Шыбын мен Көбелек: жәндіктерді зерттеу және тілдік-шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шыбын мен Көбелек

Сабақтың мақсаты мен міндеті :1. Балалардың шыбын мен көбелек жайлы білімдерін жинақтау. 2. Өз бетінше жаңа ақпаратты алуды қалыптастыру, тілін, шығармшылық ойлауын дамыту, оқылып жатқан мәліметке сұрақ қоя білу шеберлігін шыңдау. 3. Өзгелердің пікірін тыңдай білуге, әңгімелесу мәдениетіне, өз жұмысына рефлексия жасай білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, "Ассоциация" әдісі, "Венн диаграммасы" әдісі.

Көрнекі құралдар: слайд, ватман, маркер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. I. Қызығушылықты ояту . Мен неге қуандым? Ойынын ойнау. 1. Өткен тақырып бойынша сұраққа жауап алу. 2. Оқушылардың үйден салған суреттеріне баға беру. 3. Кейіпкердің өзімен-өзі сөйлесуін не дейміз?

Балалар, бұл шығарманың қай түріне жатады?

-Мысал. Мысал деген не?

Ендеше, бүгін де тағы бір мысалмен танысымыз, ол "Шыбын мен көбелек" авторы Сейіткұл Оспанов.

Автор туралы оқушыларға қысқаша мағұлмат беру.

-Балалар шыбын мен көбелек туралы біз не білеміз?

-Олар жануарларға жатады. Олар нәзік болғандықтан "Жәндіктер" деп атайды. Олар бунақденелілерге жатады. Өте дұрыс. Олай болса біз бірнеше бунақденелілерден тұратын топ құрып аламыз.

Трениг: "Молекулалар", "Атомдар" 1, 2, 3, 4, 5

1- шыбындар, 2-масалар, 3-аралар, 4-көбелектер,

5-инеліктер.

Мысылды рөлге бөліп оқу.

Сөздік жұмыс. Топтар бір-біріне сұрақ қояды жауап береді

Сергіту сәті

1-шыбындар тобы "Ассоциация" әдісі бойынша әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау

2-масалар тобы "Венн" диаграммасы әдісі ерекшеліктері мен ұқсастықтарын қиылысқан шеңберге жазу (жеке, жұпта)

3-аралар тобы Сатылай кешенді талдау.

4-топ Көбелектер Шыбын мен көбелекке эссе жазады.

5-топ. Инеліктер Шығармашылық тапсырма 5 жол өлең құрастыру

1. Зат есім ( кім? не?) 1 сөз

2. Сын есім (қандай? қай?) 2 сөз

3. Етістік (не істеді? ) 3 сөз

4. Сөйлем -4 сөз

5. Зат есім синонимі 1 сөз.

Әр топ салыстыру нәтижесінде презентация жасайды.

Қорытынды сабақ. -Бүгін бізге сабақ ұнады ма?

-Шыбын мен көбелек туралы не білдік?

-Қайсысы бізге зиян келтіреді?

-Қалай сақтану керек деп ойлойсың?

-Бұл шығарманың қай түріне жатады?

Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма оқып, сахналау

І


Ұқсас жұмыстар
Музыка, өнер және әдебиет: оқылым стратегиялары мен тілдік дағдыларды дамытуға арналған қазақ тілі сабағы
Семей қаласы: тарихи-мәдени ақпарат пен тілдік дағдыларды дамытуға арналған сабақ
Балабақшаға арналған сабақ жоспары: Бөлме гүлдері мен олардың күтімі (тілдік және шығармашылық дағдыларды дамыту)
Ертегі арқылы балабақшада тілдік, әлеуметтік және шығармашылық дағдыларды дамыту
Бастауыш сыныпта оқу-тәрбиелік үрдісте ойын әдістерінің ойлау мен тілдік дағдыларды дамытуға әсері
Бастауыш сыныпқа арналған Қуырмаш ойыны арқылы тілдік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларды дамыту
Ө. Тұрманжановтың Жыртық кітап жылады өлеңі: кітапқа құрмет пен шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған сабақ
Көңілді көктем: әлеуметтік-танымдық, математикалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған оқу іс-әрекеті
Алтын балта ертегісі: халық ауыз әдебиеті, мәтінді талдау және тілдік-шығармашылық дағдыларды дамыту сабағы
Бала сезімінің қыры мен сыры: эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған тренинг-сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz