Санға 1-ді екі рет қосу және екі рет азайту: бастауыш сынып математика сабағы

күні : 12. 12. 2013ж

Пәні : Математика

Тақырыбы: Қосу және азайту.

Санға 1ді 2-рет қосу, саннан 1-ді 2рет азайту.

Мақсаты: Сандар қатарыныңнегізінде бөліктер бойнша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту.

Дамыту: Ойларын, қабілеттерін, санасын, зейіндерін дамыту. Бір - бірден қосу мен азайту дағдысын бекіту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, білімділікке, алғырлыққа, сауаттылыққа тәрбилеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ .

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, суреттермен жұмыс, ойын, слайдпен жұмыс, саяхат жасау.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе цифрлар, слайдтар, оқулық .

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу, түгендеу.

ә) Сабаққа даярлау.

Оқушыларды түгендеп, оқу - құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару.

б) Психологиялық дайындық .

Арайлап бүгін атты таң

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын шаттығын.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

-Балалар, бүгін біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болады. Бүгін біз, , Мақта қыз бен мысық’’ ертегісіндегі кейіпкерлермен кездесеміз. Ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. (Ертегі мазмұнын қысқаша айту) . Біз, балалар, бірінші мысыққа көмектесуіміз керек. Ол үшін ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындауымыз қажет. Арбаға мініп сиырға барамыз.

1. Сиырдың тапсырмасы. Кестелік қосу, азайту.

1. Санға 1- ді қосқанда қандай сан шығады?

Азайтқанда қандай сан шығады?

2. Сандарға байланысты өлең - шумақтарды айтып бер.

3. 7 санына байланысты не білеміз?

4. 7 күнді ата. 7атаны айтып бер.

5. 9 - ға дейін қандай сандар?

6. 10 - нан жоғары қандай сандар?

III. Сергіту сәті.

1, 2. 3.

Біз есепке салдық күш.

,, Артық ” десе, қосамыз.

,, Кем’’ десе, аламыз.

Соны еске саламыз.

IV. Жаңа сабақ.

Бүгіні сабағымыздың тақырыбы: Санға бірды біртіндеп қосу, біртіндеп азайту. Артық десек қосамыз, кем десе азайтамыз.

Мына ойыншықтарға назар аударайық : Дүкеннен анасы балаларына арнап ойыншық сатып алды. Оны балалары бақшадан келгенше сөреге жиып қойды. 1+1+1 =3 ойыншық . Балалар келген соң тарқатып берді. Арнатқа 1, Саматқа біреуін берді. 3 - 1 -1=1. Сөреде 1 ойыншық қалды. Оны анасы жиен немересі қыдырып келгенде беремін деп жинап қойды.

Мына тақтаға назар аударайқ . Ұзындығы 10см кесінді берілген.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

2 +1+1=4 9-1-1=7

жолығу.

2. Ағашың тапсырмасы. v. Оқулықпен жұмыс.

3 оқушы тақтада орындайды жоғалған сандарды табады.

№1. 1+1=2 7 - 1 =6 4 + 1 =5

6 - 1=5 3 + 1 =4 10 - 1=9

3. Саяхатымыздың жалғасы қыздарға жолығу. Қыздардың тапсырмасы.

№2.

9 - 1=8 8 + 1=9 2 + 1 = 3

9 + 1 =10 8 - 1 = 7 3 - 1 =2

4. Бұл сапарымызда дүкенге барамыз. Геометриялық пішіндермен жұмыс жасауды дүкенші тапсырмаға берді.

1 2 3

4 5 6 7

8 9 10

VI . Сергіту сәті.

Қане, түзу тұрайық,

Кесіндіні құрайық.

Сәуле болып созылып,

Нүкте болып қалайық.

5. Тауықпен кездесеміз не тапсырма берер екен? << Балық аулау >> ойыны.

1 +1+1=3 4+1+1=6 7 -1 -1=5 8 -1 - 1=6

2+1+1=4 5+1+1=7 6 -1-1=4 9 - 1 - 1 =7

3+1+1=5 6+1+1=8 5-1-1=3 10 -1 -1=8

Оқушыларымыздың қанша балық аулағандарын өрнектердің мәнін тексеру арқылы білеміз.

№4. Суретке қарап теңдік құра.

7 - 3 =4 7 - 2 =5

6. Ендігі саяхатымыз тышқанға жолығу. VII. Сабақты бекіту.

Тышқанның тапсырмасы тест сұрақтарына жауап беру.

  1. 4+3 дұрыс атауын тап.

а) теңдік ә) өрнек б) теңсіздік.

2. 7 -1 өрнегінің мәнін тап.

а) 6 ә) 8 б) 4.

3. 7=7 дұрыс атауын белгіле.

а) теңсіздік ә) теңдік б) өрнек.

4. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?

а) кесінді ә) сызық б) сәуле.

5. 5 пен 2 қай санның құрамы.

а) 3 ә) 7 б) 9

6. Салыстыр: 6 см* 7 см

а) <ә) >б) =

VIII. Қорытытнды.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздан не білдік? Не үйредік?

Сандар қатарының негізінде бөліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгердік.

 + 1 +1 -1-1

IХ . Үйге тапсырма.

92 - 93 -б. № 3, № 5 есептер.

Х. Бағалау.

Бүгінгі сабағымызды біз алмалармен бағалаймыз . Піскен сары алма 5, қызыл алма 4, көк алма3 деген баға.


Ұқсас жұмыстар
1-сынып математикасы: 1-ді қосу және азайту сабақ жоспары
2-3 сыныпқа арналған математика: разрядтан екі рет аттау және жазбаша көбейту мен бөлудің тәсілдері, 1-ге және 0-ге көбейту
Екі таңбалы сандарды баған түрінде қосу мен азайту: бастауыш сыныпта білімді тиянақтау сабағы
Бастауыш сынып математикасы: екі таңбалы сандарды қосу және азайту арқылы есептер шығару
Екі таңбалы сандарды бағандап қосу және азайту: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту әдістерін пысықтау: бекіту сабағы
1-сынып математика сабақ жоспары: Қосу және азайту
1-сыныпқа арналған математика сабақ жоспарлары: 9 және 10 сандары, бір және екі таңбалы сандар, қосу мен азайту
Екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту дағдыларын пысықтауға арналған бастауыш сынып ойын-ертегі сабақ жоспары
1-сынып математика сабағы: Екі амалды өрнектер және амалдардың орындалу реті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz