шығару үшін пернетақта қолданылады.
(ЖОҚ)
2. Ақпарат дегеніміз – қоршаған орта туралы мәлімет. (ИӘ)
3. Wordpad пуск – все программы – стандартные – wordpad командалары
арқылы іске қосылады. (ИӘ)
4. Файл-Создать командалары арқылы құжатты сақтаймыз. (ЖОҚ)
5. Файл-Абзац командалары арқылы мәтінді туралауға болады. (ЖОҚ)
6. Num Lock пернесін басу арқылы сандарды іске қосып ажыратамыз. (ИӘ)
V. Жаңа сабақты қорыту
«Кубизм» әдісі арқылы сабақты қорыту.
1. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
2. Wordpad бағдарламасын қалай іске қосамыз?
3. Wordpad бағдарламасын неге қолданамыз?
4. Тақырып жол қайда орналасқан?
5. Кім? Қанша?
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІ. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма
«Мәтінді пішімдеу» тақырыбын оқу
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz