4-сынып математикасы: Көлемді өлшеу - тік бұрышты параллелепипедтің көлемі және куб сантиметр

І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп

Пәні: Математика

Тақырыбы: Көлемді өлшеу.

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі.

Куб сантиметр.

4-сынып

Мұғалімі: Қарасаева Венера Нағметуллақызы

Шалқар қаласы

2010жыл

Сабақтың тақырыбы: Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр.

Сабақтың мақсаты: 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру.

Көлемнің өлшем бірлігі жайлы жан-жақты меңгертіп, оқушының ой-өрісін, ауызша есептеу дағдыларын арттыру; көлемді таба білуге төселдіру.

2. Өз бетінше ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілетін арттыру.

3. Шапшаңдыққа, топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.

Сабақтың көрнекілігі: Тік бұрышты параллелепипедтер, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Сабақтың барысы:

І Бағдарлау - мотивациялық кезең (10минут)

Психологиялық дайындық, оқушылар назарын сабаққа аудару.

- Оқушылар, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.

- Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп бүгінгі сайыс сабақта белсенділік көрсетейік.

(сыныпты 2 топқа бөлу) Геометриялық фигуралар таратып отыру

1. Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. (№9 105 бет)

а) 4910645:5-81208:8=88178 б) 94068:9*5-1990=50270

ә) 72102:6+61074:9= 18803 в) 93102:6*7+87061= 195680

2. «Күш - білімде» дегендей 2 топ сұрақтарға жауап береді.

1-топқа 2-топқа

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (20 минут)

3. «Есептер әлемінде» Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің түсіндірмесі)

№1 106 бет Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің өлшемдері 5дм, 2дм

және 1дм V - ?

V= 5*2*1=10(дм 3 ) 5дм = 50см

2дм = 20см

1дм = 10см

V= 50 * 20 * 10 = 1(см 3 )

4. «Кім зерек?» сайысы бойынша 2 топ түсінгендері бойынша есеп шығарады.

1-топ: №2 106 бет 2-топ: №3 106 бет

V= 5*3*2 = 30(дм 3 ) V= 9*4*6 = 216(м 3 )

5. «Сәл, дамылдайық» (музыка ырғағымен)

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

6. «Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. №4 106 бет ауызша

Жәшіктің ұзындығы
6дм
6дм
5дм
4дм
6дм
Жәшіктің ұзындығы: Жәшіктің ені
6дм: 2дм
6дм: 3дм
5дм: 4дм
4дм: 3дм
6дм: 4дм
Жәшіктің ұзындығы: Жәшіктің биіктігі
6дм: 1дм
6дм: 1дм
5дм: 2дм
4дм: 2дм
6дм: 3дм
Жәшіктің ұзындығы: Жәшіктің көлемі
6дм:
6дм:
5дм:
4дм:
6дм:

7. Сурет бойынша есеп құрастыру (әр топтан бірінші кім шығарады?)

Тігінші - 1 сағатта - 5 қалпақ

Шәкірті - 1 сағатта - 3 қалпақ 7 сағатта ? қалпақ

1-тәсіл: 5*7 = 35 (қ)

3*7 = 21 (қ)

35 + 21 = 56(қ)

2-тәсілін кім бірінші шығарып болды?

(5+3) * 7=56 (қ)

Жауабы: олар 7 сағаттық жұмыс күнінде барлығы 56 қалпақ тігеді.

8. Сызба бойынша есеп шығар. (кім бірінші өз бетімен шығарады?)

В. 19км/сағ 5 сағат М. ?км/сағ

380км

19*5 = 95(км)

380 - 95 = 285 (км)

285 : 5 = 57 (км/сағ)

57 : 19 = 3 (есе жылдам)

Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 3 есе жылдам жүрген.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезең (10 минут)

9. «Шапшаң есепте»

1-топ: 2*1380 = 2760 2-топ: 1380 - 5 = 1375

5+1380 = 1385 1340 : 4 = 335

12008 : 8 = 1501 14096 : 8 = 1762

10. «Ойлан, тап» шығармашылық тапсырма

С

- Үшбұрыштарды белгіленуі бойынша ата

- Бір кесінді жүргізгенде қандай фигура шығады?

В

Д

А

Е

11. «Мен бүгін не үйрендім?» Рефлексиялық жаттығу.

Оқушылар сабақтан алған әсерін, жетістігін, кемшілігін жазады.

Менің жетістіктерім Менің кемшіліктерім

Бағалау, жеңімпаз топты анықтау. (геометриялық фигураларды санау)

Жа - рай - сың - дар!

12. Үйге тапсырма. (5 минут)

1. №9 106 бет 2, 3, 4 бағаны

2. №7 теңдеулерді шешу тәсілдерін салыстыру 106 бет

3. Қожанасырдың өтірік жасын табу. 107 бет


Ұқсас жұмыстар
4-сынып математика: тік бұрышты параллелепипед пен текшенің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері
Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері
3-сынып математика сабақ жоспары: Фигураның ауданы және ауданды өлшеу (квадрат сантиметр)
Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары
Тік бұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілері және оларды есептерде қолдану
4-сынып математикасы: Шамалар мен оларды өлшеу - уақыт, ұзындық және масса бірліктері
Тік бұрышты координаталық жүйеге нүктелер салу: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Проекциялаудың түрлері және тік бұрышты проекциялау: бейнелеу өнері мен сызу сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Ұзындықты өлшеу сабақ жоспары
Призма, пирамида және параллелепипедтің бүйір және толық бетінің аудандарын табу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz