«microsoft word мәтіндік редакторы»

- Білімділік. Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
- Дамытушылық. Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
- Тәрбиелік. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
- Саламатсыз ба балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қалай?
- жақсы.
- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі-саяхат сабағы ретінде алғалы отырмыз.
Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып-білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Microsoft Word -ты іске қосу әрекеті?
Пуск - Программы - Microsoft - Microsoft Word командалары арқылы іске қосамыз.
2. Алғашқы төрт жолақты ата.
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты панельдер жолы, пішімдеу панельі жолы.
3. Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата.
Жималау, жаймалау, жабу.
4. Қалай сақталады?
Файл - сохранить как командасын таңдау арқылы сақталады.
Осындай әрекеттер мен батырмаларды Microsoft барлық балаларына еншілеп береді екен. Себебі барлық Microsoft бағдарламаларында осы әрекеттер мен батырмалар орындалады.
Енді біз Word -қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына Word терезесінің элементтерін атап өтейік:
- Тақырып жолы
- Меню жолы
- Стандартты панель
- Пішімдеу панелі
- Сызғыш
- Айналдыру жолақтары
- Жұмыс аймағы
- Қалып-күй қатары
Сонымен Word жолға шығып, 1-ші аялдамаға келіп тоқтайды. Ондағы тапсырма мынадай.
- Аялдама. Орнын тап.












2. Аялдама. Қызметін жаз.











3. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.
4. Аялдама. Мәтінмен жұмыс
1) . Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін - Times New Roman, қаріп өлшемін - 16, орта бойынша туралау.
2) . Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3) . Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.
5. Аялдама. Кесте құру.
Кесте құрып, оны үлгі бойынша толтыр.
6. Аялдама. Безендіру жұмыстары
1) . Мәтінге сурет кірістіріп, оны қалауынша орналастыру.
2) . WordArt-та ұнатқан безендіруді таңдап, Менің Қазақстаным деп өзгертіп, мәтіннің үстіңгі жағына орналастыру.
Міне сонымен Word әр аялдамаға тоқтап өзінің білетіндерін көрсеткен екен.
ІІІ. Қорытындылау.
Word-та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Word туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.
Ү. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.
Тақырып жолы
Меню жолы
Стандартты панель
Пішімдеу панелі
Сызғыш
Айналдыру жолақтары
Жұмыс аймағы
Қалып-күй жолы
№48 орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Microsoft Word мәтіндік редакторы»
Саяхат сабағы
Өткізген: Мухиядинова С. М.
8а класы
2009-2010 оқу жылы
3. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
My native land is Kazakhstan. The land of Kazakhstan is large. Kazakhstan is the largest country in the world. In Kazakhstan there are 100 nations and nationalities. Kazakhstan is situated in the continent of Eurasia.
3. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz