Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы
№3 Қарауылкелді орта мектебінің
орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҰБТ-ҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Ұлттық бірыңғай тест - бiлiм сапасының басты көрсеткiшi
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі. ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
ҰБТ - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
Оқушыларды ҰБТ - ға сапалы дайындау үшін мектепте дайындықтың жоспарын жасау керек.
-психологиялық;
-ұйымдастыру;
-технологиялық;
- ақпараттық
Психологиялық дайындық
. 10 - 11 сынып оқушыларымен, сынып жетекшілерімен пән мұғалімдерімен үйрету семинарлары өткізу (ҰБТ - ның өткізілуі мен ұйымдастыру ережелері туралы мәлімет беру), қорытынды аттестацияның жаңа пішіміне позитивтік(оң) көзқарас тудыру, «Оқушылардың психологиялық дайындық үрдісінде жаңа енгізулерге ересектердің оң қарым - қатынасының маңыздылығы». «Үрейді қалай сейілтуге болады?», «Стрестік жағдайдан қалай шығуға болады?», «Психологиялық күйдің тәсілдері» сияқты мектеп бітірушілермен өткізілетін сынып сағаттарының серияларын әзірлеу.
Ұйымдасқан дайындық:
- ҰБТ - ның өткізілуі мен ұйымдастырылу ережелері туралы құжаттарды тарату, оны қолжетімді қылу,
- ҰБТ туралы бұрыш жасау(ережелер, бұйрықтар, нұсқаулар, өткен тестілеулердің нәтижелері),
Технологиялық дайындық - тестпен жұмыс бойынша оқушыларың дайындық жүйесі:
- ҰБТ - ға даярлау курсына мұғалімдердің қатысуы,
- Тестжасам теориясын, тестерді өңдеу технологиясын меңгеру,
- Ағымдағы сабақтар мен бақылау жұмыстарда тесттерді жүйелі түрде қолдану(уақытқа) .
- Мәліметтер жиынтығын құрастыру (мектеп бітірушілер үшін пән бойынша тесттер) .
Ақпараттық дайындық:
- ұжымды жүйелі түрде басылым жаңалықтарымен, БжҒМ - нің және тестілеу Орталығының құжаттарымен таныстырып отыру, мұғалімнің өздік білім көтеру жоспарына «Тестжасам теориясы, сабақта тесттерді қолдану әдістері» тақырыбын енгізу
ҰБТ-ға дайындаудың басты тұлғасы - оқытушы. Мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау,
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру
- Тиімді технологияларды қолдану.
Мұғалім ҰБТ-ға дайындалуда қандай мақсат қоюға тиіс?
Мақсаттар:
1. Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларды 100 пайыз оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ға жүйелі дайындық жүргізу және білім сапасын жоғарылату.
ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану,
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
- Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқыы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ-ны өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
-Топтық және жеке дайындық;
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық) :
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар, 2-топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 15 ұпайдан төмен алатындар.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мұғалімнің жұмыстары
Ұйымдастыру жұмыстары .
Білім үрдісінің қатысушыларын ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу ережесімен таныстыру;
ҰБТ бұрыштары;
Профориентациялық жұмыстар, 4 пәнді таңдау мақсатымен жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;
Тоқсандық, қорытынды бағаларды әділетті қоюын қадағалау;
Байқау тестілер мониторингін жасау;
2. Информациялық жұмыстар.
ҰБТ мәселесінің әдістемелік кітаптарымен таныстыру үшін
информациялық топ құру;
Нормативтік құжаттармен таныстыру;
3. Психологиялық дайындық.
Сынып жетекшілеріне, мұғалімдерге семинарлар өткізу;
Психологиялық тренингтер өткізу;
«Қолайсыздықты болдырмау жолы», тағы да басқа тақырыптарда сынып
сағаттарын өткізу;
Оқушылардың теспен жұмыс жасау жүйесі;
Семинар, курстарға қатысу;
Бақылау сабақтарында тестер пайдалану;
Оқушылармен тест арқылы жұмыс жасаудың тиімді әдістерін үйрету;
Әр пәннен тест жұмыстарын жасау;
Мұғалімнің білім көтеру жоспарына ҰБТ-мәселесін енгізу;
Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары
Диагностикалық бағыт
Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау
Тестілеу
Сұхбаттасу
Бақылау үзігі
Практикалық бағыт
Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру
Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар
Қадағалау бағыты
Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау
Бақылау
Тест тақырыбы
Мұғалімнің диагностикалық жұмысы
- Оқушының оқу-ісі материалдарын сараптау;
- Оқу, ойлау қабілеттері мен іскерліктерін қалыптастыру деңгейлері;
- Тиімді оқытуды анықтауда этно-мәдени лексикасын қолдану;
- Өңдеу жұмыстарының нәтижесі;
- Өзін-өзі жетілдіру жұмыстары;
ӘБ жетекшілеріне ұсыныс
-Бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде оқушыларды сапалы білім беруін қадағалау, бақылау жасау
-ҰБТ дайындық кезінде мұғалімдерге әдістемелік көмек ұсыну
-жыл бойына практикалық семинарлар өткізу
-мектеп көлемінде жекелеген және топтық кеңес ұйымдастыру
- мектепішілік байқау тестін ұйымдастыру
-мектеп мұғалімдерін білім көтеру курстарына жіберу (облыстық БЖИ )
ҰБТ кітапшалары бойынша пән мұғалімдерін тестілеу (білім жетілдіру курстары) көлемінде
- Техникалық карта жасау;
- Мұғалімнің диагностикалық іс-әрекетін анықтау
- Ата-аналарымен тығыз байланыс жасау
- Оқу үрдісінде пән мұғалімдерінің дидактикалық жүйесін қамтамасыз етуі. Әр жылдары шыққан тест жинақтарын қолдану.
- Мектеп психологымен бірігіп түлектердің психо-эмоционалдық жағдайларын байқау.
- Психологиялық тренингтер өткізу, ҰБТ-ға дайындық өткізу жөнінде әдістемелік әзірлеме дайындау
Мұғалімнің жұмыс жүйесінің педагогикалық идеялары
Арнайы жекелеп оқыту;
Дифференциялық оқыту;
Оқушының интеллектуалдық даму деңгейін есепке алу;
Оқыту деңгейінің диагностикасын жасау;
Өзін- өзі көрсетуіне мүмкіншілік беру;
Жетістікке жағдай тудыру;
Коммуникативтік дағдыда тәрбиелеу;
Жеке тұлғалық бағытта оқыту теориясына сүйену;
«ҰБТ-ға дайындық» кезінде төмендегі мәселелер мен қиындықтар кездеседі:
- сапалы білім алуға оқушылар мен ата-аналардың ынтасыздығы;
- оқушылар мен ата-аналардың денсаулығына байланысты туындайтын мәселелер;
- ата-аналарының төмен білімінің деңгейі;
- оқушының өзіндік даму, өзіндік білім көтеруінің төмен деңгейде болуы;
- оқушының өзін-өздері төмен бағалауы және көбіне өзі таңдаған мамандыққа деген қажеттілік емес бұл пәнді басқа пәндерге қарағанда оңай деп тануы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz