Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу, сұлулық бағдарламасы "сен сұлу"

Есенкабылова Сауле Аманкелдіқызы
9 - сынып жетекшісі
Әсемдік пен әдеміліктен кеңес алу,
сұлулық бағдарламасы
Жоспары :
І. Кіріспе сөз
Қыз өссе - елдің көркі .
ІІ. Негізгі бөлім
а/ қонақтардың ой - толғанысы
ә/ қонақтарға қойылатын сұрақтар
б/ көрермендердің пікірі
ІІІ. Қорытынды
а/ бағдарламаның көпшілікке әсері
ә/ бағдарламаның түйіні
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,
Зерделі ұл, зейінді қызды сынар - демекші, қыз баланың тәрбиесі ата - анаға, халқына да үлкен сын . Үй жинау, кір жуу, тамақ пісіру, дөрекі сөйлемеу, ізетті болу ата - анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білу әрбір қыз баланың міндеті . Қазақта « Қызды қырық үйден тыю, қалса күңнен тыю », « Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі » дегендей ұлағатты сөздің қалуы әрбір қыз әке - шешесінің аясындағы жайқалған гүлі екендігі аян, қыз баланың өзін нәзіктіктің символына, керемет сұлу құс- аққуға, жайқалып өсіп тұрған гүлге, жарқырап жанып тұрған жұлдызға теңейді . Бірақ қазіргі жағдайда елімізде бұрын - соңды болмаған келеңсіз оқиғалар бой көрсетіп жатыр . Қазір өзімен қатар қазақ қыздары ауыл қыздарын менсінбей, орысша сөйлеп, жарассын, жараспасын денесін жартылай жалаңаштап батыстың қыздарына еліктегені сонша, өздерінің инабаттылығынан жұрдай . Кейде мен осындай жеңілтек қыздар бүкіл қыз атаулыға кір келтірмек деп қорқамын . Тағы да бір айтып кететін жайт, кейбір қыздардың пікірлері бойынша қыз бойындағы басты шарт сұлулық деп түсінеді . Неғұрлым сұлу да, көркем көрінсең соғұрлым махаббатта жолым болады деп ойлағаны өкінішті - ақ . Сондықтанда ондай әпкелеріміз бетіне опа жағып, қасын түзеп, кірпігін ұзартып, шашын бояумен әлек болады . Ойлап қарайықшы, ерте заманның қазақ қыздары беттеріне опа жақпай-ақ өте көркем де, сұлу болған . Қазақта қазақтың инабатты, кішіпейіл, мейірбан, ақылына көркі сай сұлуды ару деп атаған .
Әсемдігі тал бойына жарасқан .
Па, шіркін, арулары қазақтың,
Сұлулығы әркімнен - ақ санасқан, - деп ақын жырлағандай жыр дастандарында ару бейнесіндегі Құртқа, Қарашаш, Меңдісұлу, Назым, Қыз Жібек, Баян сұлу, Меңтай секілді арулар аз болмағандығын еске алайық . Қазіргі кезде сұлулар көп, ал арулар аз . Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың « Махаббат қызық мол жылдар » атты кітабын оқып көрдіңіздер ме ? кітап бәріңе де ұнайды . Бұл кітапта Меңтай деген қызға анасы кереметтей өсиет қалдырады . Осы ана жүрегінен шыққан өсиеттен үзінді келтіріп көрейін :
- Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді . Ал халықта « Есті қыз етегін қымтап ұстайды » деген мақал бар .
- Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр
- Ауыз шешендік әркімде болады . Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал . Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көз қарасы, жүріс - тұрысы, бәрі де сайрап тұрған сөз . Сондықтанда оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс .
- Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді . Осы айтылған өсиет тек Меңтайға емес, барша қазақ қыздарына айтылған өсиет емес пе ?
Қонақтардың ой - толғанысы :
Атам қазақ қыз бойынан ешқандай мін табылмағанын қалаған . Келбетіне, арайлы жүзіне сай жан дүниесінің сұлу болғанын қалаған . Көкірегі ояу, келбетті, сұлу, қос бұрымды, үстіне киген киімі жарасымды, кең етекті, иман жүзді, парасатты, кең пейіл, кішіге қамқор, үлкенге құрметі бар жан болуына көп мән берген .
Қыз еркем, өзіне тән сәнімен, келбетімен, жан дүниесінің сұлулығымен көркем, - деп бекер айтылмаса керек . Қыздың бойжеткен кезінде бойын тік ұстап, ай жүзіне жұрт таң қаларлықтай сұлулық, қыз балаға тән тәкәппарлық, он саусағынан өнері тамған өнерпаздық, ақылына тапқырлық, жөн сөз айта білетін тапқырлық болуына қыз анасы тікелей жауапты болуы керек деп ойлаймын . Қыз балаға шеше жақын болады . Қыз бала тәрбиесі әкеге қарағанда, шешеге көбірек байланысты . Атам қазақ қыз баланы еркелете отырып, оған қатал да қарап отырған . « Қызға қырық үйден тыю », « Қызы бар үйдің иті жатпас », « қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі »,
« Қыз - болашақ келін, болашақ ана » деп түсінген . Қыз баланың сұлулығы тек келбетінде ғана емес, жан дүниесінде де болуы шарт . Сұлулық ол - кең ұғым . Сұлу ұғымына - жан сұлулығы, тән сұлулығы, имандылық, кішіпейілділік, парасаттылық, жарасымдылық, сөз мәнері, жүріс - тұрысы, мәдениеттілік, сыпайылық, сезімталдық, өзіне тән тәкаппарлық та кіреді . Қыз бойынан осы аталған қасиеттердің бәрі табылып жатса, одан артық қазға тән сұлулық болмас .
Қадыр Мырзалиев ағамыздың өлеңі :
Қыздар - қызыл гүл ғой өсіп тұрған бақтағы,
Қыздар - жігіттердің асыл арман ақ таңы
Қыздар - әсем ән ғой, әлі айтылып болмаған,
Қыздар - бақыт құсы, қолға оңай қонбаған .
Қыздар - өсіп бойжеткенде елдің көркі саналар,
Қыздар - шуақ төккен күн нұрымен бара - бар
Қарақат көз қарындастар аққу сынды сүйікті,
Жігіттердің қолы жетпес көріңдер ең биіктен .
Қонақтарға қойылатын сұрақтар :
- Сұлулық деген сөздің астарында не жатыр ?
- Жан сұлулығы мен тән сұлулығы дегенді қалай түсінесіздер
- Қазақ қыздары тән қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар ?
Көрермен пікірі :
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, - деп Абай атамыз жырлағандай ару қыздарымыздың шашы ұзын болса, егер ұзын болмаса да өзіне жарасымды етіп қидырса, оны түрлі - түсті емес бет келбетін ашатын өзінің табиғи шашының түсі сақталса, шаштың әдемілігі ару қыздарымыздың сұлулығын аша түсері анық деген пікірдемін .
Көрермен пікірі :
Қыз емес қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын .
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқымның сақтай білген игі салтын, - дегендей ару қыздарымыздың сұлулығына сай ата - бабамыздан келе жатқан салт - дәстүрімізді білетін болуы керек . Өйткені салт - дәстүрінен айрылған ел, ел болудан да қалады . Балаға дәстүрімізді ана сүтімен дарыту келешек ана - осы ару қыздарымыздың қолында .
Көрермен пікірі :
Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz