Үздік тарихшы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімдері: Базарбаева Айман Тұңғышбайқызы
Сергебаева Гүлзана Отарбекқызы
Махмет Кенжекул
Қазақстан тарихы, 6-сынып
Тақырыбы : Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.
( аралас сабақ - 45 минут)
(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)
«Көпір»
тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеріге негіз болатын қайталау тапсырмалары
1Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атаған ?
Ж: Массагет деп атаған.
2. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атаған?
Ж: Турлар
3. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?
Ж: Абыздар
4. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды қалай атаған?
Ж. Парадарайя
5. Шошақ бөрік киетін сақтарды қалай атаған?
Ж. Триграхауда сақтары деп атаған
Ондай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы туралы айтылады.
Теориясы:«Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай?нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек)
1 . Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1. Сақтар тұтас ру болып көшіп-қонған, малдарын қоныстарға
айдаған.
2. Сақтардың шаруашылығында жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды.
3. Археологтар қазіргі Қызылорда облысы жеріндегі Шірік-Рабат қаласы мен малшылардың қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты.
4. Шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүрген сақ малшылары өркешті
түйе өсірген.
5. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.
6. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер
тұрғызылған.
7. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
8. Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді.
+Теориясы: «Түсіну»
( неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшінқойылады)
2. Себебін анықта
1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?
Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
2. Неліктен тас, қола, темір дәуірі деп аталды?
Ж: Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты.
3. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын
алады?
Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде
қайда өткір, төзімді болып келеді.
4. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.
Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
5. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде?
Ж. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасының мықтылығында
Теориясы:
«Талдау»
( 1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
1-3) Сақ жауынгерлері Шырақ пен Спитаменнің ерлігін Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Шырақтың ерлігі Ұқсастығы Спитаменнің ерлігі
Тақырыптың басты идеясы бойынша «Сәйкесін тап» тірек-сызбаны толтырып, боя.
Оқулықпен жұмыс:
- Қалып қойған даталарды көрсет және оқиғалардың ретін анықта.
Марафон шайқасы б. з. б 490 жылы
Кир патша бастаған парсы әскерінің сақ жеріне басып кіруі б. з. б 530 жылы
Александрдың Македония патшасы ретінде жариялануы б. з. б. 4 ғ
Дарий патша бастаған парсы әскерінің Қазақстан жеріне басып кіруі б. з. б 519 жылы
Практикасы
«Баға беру» ( Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша ) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
Сен Шырақ сияқты ерлік жасар ма едің?
Ж:
Теориясы: «Білу»
(тақырып мазмұны бойынша кім?не?
қандай? қалай? нені? қашан?не істеді сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады)
1 . Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1. Сақтар тұтас ру болып көшіп-қонған, малдарын қоныстарға
айдаған.
2. Сақтардың шаруашылығында жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды.
3. Археологтар қазіргі Қызылорда облысы жеріндегі Шірік-Рабат қаласы мен малшылардың қоныстарының маңынан суару каналдарының іздерін тапты.
4. Шөл және шөлейт аймақтарда өмір сүрген сақ малшылары өркешті
түйе өсірген.
5. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан.
6. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер
тұрғызылған.
7. Сақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
8. Адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі үшке бөлінеді.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
Графикалық диктант. (иә, жоқ)
1. Сақтар отырықшы мал шаруашылығымен айналысқан жоқ
2. Көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйлерді түйелер мен жылқыларға артқан иә
3. Қысқы қоныстарында сақтар балшықтан құйылған кірпіштен үйлер тұрғызған иә
4. Темір еңбек құралдарын жасау және қолдану кезеңі қола дәуірі деген атау алды жоқ
5. Темір табиғатта үнемі таза күйінде кездеседі иә
6. Қарапайым аң терілерімен пештің температурасын 1300 градусқа жеткізуге болады иә
7. Балқыған темір алу үшін температурасы 1530 градусқа дейін жеткізу қажет иә
Теориясы: «Түсіну»
( неге? неліктен? себебі? не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
Себебін анықта:
1. Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру неліктен маңызды болды?
Ж: Жылқы мініс көлігі ретінде тиімді болса, ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі.
2. Неліктен тас, қола, темір дәуірі деп аталды?
Ж: Адамзат тарихын бұлай бөлу осы аталған кезеңдердегі құрал-саймандардың қандай заттан жасалғандығына байланысты.
3. Адамзат тарихында темір дәуірі неліктен ерекше маңызды орын
алады?
Ж. Өйткені темір құралдар тас және қола құралдарға қарағанда әлде
қайда өткір, төзімді болып келеді.
4. Не үшін Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді.
Ж. Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
5. Грек-македон әскерлерінің жеңілу себебі неде?
Теориясы:
«Талдау»
( 1. Салыстыр,
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.
Практикасы:
«ҚОЛДАНУ»
(ІІ кезеңдегіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)
Дұрыс жауаптарды белгіле:
1. Сақтардың А. Македонскийге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы
А. Геродот В. Страбон С. Арриан
2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін кім басқарды?
А. Спаргапис В. Спитамен С. Шырақ
3. Гректер қай ғасырда сақ жеріне қауіп тексерді?
А. Б. з. б. 4ғ В. б. з. б 5ғ С. б. з. б. 6ғ
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды
жүйеле, анықтама бер,
кесте, сызба, ребус шеш . деген сөздер тапсырма шартында болу керек) .
Сөзжұмбақты шеш .
1. Сақ патшайымдарының бірі.
2. Өз отанының тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен сақ бақташысы.
3. Сақ жеріне б. з. б. 530 жылы басып кірген парсы патшасы.
4. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған сақтың есімі.
5. Ежелгі грек тарихшысы, «Тарихтың атасы »
6. Сақ патшайымы туралы жазған рим тарихшысы.
7. Македонскийдің сақтарға жасаған рим тарихшысы.
8. Томиристің ұлы. 9. Дарий патшаға қарсы шабуылды басқарған сақ көсемі. 10. Дарийдың сақтарға жасаған жорығы туралы айтылған ежелгі жазба. 11. Сақ жеріне б. з. б. 519 жылы басып кірген парсы патша.
Практикасы
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың?Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады
Сен қалай ойлайсың?
- Сақ патшайымы туралы рим тарихшылары жаздыма?
Ж. иә
2. Геродотты тарихтың атасы деп есептейсің бе?
Ж. иә
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Базарбаева Айман Тұңғышбайқызы
Үздік тарихшы
(Тарихи - танымдық ойын)
Мақсаты: Тарих пәні бойынша оқушылардың білімін сарапқа салу, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Барысы: Сайысқа он екі оқушы қатысады, ойын он бір айналымнан тұрады.
Сайыстың шарты: Сайысқа жеке-жеке қатысқанымен, әр сұраққа дұрыс жауап беру арқылы ортақ «Банкке» (теңге немесе құнды қағаз) барлығы бірлесіп ақша қаражаттарын жинақтайды. Әр айналым сайын ақша салалмаған оқушылардың біреуі, басқа ойыншылардың келісімімен ойыннан шығарылып отырады. Сайыс соңында өзінің біліміннің нақтылығын көрсете алған оқушы ғана «Банкте» жинақталған ақшаға ие болып, жеңімпаз атанады.
І. айналым.
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім? (Томирис) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz