Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері мен әдістемесі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Биология пәнінен дарынды оқушыларды оқытудың әдістері мен әдістемесі.
Дайындаған: биология пәні мұғалімі Орынханова Сауле.
№3 мектеп-интернат
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жан-жақты
тұрғыдан қарастырған жөн. Көп психологтар ой-өріс дарындылығын
диагностикалау үшін мынадай негізгі функцияларды өлшеп, зерттеу қажет
екенін айтады: ой, зейін, ерік, қабылдау, есте сақтау. Қазіргі ғылым мен
техниканың қарқынды дамыған шағында нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми
ойлаудан іздеуге болады.
Дарын деген не? Дарын адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет.
Яғни дарынды бала, асқан талант иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық,
зеректік.
Меніңше, адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу
мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбек етіп, баланың ерекше
қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында
оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін қадағалай отырып, бала
бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті жеке тұлғаны
анықтауға болады. Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырманы
күрделендіріп беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы
орындағанда оқулық материалымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы
барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Және де
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы- оқушының қабілетінің шарықтау шегін,
танымдық сұрақтар беру арқылы – оқушының жан-жақты ойлау қабілетін,
теориялық тапсырмалар беру арқылы- тақырыпты меңгеру қабілетін, венн
диаграммасы арқылы – салыстыру қабілетін, эссе жазу арқылы - оқушының
іздену қабілетін, ал тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау
қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Сонымен бірге сабақта «дебат» әдісін
қолдану оқушының өз ойын ашық айтуға, дәлелді сөйлей білуге, өз ойын жан-
жақты толық жеткізе білуге дағдыландырады.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-
тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын
қалыптастыра алады. Дәстүрден тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу
олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Биология сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын
арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман
талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.Оқушыларды сабақтан
жалықтырып алмас үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ
үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер ендіріп, сайыс, дебат,
ХХІ ғасыр көшбасшысы түрінде сабақтар өткіземін. Және сабақта оқытудың
интерактивті әдістері мен СТО бағдарламасының кейбір элементтерін көп
қолданып жүрмін. Сонымен бірге биология сабақтарында оқушыларға мынадай
талаптар қоямын:
-үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу;
-оқыған материалды биологиялық тілде айтып шығу;
-тақырыпқа байланысты таблица жасау, тірек-сызбасын сызу, негізгі
терминдерді жатқа айту;
-тақырыпқа сай өз пікірін айта білу,
-қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдармен тақырыпты толықтыра
білу.
Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп танып, ол
оқушымен мынадай жеке жұмыстар жүргіземін.
Оқу материалын толық игерту:
Жарыстарға қатыстыру:
-салыстыру;
-ғылыми жоба жарысы;
-таблица, тірек-схема;
-білім сайысы;
-биосуреттермен жұмыс;
–ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Тұлғаны тану Дарынды баламен Тестпен
жұмыс
жұмыс
Анықтамалармен жұмыс
Қосымша материалмен
-жаздырту;
жұмыс.
-есте сақтау;
Дебат технологиясын қолдану оқушының зерттеу, іздену қабілетін шыңдайды.Оны
дебат сабағының мынадай тиімділігінен көруге болады:
- оқушы пікірін ашық, іркілмей айтуға үйренеді;
- өз ойын дәлелді түрде жеткізе біледі;
- оқушының шығармашылық белсенділігі артады;
- ізденеді;
- өзіндік көзқарас қалыптасады;
- сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
- материал жинақтап үйренеді;
- зерттеу жұмысын жүргізеді.
Нәтижесінде оқушы оқулық материалымен шектеліп қана қалмай, қосымша
материалдармен өз білімін толықтырады, кез-келген биологиялық
заңдылықтарға талдау жасай біледі, өзіндік пікір қалыптастыратын,
шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады.Сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу
белсенділігі артады. Өз тәжірибемде осындай тәсілдерді пайдалана отырып
шығармашылықпен жұмыс жасайтын балалардың мынадай ерекшеліктерін
анықтадым:
1.Ойлау қабілеті басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр,
өзін тануға құштар келеді.
2.Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады.
3.Қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, табиғатты танып білуге тырысады.
4.Ақыл-ой қабілетін тек өзін қызықтыратын іске бағыттайды.
Осыны ескере отырып, зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілетін шыңдадым және тест әдістерін түрлендіре отырып,
жылдан-жылға оқушыларымның есте сақтау қабілеттерінің артқандығын
байқадым.
2004-2005 оқу жылынан бастап оқушыларым ғылыми
жұмыстармен айналысуға бел буды, ғылыми жұмысқа деген қызығушылығы
оянды.Сол кезеңнен бастап өзім жүргізетін биология пәні үйірмесін «Жас
зерттеуші» деп алып, оқушыларды түрлі зерттеу жұмыстарына баули бастадым.
Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, олардың ойларын жетілдіре түсіп,
қосымша тапсырмалар беру арқылы, оқушыларды ғылыми ізденіске баулу
мақсатында жұмыстар жүргізе бастадым.Оқушыларға жыл басында тапсырмаларды
бөліп бердім, олар жыл бойы ізденіп, жұмыс жасады. Нәтижесін жыл аяғында
мына әдіспен бағаладым:
р/с |Оқушының аты-жөні |тақырыбы |Т-ң өзектілігі |Танымдық құндылығы
|эксперимент |Ой қорыту |Зерттеу шеберлігі |Жұмыс құрылымы |Баяндау тілі
|қорытынды | | | | | | | | | | | | | |
Сонымен бірге оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуға деген құлшынысын
одан ары арттыру мақсатында «Зерттеу шеберлігі үшін», жасына қарай «Ең
жас зерттеуші» бағамдарымен марапаттап отырдым.
Нәтижесінде бірнеше оқушыларым екі жыл бойы ізденіп түрлі тақырыптарда
ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып, республикалық ғылыми конференцияларда
өз еңбектерін қорғап шықты. Атап айтқанда, 2006-2007 оқу жылында 11-
сынып оқушысы Жапарова Райхан мен 10-сынып оқушысы Ибрагимов Ғалымжан
Қарағанды қаласында өткен, Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым
Академиясының аймақтық республикалық 33-ші ғылыми- практикалық
конференциясына қатысып, жүлделі І және ІІІ дәрежелі дипломдармен
марапатталды. Жапарова Райханның жасаған еңбегі жоғары дәрежеде
бағаланып, «Дарын» ғылыми-практикалық конференциясына ұсынылды.Осы жылы 9-
сынып оқушысы Ильясов Шайыр Ақтөбе қаласында өткен ҚР Кіші Ғылым
Академиясының 33-ші ғылыми-практикалық конференциясына жоғары мазмұнды
баяндама дайындағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.2008-2009
оқу жылында тағы екі оқушым өз жұмыстарының нәтижесін көрсетті. 11-сынып
оқушысы Жанасбаева Асем мен 10-сынып оқушысы Мейрамбаев Өміржан топтық
түрде жұмыс жасап, Қарағанды қаласында өткен, ҚР Кіші Ғылым
Академиясының 35-ші ғылыми-практикалық конференциясында өз жұмыстарын
қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жұмыспен айналысу барысында, оқушының қызығушылығын арттыру
үшін және зерттеу жұмысын ілгерілету үшін кітапханаларға бірге
бардым.Өсімдік көшеттерін отырғызуда және оларды үнемі бақылауда ұстауда
көмек беріп отырдым.Жұмыспен айналысу барысында оқушыларға материал
жинақтау әдістемесін, зерттеу нәтижелерін таблицаларға түсіру, олардың
салыстырмалы мониторингісін шығара білуді кең көлемде таныстырдым. Бұған
қоса әдебиеттерді пайдалану тәртібі, жасаған жұмысының негізгі түйінін,
қорытындысы мен өз ұсынысын белгіленген уақыттың ішінде жатық тілде
жеткізе білуге дағдыландырып отырдым.Бұл жерде ата-ананың рөлінің өте зор
екенін атап өткім келеді.Сондықтан ата-анамен де байланыс жұмыстарын
жүргізіп отырдым:
-ата-ананың рухани сауаттылығын байқау;
-отбасының әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу;
-оқушымен ғылыми жұмыс жүргізуге ата-ананың келісімін алу;
-кездескен проблемаларды бірлесе отырып шешу.
Қорыта айтқанда, қабілетті, дарынды оқушыларды дәл таба біліп,
әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін
және пәнге деген қызығушылығын аттыра білуіміз керек. Ең бастысы,
оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы
дарындыға айналдыра білуіміз қажет.Сонда ғана өз қабілетінің арқасында
бәсекелестікке, көшбастылыққа, түрлі байқаулар мен конференцияларға
қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейеді.
Ойымды қорыта келе, өзімнің жұмыстарыма талдау жасай отырып, мынадай
ұсыныстарды ұсынамын:
1. Оқушылардың пәндер бойынша қызығушылығын арттыру бағытында,
мұғалімдердің өзара көбірек тәжірибе алмасуына оң әсер беретін
конференция-семинарлар жиі болып тұрса (әсіресе, химия-биология
пәндері бойынша);
2. Дарынды балалармен жұмыс жүргізу іс-тәжірибелерінен жинақтар шықса;
3. Ғылыми жұмыспен айналысып, нәтижеге қол жеткізе білген оқушыларға
нақты жеңілдіктер қарастырылса;
4. Бар уақытын бала үшін сарп етіп жүрген ұстаздар қауымына арнайы
марапатаулар тағайындалса.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы.2005ж.
2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж.
3. «Дарын» журналының жинақтамалары.
4. А.И.Савенков «Одаренный ребенок в массовой школе» Москва.2001г.
5. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж.
6. «Биология және салауаттылық негіздері» журналының жинақтамасы.2009ж.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz