7-сыныпқа арналған Ғабит Мүсіреповтің Ананың анасы әңгімесін талдау сабағы

Күні: 13. 02. 2014ж Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты: а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;
Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге ойын анық еркін айта білуге үйрету;
Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.
Зымыран сұрақтар:
1. Ғабит Мүсірепов кім?
2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?
3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
4. Әйтілес кім?
5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?
7. Бала би Жалпақ батырға не деді?
8. Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?
9. Сауға деген не?
10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?
ІІІ. Жаңа сабақ: Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.
Шығарманың құрылысы:
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.
Мәтінмен жұмыс:
- Портрет дегеніміз не?
- Ананың портретін тауып оқы
- Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру
- Диалог дегеніміз не?
- Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу
Әңгімедегі теңеу, эпитет, дисфемизм, көнерген сөздерді табу.
Әңгімедегі теңеуді табу.
Тұрақты тіркесті табу.
Әңгімеден эпитетті табу.
Географиялық атауларды ата.
Дисфемизм, көнерген сөздерді табу.
Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.
Венн диаграммасы
Аңыздағы ана Ұқсастығы Бүгінгі ана
«Әдебиет үйірмесі»
Ана - жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана - батыр, ана - әнші, ана - дәрігер, ана-депутат, ана - мұғалім, ғалым, ел басқарушы.
Жүректен - жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.
Үйге тапсырма: «Ана - бәйтерек, ана- аққу, ана - жүрек» тақырыбына шығарма жазу.