XXI ғасыр көшбасшысы: 11-сынып оқушыларына арналған жарық, фотоэффект және кванттық физика бойынша білімдік шоу

«XXI- ғасыр көш басшысы» атты шоу

11 -сынып

І тур: «Бәйге» Мына төмендегі сұрақтарға жауаптар беріледі.

1. Жарық кванттары немесе фотондар дегеніміз не?

Ж: Жарық бөлшектері.

2. Квант қандай сөзден алынған?

Ж: Латынша - квантум - шама.

3. Фотон қандай сөзден алынған?

Ж: Грекше: фотос- жарық, жарық бөлшегі.

4. Қандай құбылыс фотоэффект деп аталады?

Ж: Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы.

5. Фотоэффект қай елдің, қандай сөзінен алынған?

Ж: Фотос (грекше) -жарық, эффект (латынша) - әсер

6. Фотоэффект құбылысн кім, қай елдің ғалымы және қашан ашты?

Ж: Орыстың атақты физигі А. Г. Столетов 1888 ж. 26 ақпан.

7. Квант теориясының негізін салушы кім?

Ж: Неміс ғалымы Макс Планк.

8. Планк тұрақтысының мәні неге тең?

Ж: Һ=6, 63 \bullet 10 -34 Дж\с.

9. Қандай құралдар фотоэлементтер деп аталады?

Ж: Құрылысы фотоэффект құбылысына негізделген құралдар.

10. Қандай құбылыстар люменесценция деп аталады?

Ж: Суық жарқылдың сан алуан құүбылыстары.

11. Люменесценция қай елдің, қандай сөзінен алынған?

Ж: Латынның люмен- жарық деген сөзі.

12. Фотохимиялық реакциялар деп қандай реакцияларды айтады?

Ж: Жарық әсерінен болатын реакциялар.

13. Жарық порциясының энергиясының формуласы неге тең?

Ж: Е=Һv.

14. Табиғи және жасанды жапрық көздерін атаңдар?

Ж:Табиғи жарық көзі -Күн. Жасанды жарық көзі: От, сіріңке, шам, керосин және электр шамдары, факельдер, тамыздықтар, шырақтар.

ІІ тур: «Көкпар»

Қатысушылар екі топқа «А» және «Б» тобына бөлініп, сұрақтарға ақылдаса отырып жауап береді.

«А» тобына: Жарықтың пайдасы туралы

«Б» тобына: Жарықтың зияны туралы

«А» тобына: Теледидардың зияны туралы

«Б» тобына: Теледидардың пайдасы туралы

ІІІ- тур: «Полиглот»

Көп тілді меңгеру заман талабы болып отырғандықтан, қатысушылардың шет тілін қаншалықты меңгергендігін ойынымыздың келесі туры «Полиглоттан» байқайық.

Турдың шарты: Қазақ тілінде жұмбақтар айтылып, солар шешіледі, немесе бір сөз түсіп қалып, ыммен түсіндіріледі. Жаубын шешкен соң, оны орыс тілінде, неміс тілінде айтуы қажет.

1. Арқалап бірін қоймай көтергеннің

Аяғы еш уақытта талғаны жоқ

Ж: Білім, образование, bildung

2. Қабат- қабат қаптама

Ақылың болса аттама

Ж: Кітап, книга, buch

3. Жұрттың бәрі соны сүйеді

Бірақ қарағысы келмейді

Ж: Күн, солнце, sonne

4. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жақ жерде өмір сүріп жүрмейсің

Ж: Ауа, воздух, luft

5. Өз еркіне жіберсең

Дүниені бүлдірер

Ж: От, огонь, feuer

6. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі түсті жарық шоқтарына жіктелуінен пайда болатын тамаша көрініс . . .

Ж: Кемпірқосақ, радуга, regenbogen.

ІV -тур: «Жанды сұрақтар»

1. Планк формуласы:Е =һv

2. Фотоэффектінің теориясының негізгі теңдеуі Һv= mv 2 \ 2 + + А

3. Фотоэффектінің қызыл шекарасы: v min = А\Һ

4. Фотон импульсі:P= m c= һ v c \frac{һv}{c} = h λ \frac{h}{\lambda}

Есеп: Цезийден кинетикалық энергиясы 3, 2 \bullet 10-19 Дж электрон (2 с) шығады. Егер шығу жұмысы2, 88 \bullet 10 -19 Дж болса фотоэффект тудыратын жарық толқынының ұзындығы қандай?

Есеп шығарылып жатқан мезетте, уақытты ұту үшін көрермендерден ойын қоса жүргізіліп жатады?

V-тур: «Көрермендермен ойын»

1. Жарық неғұрлым интенсиві болса1 секундтың ішінде металдың бетірнен құйындап шығатын электрондардың саны соғұрлым көп болады.

Ж: Фотоэффект заңы.

2. Жарық теориясы бойынша заттардың атомдары мен молекулалары жарықты үздіксіз ағын түрінде емес, белгілі бір шамадағы жеке порциялар түрінде шығарып және жұтып тұрады.

Ж: Жарықтың бұл жеке порциялары жарық кванттары мен фотондар деп аталған.

3. Кім дұрыс табады? Формула бойынша сұрақтар.

4. Бұл кім? Белгілі ғалымдардың суреттері көрсетеді, оқушылар ғалымның аты- жөнін, ғылымда ашқан жаналықтарын (заңдарын) айтады.

Ойын соңында жеңімпаз анықталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.


Ұқсас жұмыстар
11-сынып физика: Фотоэффект, жарық қысымы және рентген сәулелері мен компьютерлік томография
XXI ғасыр көшбасшысы: 9-сынып оқушыларына арналған пәнаралық зияткерлік сайыс жоспары
XXI ғасыр көшбасшысы: мектеп оқушыларына арналған төрт кезеңді интеллектуалдық сайыс
8-сынып оқушыларына арналған XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық ойыны: қазақ тілі мен пәнаралық білім сайысы
ΧΧІ-ғасыр көшбасшысы: 9-10 сынып оқушыларына арналған физика пәні интеллектуалдық сайысының сценарийі
XXI ғасыр көшбасшысы: математика пәні бойынша сыныптан тыс танымдық ойын
№8 негізгі мектептегі XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық шоуының қорытынды есебі
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысының жоспары, кезеңдері және сұрақтары
XXI ғасыр көшбасшысы: Озық ойлы оқушы білім сайысының сценарийі
Фотоэффект: кванттық теория, Эйнштейн теңдеуі және есептер - практикалық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz