Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы

Сабақ тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы

Сілтеме: Күнтізбелік жоспар. Оқулық:(Физика және астрономия. 7сынып) . Есептер мен жаттығулар жинағы.

Жалпы мақсаттар: Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып, механикалық жұмыс ұғымын, жұмыстың белгіленуі, формуласы, өлшеу бірлігін білу және жұмысты есептей білу дағдыларын жетілдіру, практикалық маңыздылығын түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту нәтижелері: Жұмыс ұғымымен танысып мағлұмат алады. есептер шығару нәтижесінде дағдылары дамиды. Алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Сабақтың негізгі идеясы: Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де, жүрілген жолға да тура пропорционал өседі.

Сабаққа қажетті құралдар: Компьютер, графопроектор, слайдтар, мөлдір қағаз, Паскаль шары, куб, су, ыдыстар, карточкалар, бағалау парағы.

Сабақтың өту барысы:

Сабақ кезеңдері
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Уақыты
Сабақ кезеңдері: Ұйымдастыру
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Мұғалім әрекеті:

Психологиялық ахуал: 1. Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке»

2. Физиканы өмірде қалай пайдаланасың?

«S=U*t», «F=m*g», «p=F/S» формулалары нені білдіреді?

(формулалар арқылы топқа бөлу) .

Әр оқушыға бағалау парағы беріледі.

Бағалау критерилерімен таныстырады.

Оқушы әрекеті:

Шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне тілектер айтады.

Формулалар арқылы топқа бөлінеді.

Топ жетекшісін тағайындайды.

Бағалау критерийлерімен танысады.

Уақыты: 5 мин
Сабақ кезеңдері:

Үй тапсырмасын тексеру

а)

Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:

Диалогтік оқыту.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Мұғалім әрекеті:

«Қысым» тарауын қорытындылау . (төмендегідей сұрақтардың қамтылуын ескереді, )

  1. 1. Қысым деп нені айтады? Қалай белгіленеді?
  2. 2. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

3. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым кім? Бұл қағида кімнің заңы? .

4. Сұйықтың тығыздығын анықтайын құрал қалай аталады?(ареометр)

5. Шөгім дегеніміз не?(Кеменің төменгі бөлігі суға бататын тереңдігі)

6. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйыққа

(Сұйық бетіне көтеріледі)

. 7. 10 кПа-ды паскальға айналдыр(1 Па)

8. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құралы (Барометр-анероид)

9. Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Бұл қандай заң? (Архимед заңы)

Оқушы әрекеті: Ауызша жауап береді. Оқушы тақырып бойынша дайындап келген сұрағын өз таңдауы бойынша басқа топқа қояды, жауабын өзі бағалайды. Бағалау критериилерін оқушылар өздері белгілейді.
Уақыты: 5 мин
Сабақ кезеңдері: б)
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:

Кубизм стратегияы.

Сыни турғыдан ойлауға үйрету.

Мұғалім әрекеті: Куб айналасында көрсетілген тәжірибелердің суреттері арқылы әр топқа тапсырма береді.
Оқушы әрекеті:

C:\Users\User\Pictures\img102.jpg C:\Users\User\Pictures\img103.jpg І-топ І І-топ

Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымды тәжірибе жүзінде көрсетеді. C:\Users\User\Pictures\img104.jpg ІІІ-топ

Уақыты: 5 мин
Сабақ кезеңдері: Жаңа тақырыпты айқындау
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер: Кең ауқымды лекция стратегиясы
Мұғалім әрекеті:

Сабақтың барысында негізгі идеяны ашу үшін оқушыларға бағыт беру, түрткі болу, жаңа тақырыпты талдауға, ой қорытуға, нәтижеге жетуге жетелеу. Экранда көрсетілген суреттерді көрсету арқылы салыстыра отырып, тұрмыста және физикадағы «жұмыс» ұғымының мағынасын ашады.

http://festival.1september.ru/articles/504571/img7.jpg http://agrobirzha.info/system/files/image/taksonomy/traktor.jpg http://sverh-zadacha.ucoz.ru/lessons/Contents/mech/sochr/A.jpg http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/8b/Proton-K-Zarya.jpg/220px-Proton-K-Zarya.jpg

Оқушы әрекеті: Негізгі идеяны ашу үшін жаңа тақырыпты талдайды, ой қорытады, түсінігі қалыптасады.
Уақыты: 7 мин
Сабақ кезеңдері: Жаңа сабақты түсіндіру
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер: Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Мұғалім әрекеті:

Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.

Күш жұмысының анықтамасын, мағынасын формуласын, өлшем бірліктерін, қолданылуын тұжырымдамалық карта арқылы көрсете отырып түсіндіреді.

Оқушы әрекеті:
Уақыты:
Сабақ кезеңдері: Сергіту сәті
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті: Қара жорға биінің үзіндісі бейне баян арқылы көрсетіліп, оқушылар қайталайды.
Уақыты:
Сабақ кезеңдері: Бекіту
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Мұғалім әрекеті:

Есеп шығару мысалы:( есептің шығарылу жолын графопроэктор арқылы түсіндіреді )

Есеп. Көлемі 0, 5м 3 гранит тасын 20м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты есептеңдер. Граниттің тығыздығы 2500 кг/м 3 .

:
:
Оқушы әрекеті:

Берілгені :

v=0. 5м 3

ρ=250кг/м 3

h=20м

Уақыты:

Шешуі :

A=F*S мұндағы F гранитті бірқалыпты жоғары көтеретін күш. Бұл күштің модулі гранитке әрекет ететін F a ауырлық күшіне

тең, ал бағыты оған қарама-қарсы. Ауырлық күшін граниттің m массасы арқылы анықтауға болады:F a = mg .

Граниттің көлемі мен тығыздығын біле отырып, оның массасын есептейміз: m=ρ*v; S=h.

Сонымен, m=2500кг/м 3 *0, 5м 3 =1250кг.

F=9, 8 Н/кг*1250кг=12250Н.

A=12250н*20м=245000Дж=245кДж.

А-?
Жауабы: A=245кДж.
Оқушылар тапсырманы дәптерде орындайды. Шығарылу жолын түсінеді.
8 мин
Сабақ кезеңдері:
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Сабақ кезеңдері:
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Сабақ кезеңдері: Қорытынды
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:

Жұптық, топтық жұмыс.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Мұғалім әрекеті:

Физика және астрономия. 7-сынып. Есептер мен жаттығулар жинағы. №431.

Төменде келтірілген қандай құбылыстарда күш әсерінен жұмыс істелінеді?

а) ауырлық күшінің әсерінен темір арқан тартылады;

ә) үстелге кірдің салмағы түсіп тұр;

б) газ баллонның қабырғасын қысады;

в) газдардың қысымынан цилиндрден піскек итеріліп шығарылады;

г) бала берік қабырғаға байланған жіпті тартады.

№433. Трактор тұқым себетін машинаны жазық даламен тартып келеді. Сонда трактор қандай күшті жеңу үшін жұмыс істейді?

№434 . Орнынан қозғалмаған кірге түскен ауырлық күші жұмыс істей ме?

№435. Қай жағдайда күштер жұмыс атқарады?

а) тас жерге түскенде;

ә) Двигателі сөндірілген автомобиль;

б) спортшы штанганы көтергенде;

в) ауа шары көтерілгенде;

г) ату кезіндегі снарядтың оқпандағы қозғалысы; д) серіппелі пистолеттің атқандағы оқтың ұшуы.

№438. Адам баспалдақпен үйдің жоғарғы қабатына көтерілгенде жұмыс істей ме? Лифтімен көтерілгенде ше?

Оқушы әрекеті: C:\Users\User\Pictures\img105.jpg Жұппен жұмыс жасап, топпен ақылдасып, талдау жасап, басқа топтарға түсіндіреді.
Уақыты: 7 мин
Сабақ кезеңдері: Бағалау
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Мұғалім әрекеті:
:
:
:
:
:
:

Жиынтық баға қояды

Оқушы әрекеті: Оқушы аты
Уақыты: Сұрақ-жауап
Тәжірибе жасау
Есептер шығару
Деңгейлік тапсырмалар
Қорытынды баға
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы жүзеге асырылады.
3 мин
Сабақ кезеңдері:
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Уақыты:
Сабақ кезеңдері:
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Уақыты:
Сабақ кезеңдері: Рефлексия:
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер: Сыни тұрғыдан ойлау.
Мұғалім әрекеті:

«Жақсы, жаман» жаттығуы

- Маған бүгін жақсы, өйткені . . . ,

- Маған бүгін жаман, өйткені . . .

Оқушы әрекеті: Өзіндік талдау.
Уақыты: 3 мин
Сабақ кезеңдері: Үйге тапсырма
Әдіс-тәсілдер, модуль-дер:
Мұғалім әрекеті:

§51. 35-ж. Есептер жинағынан №441. 442. 445

Талдау, бағыт беру.

Оқушы әрекеті: Күнделіктеріне берілген тапсырманы жазады.
Уақыты: 2 мин


Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізектелген сабақтар топтамасын жоспарлау жөніндегі бір рефлексифтік есеп

Оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру үлкен қызығушылық тудырып, қанаттандыра түсті. Бұл оқудың нәтижесінде мен көптеген қажетті мәліметтер алдым, жеті модуль бойынша қалай оқыту қажеттігін үйрендім. Пажарес(1992) Білім беру сызбаларында(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 7-бет) көрсетілгендей, жаңа теориялық тың білім көңілге сенім ұялатып, оқу мен оқытуда жаңа көзқарас туғызды.

Осы курстың негізгі мақсаты болып табылатын жеті модуль оқу мен оқыту үшін сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Іс тәжірибеден өту барысында курста оқып танысқан бағдарламаның оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технолонияларды пайдалану модульдерін бірінші сабағымда қолдандым. Бағдарлама аясында бірінші бетпе-бет кезеңінде жинақтаған тәжірибелерімді негізге ала отырып, жоғарыда аталған модульдерді ықпалдастыра отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттім. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін ұтымды пайдалана білген АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті.

Менің құрған орта мерзімді жоспарыма сәйкес төрт сабағым да физика пәні бойынша 7-сыныпта өткізілді. Бірінші сабағымның тақырыбы: «Дене қозғалысы бағытындағы әрекет ететін күштің жұмысы». C:\Users\User\Pictures\Новый рисунок (3).bmp Сабақтың жалпы мақсаты: топтық жұмысты ұйымдастыра отырып жалпы жұмыс ұғымын және оның практикалық маңыздылығын түсіне білу дағдыларын қалыптастыру.

1-сурет.

«Шаттық шеңбері»

C:\Users\User\Pictures\физика сабак фото\Новый рисунок (1).bmp Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру үшін «Шаттық шеңберін» ұйымдастырдым(1-сурет) . Жүректі бір-біріне ұсына отырып бір-біріне деген тілектерін білдірді. «Физиканы өмірдегі мәні қандай?» деген сұраққа жауап бере отырып оқушылар физиканың өмірде маңыздылығын, қолданылуын аша білді. Сұраққа зерттеуге алған орташа деңгейлі Е. есімді оқушымның «Айналамыз түгел физика екен» деген жауабынан оның пәнді кең көлемде және терең түсіне алғандығы айқын сезілді. Физикалық шамаларды, формулаларды қайталап, формулалар топқа бөлу мақсатында пайдаланылды. Кейбір оқушылардың физикалық шамаларды бірліктермен шатастыруы, формулаларға дұрыс түсінік бере алмаулары ойланатын жағдайлар туғызды. «Достық» тренинг жаттығуы арқылы формулаларды таңдау бойынша сынып үш топқа бөлініп отырды(2-сурет) . Жаттығу қызықты да әсерлі болды, себебі оқушылар қимыл - әрекеттерді табысты орындай отырып, өздерінің әр нәрсеге икемділіктерінің бар екендігін көрсетті. Әр топтағы оқушылар топ басшысын тағайындады, топ-топқа бөлініп отыру оқушылардың қызығушылығын тудырды.

2-сурет. Топқа бөліну.

Сабақ барысында оқушылардың білімін бағалау үшін бағалау критериилері көрсетілген парақша таратып, онымен таныстырдым. Бағалау парағы бойынша оқушылардың сабақ кезіндегі іс-әрекеттері, ынтасы, сабаққа қатысуы, пікір айтулары бойынша көшбасшы бағалауы, бірін-бірі бағалау, топтық бағалау жүзеге асты.

G:\Мама\Кембридж\сабак видео\фото сабақ\IMG_3136.JPG Өткен сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын тексеру мақсатында диалогтык оқыту, сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарын келесі топқа қойды. Сұрақтар өткен сабақты толық қамтитындай етіп құрастырылу ескерілді. Әрбір сұрақ қойған оқушы жауап берген оқушының жауабын бірден бағалап отырды, бағалауда жауаптың толық, нақты болу критериилерін ескерді.

Зерттеуге алған жоғарғы деңгейлі оқушым орыс қызы Т-ның « Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым кім? Бұл қағида кімнің заңы?»-деп қойған сұрағы бүкіл өткен тарауды қорытындылап, мағынасын ашып тұрғандай (8-сурет) .

8-сурет.

Т-ның сұрақ қою сәті.

қою сәті

Т. сұрағына жауап берген топты бағалауда бағалау критериилерін, яғни, жауаптың нақты және толық болуын ескере отырып, әділ бағасын қойды.

Менің шәкірттеріме риза болғаным үй тапсырмасын ынтамен орындай білді, қызығушылықпен қарады, біріге отырып, өздері бір шешімге келе білді, пікірлесті, диалог жүрді, өз ойларын еркін айтты.

Келесі кезеңде оқушылардың жас еркшеліктерін ескере отырып, өздеріне лайықты қабілетін, дарынын дамыту мақсатында « Кубизм» стратегиясы арқылы, яғни кубтың жақтарында көрсетілген тапсырмалар бойынша тәжірибе жұмысын орындау ұсынылды. Оқушылар таңдалған тәжірибе жұмысын сыни тұрғыдан ойлау арқылы, түсіндіре отырып, дәлелді түрде көрсете білді.

Зерттеуге алған орташа деңгейдегі Е. есімді оқушым бұрын сабақтарда есептер шығаруда қиналатын. Ал тәжірибе жасауда қолмен ұстап, көзбен көріп жұмысты орындағандықтан тапсырманы ойдағыдай орындап, физикалық тілмен сыни тұрғыдан басқа топтарға түсіндіруі мені қатты қуантты. Бұдан топтық жұмыстың әр түрін қолдана отырып, әр оқушыға өзін әр қырынан көрсетулеріне мүмкіндік ашылды.

2-сурет. Е-нің тәжірибе

жасау сәті.


Ұқсас жұмыстар
Орташа қуат
Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат. 7 сынып
Жұмыс. қуат. энергия
Келмеген оқушылар
Қуаттың формуласы. Сабақ барысы
Үдеуі қанша
Архимед күші мен ауырлық күші
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Сапқа тұру, мұз
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz