Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Жұмыс. қуат. энергия

В1 есебі
Бағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың
топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
2017395-1391920

Кіріспе
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес <<Физика>> оқу пәні <<Жаратылыстану>> білім саласына жатады. Физика оқу пәні ретінде қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады, оның ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы болып табылады.
Бұл орта мерзімді жоспар Жалпыға бірдей ҚР орта білім беру Мемлекеттік стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж.367 Бұйрығына, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу бағдарламасы Ұлттық білім Академиясының 09. 07.2010 ж № 367 Астана 2010 Бұйрығына, Білім беру ерекшелігінің негізгі ғылымның орта білім беру мекемелерінің ҚР 2010 -2011 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ ұлттық білім Академиясының 26 мамыр 2010 ж. №5 хаттамасына сәйкес пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарына Р.Башарұлының <<Физика және астрономия 7 сынып>> оқулығына негізделе отырып жасалды және <<Жұмыс.Қуат.Энергия>> деп аталатын ІV-тараудан төмендегі төрт тақырып қамтылды :

1-тақырып: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы
2- тақырып: Қуат
3- тақырып: Энергия.Кинетикалық және потенциалдық энергия
4- тақырып: Жұмыс.Қуат.энергия(қайталау,қорытындылау сабағы)

Мақсатым: Аталмыш бағдарламадағы жеті модульді кіріктіру арқылы оқытудың тиімді жақтарын байқау. Оқушылардың өзін-өзі реттеуіне жол көрсету.Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы сыни тұрғыдан ойлауға,өз пікірін ашық айтып,тұжырым жасауға бағыттау.

Нәтиже: Оқушылардың ғылыми дүние танымы мен ой-өрісі, танымдық және шығарашылық қабілеті дамиды.Теориялық білімдерін практикада қолдана алады.Топпен ,жұппен жұмысты бірлесе атқара алады, бірге шешім іздейді

Ν

Тақырыптар

Оқып үйренудің негізгі мақсаттары

Модульдер
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Оқып үйренудің
нәтижесі
Үйрену мақсатында
бағаны қоса бағалау
Негізгі дерек
көздері және
ресурстар
1
Дене қозғалысы
бағытында әрекет ететін күштің
жұмысы
Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,
жұмыстың белгіленуі,
формуласы,өлшеу бірлігін білу және жұмысты
есептей білу дағдыларын
жетілдіру және оның
практикалық маңыздылығын түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау.
Оқытуда ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
пайдалану.
Сыни тұрғыдан ойлау
Топтық жұмыс,
жұптық жұмыс:
тәжірибе жасауда,
Кубизм стратегиясы: тәжірибе таңдауда.
Кең ауқымды
лекция стратегиясы: Жаңа сабақты
түсіндіруде.
Диалогтік оқыту: Үй тапсырмасын тексеруде
Жұмыс ұғымымен
танысып мағлұмат
алады ,негізгі
деректерді біледі,жаңа ұғымдарды меңгереді,есептер шығару
нәтижесінде
дағдылары дамиды.
Алған білімдерін
күнделікті өмірмен
байланыстыра алады.
Топтық бағалау:Бағалау
критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Өзін-өзі бағалау:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Көшбасшы бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Мұғалімнің бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Оқулық.Физика және астрономия.7сынып.
Есептер мен
жаттығулар жинағы.
Компьютер,
графопроектор,
слайдтар,
тәжірибелерге
қажетті құрал-
жабдықтар:әр
түрлі ыдыстар,су.
2
Қуат
Сабақты өмірмен байланыстыра
отырып,оқушыларға қуат ұғымын
және оның практикалық
маңыздылығын түсіне білу
дағдыларын
қалыптастыру.
Қуаттың белгіленуі,формуласы,
өлшеу бірлігін білу және қуатты
есептей білу дағдыларын жетілдіру.
Оқытуда ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды пайдалану.
. Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету..
Ой қозғау: Мағынаны ашуда .
Тестік жұмыс.
Жұптық жұмыс: тест жұмысын тексеруде .
Tоптық жұмыс: по cтер жасауда
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ЖИГСО 1
Қуат ұғымымен
танысып,толық
мағлұмат
алады , есептер
шығару
барысында маңыздылығын,қолданылуын
біледі.
Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа
тәрбиеленеді.
Топтық бағалау: <<Бағалау ағашы>> арқылы бағалау.
Бірін-бірі бағалау :
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Мұғалімнің бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Кері байланыс: бағалау
ағашы арқылыӨзін - өзі
бағалау және сынып
оқушыларын бағалау.
Оқулық,компью-тер,слайдтар,
графопроектор,
мөлдір қағаз,
карточкалар,
бағалау парағы,

3
Энергия.
Кинетикалық
және
потенциалдық
энергия.
Оқушылардың топпен жұмыс істеуі арқылы, ой қорыту, салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту.
Жұмыс пен энергия арасындағы байланыс, энергия, энергия түрлері,. бірліктері туралы мағлұмат беру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер.
Оқытуды басқару және көшбасшылық Оқытуда ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
пайдалану .
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету..
Диалогтік оқыту:
жоба қорғау,
ой қозғау, жабық тест, топтық жұмыc : постер жасауда .түсіндіру, Венн диаграммасы
Энергия, потенциалдық және кинетикалық
энергия ұғымдарымен танысып,толық
мағлұмат алады.
Денелердің істеген жұмысы сол денелердің массаларына,көтерілу биіктігіне және жылдамдығына тәуелді болатынын түсінеді.
Өзін-өзі бағалау:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Топтық бағалау:Бағалау
критерийлері көрсетілген бағалау парағы Көшбасшы бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Мұғалімнің бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Кері байланыс: смайликтер таңдау арқылы Өзін-өзі бағалау
Оқулық.Физика және астрономия.7-сынып.
Есептер мен
жаттығулар жинағы.Компьютер,
графопроектор,мөлдір қағаз,
карточкалар,
бағалау парағы,
4
Жұмыс.Қуат.
Энергия.
(қорытынды,
қайталау сабағы)

Топтық жұмыс арқылы жұмыс
нәтижелерін бағалау дағдыларын
жетілдіру.
Оқушылардың білімдерін тәжірибе жүзінде тексеру, бекіту және
қорытындылау.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Оқыту мен оқудағы
ақпараттық-коммуникациалық
технологияларды
пайдалану.
Оқыту мен оқудағы
жаңа тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау
және оқуды бағалау.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету.
Талантты және
дарынды балаларды
оқыту.
Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және оқу.
Жұптық жұмыс,топтық
жұмыс,
Жигсо әдісі,
жоба жасау , зерттеу жұмысы ,
диалогтік оқыту,
семантикалық картамен жұмыс,
тестік жұмыс.
Тарауды меңгереді,
теориялық білімдерін практикада қолдана
алады.Топпен ,
жұппен жұмысты
бірлесе атқара алады,
бірге шешім іздейді
Топтық бағалау:Бағалау
критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Өзін-өзі бағалау:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Көшбасшы бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Мұғалімнің бағалауы:
Критерийлері көрсетілген бағалау парағы.
Кері байланыс: Оқушы
портфеліне жұмыстарды жинақтау
Оқулық.Физика және астрономия.7-сынып.
Есептер мен
жаттығуларжинағы,компьютер,
графопроектор,
мөлдір қағаз,
үлестірмелi
материалдар,
оқушы портфелі,бағалау парағы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған Нұсқаулық. <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, 2012
2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар <<Назарбаев Зияткерлік мектебі>> ДББҰ, 2012.
3. Физика және астрономия: Жалпыға білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. Алматы <<Атамұра>>2012

Ұқсас жұмыстар
Болашақ энергиясы
Потенциалдық және кинетикалық энергия
Механикалық знергия. механикалық знергияның сақталу заңы
Электр тогының энергиясы мен қуаты
Өткен тақырыптарды қорытындылау. сабақ жоспары
Энергия - болашаққа барар жол
Қуаттың формуласы
Жұмыс, қуат, энергия тарауы бойынша есептер шығару
Сабақ кезеңі
Жел энергиясы
Пәндер