Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана-біздің күніміз

Тақырыбы: <<Ана біздің күніміз>>
<<Бала тілегі>> орындайтындар Гүлден, Арайлым,Малика
Малика: Той пердесін ашайықТойға шашу шашайықАналарды құрметтепӘн - маржанын шашайық Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік. Олай болса, бүгінгі мерекеміздің тақырыбы осы қасиетті <<Ана>> есімі болмақ.Наурыздың сегізіСұлулықтың негізіӘдемі сөзАдамның анаға айтар лебізі- Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.
Арайлым: Шуақты көктем келді гүлін алыпКөктемнің мерекесі бүгін анық.Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,Ана деп бас иеді күллі халық.Аделя: Дүниедегі әр адамзат баласы,Болсын мейлі ол бір елдің данасы,Мәңгілікке қарыздар боп біреугеӨтеді екен, ол - өзінің Анасы.
Дамир: Айтсаң болды тіл алам,Әйбат мамам, ақ мамам.Сені көрсем қуанам,Сен керексің қайда да.Гүлден: Кір түсірмей жағамаШашымды да тарайсыңМектебіме барардаМейірлене қарайсың.Аянат: Тау қопарып, тасты үгіпТұрғыздың сен не қалаСаған қандай жақсылықЖасай алам мен ана!
Қаир: Мамам менің ақ мамамГүлді маған баптағанЖырды маған жаттағанМен ұйықтамай жатпаған.Нұрзада: Шалқып тасып әнімізЖадырасын жанымызАна сені құттықтапӘндетеміз бәріміз.Малика: Өмірге - ана бұлақ, ана - пана,Өмірді өркендетер ана ғанаӨсірген талай шешен, талай көсемТалай ер, талай ақын, талай данаАна! ол - біздің елге ардақты адам. <<Апатайым-анашым>> ХОР
Гүлден. Ана дейміз бәріміз де аңқылдапАна дейді жас сәби де жарқылдапАна деген бәйтерегі өмірдіңАна деген алтын қазық, алтын бақ
Аянат: Баланың да тірегіДананың да тірегіШаншымасын ешқашанАналардың жүрегіНұрзада: Мәпелейсің мені, анамҚолыңдағы құсыңдайҚұлпыра өсіп дем аламҚұшағыңда қысылмай
Би <<Қамажай>>

Қаир: Еркелесем күлімдейтінҰрысқаны білінбейтінМаңдайымнан иіскеп меніңҚұлыншағым күнім дейтін
Мұғалім: <<Ана>> деген сөзді де<<Апа>> деген сөзді де<<Әке>> деген сөзді де<<Тәте>> деген сөзді де<<Аға>> деген сөзді деХормен балалар: <<Ойлап тапқан балалар>>Мұғалім: Күнім, жаным дегендіҚұлыншағым дегендіБотақаным дегендіАйналайын дегендіТолған айым дегендіХормен балалар: <<Ойлап тапқан аналар>> Ән: <<Құттықтаймын ана туған кұніңмен!>>Мұғалім: Құлыным дейді әжемБірақ мен баламынӘппағым дейді әжемБірақ мен қарамын - деп Шөмішбай Сариев деген ағамыздың өлеңінде айтылғандай біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын адам бар. Ол кім?Ойын: <<Кімнің дауысы табайық>> (анасы, әжесі дауыстайды, баласы ажыратады)
Малика: Таусылмайды өлеңіКүнде айтып бередіБарған сайын қонаққаКәмпит алып келедіӘжем менің өйткеніӨте жақсы көредіОйын: <<Мақалдың жалғасын тап>> (ата - аналармен)1 бала шығып мақалдың бастапқы сөзін айтады, анасы сол мақалдың жалғасын табады. Ананың сүті...., Баланың тілі...., Қыз өссе...., гүл өссе....Анаға қарап...., әкеге қарап....., Би <<Чунга - чанга>>

Аделя:Ардақты анам, асылымТеңдігіңді жырлаймын.Жырымның ең асылынМерекеңе сыйлаймын.Арайлым: Келбетіңде ұлылық,Даладан кең пейіліңАна деген - жылылық,Ана деген - мейірім,Ақыл құйған санамаКүннен де артық расындаКүн алыста, ал анам,Ылғи менің қасымда. <<Біз бақытты балалар>> ХОР Мұғалім: Барына риза болыңыздарҮйретерміз білмегенінОсымен бұл қызықты қорытындыласақТағы да үйретерміз аман болсақМерекенің соңында балалар өздерінің қолынан жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.



Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебі


1б сыныбында өткізілген ашық тәрбие сағаты



Өткізген:А.А.Оралбаева

2013-2014 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Аялайық ананы
Қыс қызығы-тамаша. ерте жас тобы
Ардақтайық ананы
8-наурыз мейрамы туралы
Бүгін бізде үлкен мереке
Сыныптың анасы
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Ана туралы
Әнімді анама арнаймын
Аналардың жүрегі
Пәндер