Ғажайып математика. математикалық сайыс. 5 сынып

«Ғажайып математика» сайысы

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, мынау ойынға жиналған қауым! Бүгінгі сайысымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Бүгінгі күн ерекше күн болмақ. Себебі, қаһарлы қыстың соңғы айының осынау алғашқы күндерінде бастауышпен кеше ғана қош айтысып, орта буынға енді қосылған 5 сынып оқушыларының білімі сынға түспек.

1-жүргізуші: Біздің мақсатымыз:

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту, іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру.

2-жүргізуші: Ендеше, «Ғажайып математика» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші:

Өрендерді сайысқа шақырамыз,

Сұрақтармен бастарын қатырамыз

Сүріндіріп аламыз, ұғындырып,

Ғылымның уыз дәмін татырамыз.

2-жүргізуші:

Сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. (Музыка қойылады) .

1-жүргізуші:

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалаған жүгі бар

Біреуінің қатты істейтін миы бар

Бәрінің бір жеңістен үміті бар.

2-жүргізуші:

Топ басшыларын жеребе тартуға шақырамыз. Топтардың өнер көрсету кезегін анықтайық (топ басшылары жеребе тартады) .

1-жүргізуші:

Шын жүйріктер шабыста танылады,

Нақты білім, терең ой қолда бары.

Бәріне баға берер, қол соғайық

Сіздерге құрметпенен, әділқазы!

2-жүргізуші:

Сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-ұстаздарымыз- әділқазылар алқасымен таныс болайық!

1-жүргізуші:

1.

2.

3.

(Проектормен бүгінгі сайыстың жоспары таныстырылады) .

2-жүргізуші:

Ал енді, бүгінгі сайысымыздың кезеңдеріне тоқталып өтейік:

1-жүргізуші:

  1. Танысу сәті (аты, ұраны, эмблемасы) ;
  2. Үй тапсырмасы (қарсылас топтарға сөзжұмбақ жасыру) ;
  3. «Кім мықты?»;
  4. Т оп басшылар сайысы;
  5. Қорытынды.

2-жүргізуші:

Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

1-жүргізуші:

Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында -дей отырып, кезекті амандасу рәсімі және топтың аты мен эмблемасын қорғауға береміз.

1-жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз берейік. Топтарымыздың танысу рәсіміне қандай баға берер екен?

2-жүргізуші:

Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды.
Айыра біл соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп, ендігі кезекті «Үй тапсырмасына» береміз. Әр топ өздерінің дайындап келген сөзжұмбақтарын қарсылас топтарға ұсынады.

1-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

1-жүргізуші:

Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама, құлама!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт.

2- жүргізуші :Сайысымыздың үшінші кезеңіне өтеміз.

Ол «Кім мықты?» деп аталады.

1-жүргізуші Жеті жұмбақ » бөлімі. Әр топ бір жұмбақтың шешімін айтады. Шешімін таба алмаған топ кезекті бірінші қол көтерген топқа береді.

(Слайд арқылы жұмбақтар көрсетіледі. )

Үлкені бөліп нәрсені,

Кішісі алады үлесін.

Айырылмай бірге жүрген соң,

Екеуіне қойылған бір есім.

Бөлетін, алатын екеудің

Есімін сен де білесің.

Алдыңнан шығып күн сайын

Жиі кездесіп жүресің. (Бөлшек. Дұрыс бөлшек. )

Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.

Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.

Сенімен бірге жүрем деп.

Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,

Тоңқылдақ жүр күңкілдеп. (Цифрлар. )

Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзеп тұрады. (Өшіргіш. )

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі. (Қарындаш. )

Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ,

Сызылған тақталап. (Дәптер. )

Апалы-сіңлілі келеді,

Біріне-бірі ереді. (Екі аяқ. )

Төрт аяғы болғанымен

Жүре алмайды өзінше. (Үстел. )

Бір атқанда он алдым,

Он атқанда мың алдым. (Тұқым. )

2-жүргізуші:

Ойланайық азырақ,

Уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки,

Жалғасын мен білем деп, -дей келе, кезекті « Ойымды жалғастыр. . . » атты бөлімге берсек.

1-жүргізуші:

Мақал-мәтел қазағымның мұрасы,

Мақал білген қазағымның баласы.

Мақал айтып жарысады жеті топ,

Қай топ мақал-мәтелді,

Біледі екен өте көп?

Мақалдың жалғасын таба алмаған топ кезекті бірінші қол көтерген топқа береді. (Әр топқа слайд арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табу ұсынылады) .

І топ.

Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) .

Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішер) .

ІІ топ.

Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл) .

Арсызға(алты) күн мейрам.

ІІІ топ.

Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) .

Бірдің кесірі (мыңға тиер) .

ІV топ.

Өтіріктің құйрығы (бір-ақ тұтам) .

Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ) .

V топ.

Ер егіз, (еңбек жалғыз) .

Дос егіз, (дұшпан сегіз) .

VІ топ.

Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге жайылар) .

Алпы қарсақ (ат) болмас.

VІ І топ.

Бір күн дәм татқанға, (қырық күн сәлем бер) .

Ердің құны (жүз жылқы) .

2-жүргізуші:

Енді болса, « Жаңылтпаштан жаңылма . . . . . . » бөліміне өтеміз .

Әр топқа бір жаңылтпаш ұсынылады.

І топ.

Үшып кетті үш құс,

Ұшып келді үш құс.

Қырық үш қызғыш құсқа

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады ?

ІІ топ.

Қырық қырықтық,

Сырық қырықтық.

Төрт төртім бар,

Төрт тортым бар.

Төртім маған,

Тортым саған.

ІІІ топ.

Қырық құрқылтай

Бір құрдан үркіп ұшты.

Қырық құр

Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.

Қырық құр қорқақ па?

Қырық құрқылтай қорқақ па?

ІV топ.

Арқада алты арқар бар,

Қырда қырық арқар бар.

Бір қарт арқар бар,

Алты арқарға қырық арқарды,

Қырық арқарға қарт арқарды

Қосса, қанша арқар бар?

V топ.

Сегіз көк өгізіміз де

Өз өгізіміз.

Семіз көк өгізіміз де

Өз өгізіміз.

Егіз көк өгізіміз де

Өз өгізіміз.

Өзге көп өгізіміз де

Өз өгізіміз.

VІ топ.

Үш кісі ішік пішті,

Бес кіші ішік пішті,

Неше кісі ішік пішті?

Неше кіші ішік пішті?

VІ І топ.

Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

1-жүргізуші:

Кезекті «Кім мықты?» кезеңінің соңғы бөлімі «Логикалық есептерге» берейік. Бұл бөлімде логикалық есептер ұсынылады, сөз бірінші қол көтерген топқа беріледі(Слайд арқылы логикалық есептер көрсетіледі) .

№1. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса, 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен? (ата, әке, немере) .

№2. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? (6 лақ)

№3. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:

«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? (үш қыз, үш ұлы) .

№4. Таяқшалардан 6 үшбұрыш құрастырылған. 4 таяқшаны алып тастап, осындай 3 үшбұрыш қалдыр.

№5. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар? (12) .

№6. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді?

№7. Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап? (130)


Ұқсас жұмыстар
сайыс сабақ. ойындар
Математикалық сандық ойыны жайлы ақпарат
Математикалық сайыстың барысы
Тапқырлар тобы
Қызықты математика (сайыс сабақ). 4-сынып
Инфомашка информатикадан викторина
Математикалық терминдер сайысы
ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ сайыс-сабақ
Санды өрнек
Математика көшбасшысы. 3 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz