Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қысқы ауа райы. 4сынып

Омарова Дина Жусубалиевна
<<Хейлибери Алматы>> мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіздердің назарларыңызға 4-сыныпта өтілетін <<Қысқы ауа райы>> тақырыбын ұсынғым келеді. Негізгі оқу құралы ретінде Алматы <<Атамұра>> (авт: А.Қайырбекова <<Атамұра>> баспасы, 2011) қолданылды.

Тақырыбы: Қысқы ауа райы
Сабақтың мақсаты:
Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, қысқы ауа райы тақырыбына байланысты жаңа сөздерді меңгерту.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді,өз ойларын жинақтап айтуға үйрету.Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже: Сабақта танысқан жаңа сөздерді қолдана алу
Қыс туралы өз ойларын жаңа сөздерді қатыстырып жеткізе алу
Жай сөйлемдермен қыс мезгіліне қатысты шағын әңгіме құрастыра алу

Өзі-өзін бағалау:Жаттықтыру тапсырпмаларының көмегімен оқушылар өздерін бағалайды, кіші топпен жұмыс істегенде топтық бағалау іске асады, мұғалім сабақты қорыта келіп , оқушылардың осы сабақта алған білімдерін House Point беру арқылы бағалайды.

Ресурстар:Интерактивтік тақта, Флипчарт, аудиотаспа,оқулық, дәптер, суреттер.

Белсенді лексика: аула, қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың

Балалармен жылы қарым-қатынас орната отырып, олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
1) Өткенді қайталау
2) Қысқы ауа райы тақырыбына қатысты жаңа сөздермен танысу
3) Тапсырмалар орындау
Өткенді қайталау мақсатында 1-флипчартта берілген сөздерді тиісті жыл мезгілдері суреттерімен байланыстыру. (1 немесе 2 рет қайталануы мүмкін)


254053212700ҚЫС
00 ҚЫС
387531912700 ЖАЗ
00 ЖАЗ
127274612992 КӨКТЕМ
00 КӨКТЕМ
left8890 КҮЗ
00 КҮЗ

Негізгі бөлім
1.Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді оқу,мағынасын түсіндіру.
Жаңа сөздер: аула,қар лақтырып ойнады, кигізді, аққала, ұқсайды, қуанды, қалың.
Әр жаңа сөз Флипчартта жазылып тұрады,балалар сөзді оқиды,сөздің мағынасын ашатын сурет жасырынып тұрады.




Мұғалім сөздің мағынасын білдіретін сөзді Magic Ink-пен ашады.Сөздік жұмысы осылайша жүргізіледі. Оқушылар дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады.
2. Аудиотаспадан <<Кыс>> туралы әңгіме тыңдайды.
-Әңгіме не туралы?
-Әңгімеден не білдіңдер?
3.Мәтінмен жұмыс. №1 тапсырма, 130 бет.
Оқушылар мәтінді кезектесіп оқиды. Мәтіннен жаңа сөздерді тауып, сол сөздер бар сөйлемдерді оқиды.Мысалы:Қар қалың.
4. <<Қарлы кесек>> ойыны:

left1746250


Ойынның шарты Флипчартта реттімен көрсетілген.
Қар тәрізді ақ қағазды мұғалім оқушыға лақтырады, оқушы ашып, сондағы сұраққа жауап береді. Сұрақтар жоғарыда оқыған мәтіндегі әр сөйлемге құрастырылған.Ойын қағаз әбден таусылғанша ойнатылады.(8сұрақ,8қарлы кесек)
5.Топтық жұмыс.
Екі оқушыдан тұратын топ оқушылары өздеріне берілген нөмір бойынша суретті тауып, сол суретте бейнеленген сюжет бойынша тиісті сөйлемді мәтіннен көшіріп жазады. Мұғалім 2 минут уақыт береді. Уақыт біткенде балалар жұмысын тоқтатады да суреттерін алып, орындарына отырады. Бір топ тақтаға шығады, суреттерін көрсетіп, жазған сөйлемдерін оқиды. Басқа топтар суреттерге қарап,бірінші топтың жауабын тыңдайды, бағалайды.
4819135611490031880436921500170523215176400left1058900

377631119930400

53333481060802
00 2
3738708140695 4
00 4
2009741160741 3
00 3
362070160758 1
00 1



48932769729926
00 6
3550234132848001663409844400
3757895689248
00 8
40629780645 7
00 7
235073672098 5
00 5

6.Сөзжұмбақты шешу.

7. <<Қысқы ауа райы>> атты диалогті оқу.
8. Қорытындылау.

Мұғалім тақтаға сабақты қорыту үшін төменде берілген сабақтың қысқаша жоспарын жазып қояды. Оқушылармен бірге оқи отырып, орындалған жұмыстың тұсына белгі қояды.
Біз бүгін сабақта не істедік? не білдік? Белгі қою.()
1.Өткенді қайталадық.
2.Жаңа сөздермен таныстық.
3.Тапсырмалар орындадық.
Келесі сабақта: Келесі сабақта қысқы ауа райы мен қысқы демалыс тақырыбын сабақтастыру. Қыс туралы өз ойларын жеткізуге тапсырмалар дайындау.


Ұқсас жұмыстар
Қысқы ауа - райы
Тақырып Қыс қызықтары
Ауа райы. Сабақтың тақырыбы
Табиғат тылсымы
Жер шарының күнді айнала қозғалысы. 6-сынып
Ауа райын бақылау
Қыс жайлы ақпарат
Атмосфералық жауын-шашын
Күміс қыс . Тіл мәдениетін қалыптастыру
Қыс. зат есім
Пәндер