5-сынып: Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту - сабақ жоспары

Қожабекова Бағдагүл Жанғазықызы
Нарқызыл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Математика оқулығы, сабақ жоспары, слайд
А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова «Мектеп» баспасы,
А. Алдамұратова, Т. Байшоланов «Атамұра» баспасы
Оқыту:
Жай бөлшектерді көбейту алгоритмін практикада қолдану машықтарын нығайту;
Дамытушылық:
Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту;
Ойын жеткізе білуін және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:
ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, салауаттылыққа тәрбиелеу
Ой қозғау сұрақтары
Оқулықпен жұмыс, топтық және жеке тапсырмалар
Жаңа сабақты меңгертуге арналған ауызша тапсырмалар
Есептер шығару, кері байланыс орнату
Сабақтың
дидактикалық кезеңдері
Жұмыс тәсілдері,
Әдіс-формалары
Ресурстаркөрнекі-
ліктер
Көңіл -күйлерін білдіреді, жұпқа бөлінеді
«Жемістер», «Көкөністер», «Дақылдар»
Тәсілі: Сұрақ- жауап
Формасы: ұжымдық.
Смайлик-
тер, кеспе қағаздар
Жаңа сабаққа дайындық
«Білу»
«Ой қозғау»
Жай бөлшектерді жазу және оқу, қысқарту;
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Тәсілі: Сұрақ- жауап
Формасы: ұжымдық.
«Үш шапалақ»
Жетондар
Жаңа сабақты түсіндіру
«Түсіну»
Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады;
Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру;
Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;
Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау;
Жаңа сабақты бекіту
«Қолдану»
Карточкамен жұмыс: әр жұпқа ережелер беріледі, сол ережелерді мысалдар арқылы түсіндіреді
;
Жалпы дидактикалық әдіс: жартылай ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру.
Тәсілі: жұптық, жекелей.
Жаңа сабақты пысықтау
«Талдау»
Оқушылар екі топқа топтасып
А, В және С деңгейлік есептерді топпен шығарып тақтада қорғайды
Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу.
Тәсілі: ұжымдық, топтық, жекелей.
Бөлшектің алымы
/ орнымыздан тұрамыз/
Бөлшек сызығы / екі қолымызды екі жаққа созамыз/
Бөлшектің бөлімі /Орнымызға отырамыз/
Бөлшектің алымы / орнымыздан тұрамыз/
Жаңа сабақты қорыту
«Жинақтау»
Жекелей тапсырма беру арқылы нақты жауап, қорытынды пікірге баулу.
Тәсілі: топтық,
жекелей
Рефлексия
«Бағалау»
«Табыс ағашы»
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын .
Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
Жетондар смайлик-
тер
Үй тапсырмасын дұрыс орындауға бағыт беру
№
Сабақтың тақырыбы:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
ЕРЕЖЕ:
Жай бөлшектерді көбейту үшін:
1) Алымын алымына көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің алымына;
2) Бөлімін бөліміне көбейтіп, көбейтіндінің мәнін жай бөлшектің бөліміне жазамыз.