Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
«физика-математика патшалығында» кеш
«Физика-математика патшалығында» кеш.
1. Кешті өткізуге дайындық:
А) Кешке қатысатын оқушыларға физикалық , математикалық терминдер мен
шамалар бөліп беріліп, сол бойынша киім даярлап, өзі жайлы түсінік беруге
тырысады, және өлеңді жаттайды.
Ә) Кеш өткізілетін орынды безендіріп, сахнаны дайындау.
2. Кештің барысы:
1-Жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма ,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-деп Абай атамыз
айтқандай , уақытында математика, физика сырын түсінбей кейіннен уысымызға
түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен физикамен әрі қарай
сырласып, кейбірелерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешіміздеі
бастауға рұқсат етіңіздер.
2-Жүргізуші:
Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін ,
Есеп-қисап , сан цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім айтып оларды бермек үшін, дей келе кезекті оқушыларға берелік
1-оқушы. Физика: (Азат)
Менің физика формулам бар өрнекті
Торричелли, Аристотель, Паскалдай
Ғалымдарым көрнекті
Ньютонда алмасымен ардақты
Тартылысты ашу үшін талай қызық жасалды,
Ал басқалар жерді көкті зерттеп
Табиғатта физиканың бір бөлігі деп кетті.
2-оқушы: МАТЕМАТИКА ПӘНІ (Азамат )
Математиканы бәріміз меңгеріміз
Қосу менен басқаны теңгереміз
Көбейтуді жақтырмай жүрген жалқау
Оқшаулы бәріміз жөн көреміз
Сандардың біз сырына үңілеміз
Үйренбеген достардан түңілеміз
Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңдар
Достарым өмірде жеңілеміз
Физика әлеміне шолу.(Әйгерім)
3-оқушы: Зат дегенің бөлшектерден тұрады.
Керек десең ол сені былай-былай ұрады.
Ыстық жерде тез-тез жүріп
Ал суықта баяу басын бұрады.
Сондықтанда физикада дәл бұны
Броугндық қозғалыс деп ұғады.
1-Жүргізуші:
Математика ғылымы –ермек емес балалық
Математика ғылымы –көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімгеде таңсық емес жаңалық
2-Жүргізуші:
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.
1-Жүргізуші:
Көрініс : «28/7»
2-жүргізуші:
Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын!
1-жүргізуші: Білгенге білім-байлық бағасы артық
Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан
Үйренсең өнер білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
2-жүргізуші: Кезекті электр мен Механика айтысына берелік.
Ақындар шықты айтысқа: (Азамат, Нұргүл)
Механика мен электр айтысы
М: Ассалаумағалейкум, электрім,
Немене болып кеткен сенің түрің
Төленбей дер кезінде еңбекақың,
Бейшара халге түсті-ау, әрбір күнің...
Э: Механикам аман ба,
Тап болған мынау заманға,
Өзіңе ешкім көз салмай,
Көңілің сенің алаң ба?
М: Немене алаңдаймын бала батыр.
Өзендер арнасында ағып жатыр
Қадірімді сен менің білмей кетсең
Сөзсіз-ау болатыны заман ақыр.
Э: Қоқытпағын сен мені
Заман ақыр сөзімен
Энергия халық алуда –
Электрдің көзімен.
М: Мақтанасың электрімі сен бекерге
Өмірлерің механикасыз бекер де
Болмаса өткізгіш деген денелерсіз –
Өздігінен ағып заряд кетер ме?
Э: Электр емей немене,
Заманға қазір керегі
Электрмен компьютер –
Әріптерді тереді.
М: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр
Электрмен жарықтанып далам жатыр
Кей кезде ашуланып, долданумен
Шығасыңдар тіпті от сатыр-сатыр
Э: Физикада басқалар,
Өзіңменен тең бе еді?
Салыстырып өзгемен –
Мойындағын сен мені
Доғарайық осымен,
Мақсатымыз емес қой
Механика мен электрдің-
Бірін-бірі жеңгені
1-жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
Ақыл ойлар әлемді арбап алды
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
2- жүргізуші:
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хаям, Әл Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса
Бөлшектердің қозғалысына шолу жасау.
4-оқушы:Қысым:(Рақымжан)
Кейде «Қысым» басым түсіп басқадан
Жүрегіңді қысып-қысып тастаған
Дәл осыны білгім келіп мен бүгін
Физиканың әліппесін бастағам
5-оқушы: МАТЕМАТИКА(Дәулетжан)
От болыплапылдап тұр жүрек жанып.
Матыматика өмірге керек аян.
Атамыз жолын салған Омар Хаям.
Математика сырына үңілсеңіз,
өзіңе жайы болған аян.
Бір – бірімен сызықпен ажыратылған,
Атау алып сандардан жаратылған.
Қолданамыз оларға амалдарды,
Сан өсінде есептеумен сандарды.
Қысым туралы мағлұмат
6-оқушы:Атмосфералық қысым.(Роза)
Қозғап-қозғап Броундық бөлшекті
Қызық-қызық құбылысты микроскоппен көрсетті
Торричелли ақылдасып Паскальмен
Ауаның да салмағын таразыға өлшепті
Білесің бе ал бұдан
Атмосфералық қысым деген
Ұғым шықты көрнекті
1-жүргізуші:
Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң-тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімен түні тірілген.
Ұзақ ұйықтап тұмса түз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімін де
Жерді қозғау қиялы былай тұрсын
Жемісі де тимепті несібеме
7-оқушы: БӨЛШЕК (Данияр)
Бүтінге келсең жұлқынып
Алдыңа еш сан салмайсың
Бөлшекке келсең бұлқынып
Жауабын таба алмайсың
Есепті мақта демелік
Бөлшекке көңіл бөлелік
Физикалық тәжірибелер жасау.
8-оқушы: Архимед заңы (Бекхан)
Архимедті патша үйіне
«Алтын тәжді» зертте деп шақырды.
Көп қиналып ол өзін ваннадағы толы суға батырды
Салмақ , көлем, тығыздықты
Суда жасап есептеп
Қуанғаннан «Эврика!»-деп банядан шыға сала
Елдің бәрін шақырды.
Квадрат теңдеулер
9-оқушы: (Елубай)
Теңдеу, теңдеу, теңдеулер
Түрлері көп теңдеулер
Оның бәрін атасақ
Квадрат теңдеу дер
Шешсең оның түбірі
Болады екен әр түрлі
10-оқушы: (Жеңіс)
Ажыратар дискриминант
Нөлден кіші-жоқ түбір
Болса егер нөлге тең
Онда болар бір түбір
Болса егер нөлден үлкен
Екі түбір табылар
Болса егер в мен с нөл
Толымсыз деп аталар
11-оқушы: (Айсұлу)
Биквадрат теңдеуді
Айнымалы кигізіп
Квадрат теңдеуге
Шешеміз оны келтіріп
Есептер көп өмірде
Физика мен техника
Пайдаланып шығарар
Квадрат теңдеуді
2-жүргізуші:
Кім білмес Сиракуыз ақсақалын
Күн сүйіп,жел желпіген ақ сақалын
Ол-ортақ адамзатқа жаттығы жоқ
Белгісі адамшылық жақсы атаның
Бір өшіп,кітаптардың бірі тозған
Қай жүйрік Архимедті басып озған?
Жалынды патриот,батыр-ғалым
Физикалық көрініс «Плитка және үтік»
Плитка-Дәулетжан Үтік –Нұргүл Ток көзі –Бает Самат
Бірінші шам –Рақымжан Екінші шам –Азамат Реостат –Азат
Вольметр –Данияр Амперметр –Берік Сақтандарғыш
–Әйгерім
Қожайын - Айсұлу
Сахнада үтік пен плита өзара артықшылықтарын айтып, мақтанып жатады.,
Плитка: Менің адамдарға тигізетін пайдалы өте көп. Менің қызуыма олар тамақ
пісіреді, шай кофе қайнатады.
