Күкірт қышқылы

І. Тақырыбы: Күкірт қышқылы. Серная кислота

ІІ. Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға күкірт қышқылының қасиеттерін өмірмен байланыстырып оқыту, есеп шығару дағдысын қалыптастыру;

2. Дамытушылық: Практикалық іс-әрекет арқылы жағымды мотивация қалыптастыру;

3. Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты сүюге баулу

Сабақ түрі: Интерактивті оқыту сабағы

Сабақ типі: Аралас сабақ

Құрал -жабдығы : интерактивті тақта, электронды оқулық, кестелер

Күтілетін нәтиже:

Білім алушылардың күкірт қышқылы туралы толық мәлімет алып, реакция теңдеулерін жазып, есеп шығара білуі.

ІІІ. Білім мен біліктіліктерін тексеру: « Бағдарлау- мотивациялық кезең »

  1. Күкірт туралы жалпы мәлімет
  2. Күкірттің атом құрылысы
  3. Физиологиялық әсері
  4. Күкіртттің химиялық қасиеттері
  5. Күкіртсутек, күкіртсутек қышқылы
  6. Төмендегі айналуларды іске асыруға болатын реакция теңдеуін жазыңдар:

S SO2 SO3

7. Электронды оқулық арқылы күкірт оксидтерінің зертханалық жұмысы

Мағынаны таны:

Түссіз, ауыр, сұйықтық

Су құйылса, қызып тұр.

Ылғал тартып ауадан,

Күштілігі артып тұр,

Ал, қанекей айтыңдар.

Қай қышқылды айтып тұр?

( күкірт қышқылы)

Білім алушылар жұмбақтың шешуі арқылы сабақтың тақырыбын табады. Төмендегі сурет бойынша неліктен күкірт қышқылын «қышқылдардың анасы» деп атаған. Көпбалалы анаға құрмет сияқты қышқылдардың ішінен таныстыру құқығы осы қышқылға берілген деп сабақты бастаймын.

IV. Жаңа сабақты оқыту жоспары:

1. Күкірт қышқылының химиялық формуласы

2. Құрылымдық формуласы

3. Салыстырмалы молекулалық массасы

4. Физикалық қасиеттері

5. Химиялық қасиеттері

6. Зертханалық жұмыс (Куртуа туралы мысал)

7. Электронды оқулық бойынша жұмыс ( зертхана)

8. “Қышқыл жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері” эссе (Экологиялық мәселе)

9. Қолданылуы (схема бойынша)

10. Қорытынды “Химиялық лото” (есептер шығару)

1. Күкірт қышқылының химиялық формуласы H 2 SO 4

Құрылымдық формуласы: H-O О

S

H-O О

М ( Н2SO4) = 98 г/ моль

Күкірт сары түсті бейметалл. С. а. м. 32-ге тең. Реттік нөмірі-16

Мына төмендегі суретке қарап күкірт қышқылының суда еруінің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тауып, дұрыс емесін сызып таста.

Су күкірт қышқылы

DSC00927

Күкірт қышқылы су

Хииялық қасиеті:

H 2 SO 4 H + + HSO 4 - көп негізді қышқыл болғандықтан сатылап

диссоциацияланады:

HSO 4 H + + SO 4 -

Электронды оқулықтан зертханалық жұмыс көрсетемін, білім алушылар реакция

теңдеуін жазады.

« Баспадан табылған мақала »

Баспадан мақала табылды. Оның жарыққа шықпай қалуының себебі көптеген қателер

жіберілген екен. Сол қателерді түзетіп, жарыққа шығуына көмек тигізейік.

« Күкірт тұздар класына жатады. Оның салыстырмалы молекулалық массасы -89-ға тең.

Ол ұшқыш газ. Суда ерімейді, ерімейтін болғандықтан иондарға ыдырамайды. Бір

негізді, оттексіз тұз. Қышқыл қалдығының валенттілігі 3-ке тең »

Білім алушылар осы мақаланың қатесін оқыған бетте түзетіп отыру керек.

Куртуа туралы мысал келтіре отырып, қауіпсіздік техникасына тоқталып кетемін.

«Бірде Француз ғалымы Бернар Куртуа өзінің зертханасында түскі асын ішіп отырады.

Оның иығына жақсы көретін мысығы келіп отырады. Тамақтың жанында теңіз балдырыны спирттегі тұнбасымен, екіншісінде концентрлі күкірт қышқылының темір үгіндісімен қоспасы тұрған. Бір уақытта мысық жалыққан болу керек жерге секіріп түседі де ерітінділерді сындырып, олар бірімен-бірі араласып кетеді. Ауаға ұшқан ерітінділер

ыдыстардың үстіне келіп қонады. Сөйтіп Бернар Куртуа мысықтың көмегімен йодты

ашқан екен. » Сұрақ:

  1. Куртуа қандай қауіпсіздік ережесін бұзды?
  2. Концентрлі күкірт қышқылымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

Электронды оқулықтан қауіпсіздік техникасының ережесі туралы көрсетемін.

Сабақты бекіту: « Оперциялық-орындаушылық кезең»

Тірек ақпар, тиімді тәсіл, оңтайлы шешім жорығы

і

№1 есеп . Күкірт қышқылының с. м м. табыңыз, әрбір элементтің массалық үлесін табыңыз

М r ( H 2 SO 4 ) = 98

W ( H) = 2/98*100% = 2, 0 %

W ( S) = 32/98*100% = 32, 7 %

W (O) = 64/98*100 = 65, 3 %

2, 0%+32, 7%+65, 3% =100%

DSC00936

№2 есеп. Күкірт қышқылының формуласына сай элементтердің массалық қатынасын есептеңіздер:

А r (H) =1 А r (S) =32 А r (O) =16

m (H) : m(S) : m(O) = 2*1+32+4*16=2:32: 64= 1:16:32

№3 есеп. Күкірт қышқылының барий тұзымен әрекеттесу теңдеуін жазыңдар:

H 2 SO 4 +BaCI 2 =BaSO 4 +2HCI

2H + +SO 4 2- + Ba 2+ + 2CI - = BaSO 4 +2H + +2CI -

SO 4 2- + Ba 2+ = BaSO 4

DSC00924 Ақ түсті

Бұл реакция SO 4 2- ионына сапалық реакция болады. Себебі түзілген BaSO 4 ақ тұнбасы суда да, қышқылда да ерімейді.


Ұқсас жұмыстар
Күкірттің физикалық қасиеті
Күкірт қышқылы жайлы ақпарат
Күкірт қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуы
Күкірт қышқылы Күкірт қышқылының қолдануын химиялық реакциялар
Күкірт қышқылдарының тұздары
Қышқылдардың химиялық қасиеттері, алынуы және жіктелуі тақырыбын қорытындылау
Химиялық ертегі
Реакция теңдеулері
Қосылатын күкірт қышқылының массасын тап
Қышқыл жаңбырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz