Әдептілік пен әдемілік: бастауыш сыныптарға арналған тәрбие сабағы

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы білім беру, білімдерін жетілдіру .
Ой-өрістерін дамыту, сөздік қорын байыту.
Әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Әңгімелеу.
Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Халық әдебі «Сіз» деген сөзден басталады. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер жатады. Мысалы:жаным, күнім, айым, алтыным, ботам, құлыным,
апатайым, көке, әпке, апа, аташым, ағатайым т. б. Көрген жақсылық үшін «рахмет» айту да әдептілік . Кіші адамның үлкен адамға тіл алғыштығы-әдептілік.
3. Мақал-мәтелдер айту, мағынасын ашу.
1. Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
2. Әдептілік белгісі -иіліп сәлем бергені.
3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
4. Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы.
5. Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең.
4. « Ізетті бала» өлеңін оқу.
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек
-Ағай, ғапу етіңіз !
Алға қарай өтіңіз!
-Оқасы жоқ ұланым,
Ізетіңмен ұнадың !
Деп ағай да, Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.
5. Бекіту. -Әдепті бала деп қандай баланы айтамыз?
-Әдепсіз деп ше?
6. Ән « Мен әдепті баламын»
7. Қорытындылау.