Үтік: Менің де пайдам өте көп. Менсіз ешкімнің де киімдері үтіктелмейді.
Әне, сен, өзіңнің үсті – басыңа қарашы, костюм – шалбарыңның қырын көрдің
бе? Бұл менің арқам.
Плитка: Сен таңертең хош иісі, күрең шаймен ұйқыңды ашып, сабақта сергек
жүресің, ол да менің арқам, Киім үтіктегенен басқа не білесің?
Үтік: Кейде плитка бұзылып қалғанда адамдар мені төңкеріп қояды да шәй
шығарады.
Ток көзі: Әй, таласпаңдар, екеуіңе не болған? Мен сендерге тоқ беріп
тұрмасам, сендердің керектерің қанша? Қазір өшіп қалайыншы, екеуіңнің де
денелерің мұздап, керексіз болып қаласыңдар.Кішкене жан – жақтарыңа
қарасаңдаршы. Отырмыз ғой үндемей. Қазір мен мына екі шамды жағамын.
Бірінші шам: Ой менің температурам көтеріліп барады.
Екінші шам: Кедергі реостаттар қайда? Ұйықтап қалған ба?
Реостат: Мен кедергіні жасап тұрмын,
Амперметр: Қазір мен тоқты өлшеп жіберейін,. Тоқ бірқалыпты.
Вольтметр: Мен де кернеуді өлшеп жіберейін. Ия, екеуіңде де кернеу
бірқалыпты екен. Амперметр: Сен бір шамды жағып жібердің.
Вольтметр: Менің қандай кінәм бар, мұны істеген реостат қой.
Реостат: Сендерге не болған, кедергіні мен дұрыс жасадым. Білсем, кінә
сақтандырғыштарда ғой деймін.
Сақтандырғыш: Вольтметр сен ылғи кернеуді дұрыс өлшемейсің барлық салмақ
маған түседі. Міне, тағы да жанып кеттім. Сендер үшін күніне бір өліп, бір
тірілемін.
Ток көзі: Тынышталыңдар, тынышталыңдар. Қожайынымыз келе жатыр.
Плитка: Шай қайнаған жоқ, ұят болды- ау.
Үтік: Киімдерін де үтіктей алмайтын болды.
Шам: Қап – қараңғы болып көзі де көрмей қалатын болды- ау.
Сақтандырғыш: Көрдіңдер ме менің қызметім қандай екенін?
Қожайын келіп шамды жағады. Плитканы қосады, үтік ті де қосады.
Ешқайсысы да қосылмайды. «е, е сақтандырғыш жанып кеткен екен ғой» - деп
оны жөндеп қосады. Плитка ысып шай қайнайды.
Қожайын: Ей, электр құралдары, сендер жеке- дара жан – жаққа тартпаңдар.
Бәріміз бірігіп қызмет етейік. Адамдарды бір қажетіне жарайық. Келіңдер,
бәріміз тізбектей қосылып, көңілді ән айтайық.
Барлығы «Әнші балапан» әнімен қол ұстасып жүріп мына әнді айтады.
Электрдей ғажайып
Шештім ғажап теңдеуді
Сақтандырып бәріңді
Реттегішпін кернеуді
Қ-сы:
Амперметр, реостаттарым
Адам үшін ән бастап бердім
Үтік, плита билеп бер канекей
Қол соғады адам әнекей
2. Үтіктеймін шалбарды
Киімдерді жайнатам
Хош иісті шайыңды
Қызуменен қайнатам.
Қайырмасы:
Қол ұстасып қанекей
Тізбек құрып көрейік
Қызмет етіп адамға
Тек игілік берейік.
1-жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі
Әділ қазы, көреремен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz