Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тәуелдік жалғау


<<№12 орта мектеп>> КММ

Грамматикалық тақырыбы:
Тәуелдік жалғау
Лексикалық тақырыбы:
Алматы - әсем қала


Мұғалімі: Жақаева Ш.Ә


Петропавл қаласы 2014ж

Сынып: 5 қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Грамматикалық тақырыбы:
Тәуелдік жалғау
Лексикалық тақырыбы:
Алматы - әсем қала
Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға тәуелдік жалғауы жайлы мағлұмат беру, сөздерде тәуелдік жалғауын ажырата білу
ә) Мәтін арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту
б) Оқушылардың Отанын, елін, жерін сүйуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, біз бүгін Алматы қаласымен тәуелдік жалғауы туралы білімдерімізді тереңдету мақсатында сабағымызды бастаймыз.
Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын игеріп, сұраққа жауап беру арқылы мазмұндау және мәтіндегі сөздерді тәуелдеу.
ІІ. Ой қозғау
* Алматы қаласы туралы не білесіңдер?
* Алматының символы?
* Алматы қаласының табиғаты қандай? Алматы қай таудың баурайында орналасқан?
* Алматыда қандай кешендер бар?
ІІ. Мәтінмен жұмыс
Алматы - әсем қала.
Алматы - Қазақстанның ең ірі , ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан ол - Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы - мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы - әлемде - сирек кездесетін атақты апорт алмасы.
Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан.
Болашақта Алматы ірі қаржы орталығына айналмақ.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
* Алматы қандай қала?
* Алматыда ненің орталығы?
* Қала қайда орналасқан?
* Алматыда қандай кешен бар?
* Алматының символы?
* Болашақта Алматы ненің орталығына айналмақ?
Сөздермен жұмыс
Қаржы - финансы
Шаһар, қала - город
ІІІ. Тәуелдік жалғауы туралы қысқаша түсінік беру.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз.
Жекеше түрі
Соңғы дыбыс (Конечные звук)
Дауысты (Гласные)
Дауыссыз (согласные)
Жақ (лицо)

1.Менің (мой)
-м балам
-м әкем
-ым досым
-ім үйім
2.Сенің (твой)
-ң балаң
-ң әкең
-ың досың
-ің үйің
Сіздің(Ваш,Ваше,Ваши)
-ңыз
балаңыз
-ңіз әкеңіз
-ыңыз досыңыз
-іңіз үйіңіз
3.Оның (его, ее)
-сы баласы
- сі әкесі
-ы досы
-і үйі
Буын (слог)
Жуан
(твердый)
Жіңішке
(мягкий)
Жуан
(твердый)
Жіңішке
(мягкий)

Көпше түрі
Соңғы дыбыс (Конечные звук)
Дауысты (Гласные)
Дауыссыз (согласные)
Жақ (лицо)

1.Біз(дер)дің
(наш, наши)
бала-лар-ымыз
әке-лер-іміз
дос-ымыз
Үй-іміз
2.Сендердің
(Ваш, Ваши)

Сіздердің
(Ваш,Ваше,Ваши)
бала-лар-ың

бала-лар-ыңыз
әке-лер-ің

әке-лер-іңіз
жыл-дар-ың
тау-лар-ың
дос-тар-ың

жыл-дар-ыңыз
тау-лар-ыңыз
дос-тар-ыңыз
көз-дер-ің
үй-лер-ің
тіс-тер-ің

көз-дер-іңіз
үй-лер-іңіз
тіс-тер-іңіз
3. Олардың (их)
бала-лар-ы
-ңіз әкеңіз
дос-тар-ы
жыл-дар-ы
тау-лар-ы
үй-лер-і
көз-дер-і
тіс-тер-і
Буын (слог)
Жуан
(твердый)
Жіңішке
(мягкий)
Жуан
(твердый)
Жіңішке
(мягкий)

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі сөздерді тәуелдеу.
Алматы, қала
Сергіту сәті: Алақанды ұрайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып.
Біз дем алайық.
Ү. Топтық жұмыс.
Топты төртке бөліп тапсырмамен таныстыру.
І топ. Алматы қаласының табиғатын бейнелеу.
ІІ топ. Қазақстан, Алатау, Медеу сөздерін тәуелдеу.
ІІІ топ. Бес жолды өлең жазу.
ІҮ топ. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.
Әдемі қала, ірі шаһар, өнер орталығы, баурайында орналасқан.

ІҮ. <<Кім көп біледі?>> ойыны
Тест сұрақтарына жауап алу
* Тәуелдік жалғау нені білдіреді?
а) заттың көп екенін
ә) заттың біреуге тән екенін
б) жіктелуін
1. Тәуелдік жалғауларды белгіле:
а) - ның, -нің, -дың, -та, -те, -ба
ә) - м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і
б) - лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
Үйге тапсырма: 1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.
* Мәдениет, шаһар сөздерін тәуелдеу, осы сөздерден сөйлем құрау.
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Қоштасу.



<<№12 орта мектеп>> КММ







Отбасы дастарханы.
Мұғалімі: Жақаева Ш.Ә













Петропавл қаласы 2014ж.

Сынып: 8 өтетін күні:
Сабақтың тақырыбы: Отбасы дастарханы.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: үстел басында өзін-өзі ұстау туралы білім беру,сабақтас сөйлемдерді қайталау.
Ә) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын толықтыру, нақты жауап беруге, алған білімдерін қолдана білуге баулу.
Б) тәрбиелік: оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім меңгерту
Көрнекілігі: тапсырмалар,кесте
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану,әдеп
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,тапсырмалар орындау,өздігінен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, сөздікпен, мәтінмен, жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
* Оқушылармен амандасып, кезекшімен сұхбаттасу, т/д сұрақтары.
* Сабаққа деген дайындықтарын тексеру
2.Үй жұмысын тексеру:
***қонақ күту тақырыбына әңгіме құру
3. Білімдерін жан-жақты тексеру:сөздік қорларын анықтау <<Приятного аппетита!>>,гостеприимство, национальные блюдо, продукты, щедрый, был наследием представитель, угощая, поколение, простодушный, широкая натура, ** диалог құру (мәтін бойынша)
4.Білімді меңгерту: жаңа сөздермен жұмыс, кезекпен оқып аудару.
Дастархан, қонақтар, ас үй, табақ, қасық, әдеті бойынша, алыспен жақын, туыстар, қонақжайлылық, ұлттық тағамдар, дарқан.
Мәтінмен жұмыс:таныс сөздерді тауып аудару, мәтінді кезекпен оқып аудару.
Кешке отбасы мүшелері жиналды. Дүкенге барып азық-түлік сатып әкелеміз.
Анам ас үйде тамақ дайындайды, мен дастарқан жасаймын.Үстелге қасық, шанышқы, табақты қоямын. Біз дастарқан басына отырамыз. Бәріміз бірге тамақтанамыз. Әдет бойынша алдымен асты үлкендер бастайды.Анамның қызыл қою шайы құйылып, тамақтану кезінде жақсы оқиғаларды айтамыз. Мереке күндеріне туыстарды, алыс-жақынды қонаққа шақырамыз. Дастарқанға ұлттық тағамдарды жасаймыз,біздің отбасымыз қонақжай.
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
5.Білімдерін бекіту:конспект жазу,сұрақтар құру
6.Білімдерін қорыту
*Мәтіннің мазмұнын айту айту,сөздерді қайталау
7.Үйге тапсырма: ережені,сөздерді қайталау,мәтінді мазмұндау.
Бағалау.Қоштасу

<<№12 орта мектеп>> КММ


Кішіге қамқормын


Мұғалімі: Жақаева Ш.Ә


Петропавл қаласы 2014ж.

Сынып: 8 а,б өтетін күні:31.01.11.
Сабақтың тақырыбы: Кішіге қамқормын
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: отбасы қарым-қатынастары жайлы білім беру, қазақ тілі саласынан сабақтас құрмалас сөйлем туралы білімдерін қалыптастыру;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын пайдаланып, тиянақты нақты жауап беруге, өз ойын толық жеткізе білуге, алған білімдерін қолдануға баулу.
Б)тәрбиелік: оқушыларды өз туыстарын, жақындарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа білім меңгерту сабағы
Көрнекілігі:тапсырмалар,кесте,мәтін
Пәнаралық байланыс:психология, әдеп
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыс,әңгімелесу,тапсырмалар орындау,өздігінен жұмыс істеу,сұрақ-жауап,сөздікпен жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
*Сабаққа деген дайындықтарын тексеру.
*Оқушылармен амандасып түгендеу,кезекшімен сұхбаттасу
2.Үй жұмысын тексеру: <<Мен көмекшімін>>-әңгімелеу
Сөздік қорларын тексеру (мәтіндерге байланысты)
3.Білімдерін жан-жақты тексеру: Ережені еске түсіру (салалас құрмалас сөйлем),мысалдар келтіру
4.Жаңа білімді меңгертуге дайындау.Сабақтың тақырыбын,мақсатын,барысын түсіндіру:
** Мәтіннің ішінен сөз тіркестерді,таныс сөздерді аудару
* Жаңа сөздерді көшіріп жазу,аудару бұрышта,жылап тұрған,шалшық су,күлімсіреп қарады, дәл ортасында,жүгіре жөнелді,жадымда,ренжітпей
* Мәтінді кезектеп оқып,аудару
Сұрақтар құрастырып,диалог құру(мәтін бойынша)
Кішіге қамқормын
Мектептен үйге келе жатып, бұрышта жылап тұрған кішкентай қызды көрдім.Не болғанын сұрап едім,қыз үндемеді,жылап тұра берді.Тек көзімен шалшық су жақты нұсқады.Көрсеткен жағына қарасам,шалшық судың дәл ортасында қызыл ала доп жатыр.Кішкентай қыздың жылау себебін енді түсіндім.
Мен судағы допты алып,қызға бердім.Ол көз жасын сүртіп, маған күлімсіреп қарады да,жүгіре жөнелді.
<<Өзіңнен кішіні ренжітпей, қамқор болып>> деген әкімнің сөздерін үнемі жадымда ұстаймын.
5.Білімді меңгерту
* тапсырма:мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдер құру
** тапсырманы орындау: түбірлес сөздерді теріп жазу,құрамын анықтау
*** мәтіннің ішінен етістіктерді теріп жазу,дара күрделі екенін анықтау
Сабақтас құрмалас сөйлем-ережені түсіндіру,жаздырту
6.Білімдерін бекіту
Жұппен жұмыс:
1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді тап.
2. Құрамындағы жай сөйлемдер санын ата.
7.Білімдерін қорыту
* Қамқор адам қандай болу керек?-пікірлесу
** мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
Нені білдік?
- Сөздер мен сөз тіркестерді аудару
- Сабақтас құрмалас сөйлем туралы не білдік?
8.Үйге тапсырма:Сөздерді жаттау,ережені жаттау
Бағалау.Қоштасу.


Ұқсас жұмыстар
Нұргүл оқушы қала
Топ Көптік жалғау
Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
Менің алғашқы ұстазым. Тәуелдік жалғау
Сөз ілік септік жалғауы сөз тәуелдік жалғау
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Қазақ тілінен орта мерзімді сабақ жоспары 10 сынып
Тәуелдік жалғауларының жекеше түрін тексеру
Тәуелдік жалғау және үндестік заңы тақырыптарын қайталау
Сабақтың максаттары. Сабақтың барысы
Пәндер