«математика- ақыл-ойдың әуені» сайысы

«Математика- ақыл-ойдың әуені» сайыс.

Мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызушылығын, математикадан алған білімін қорытындылауда, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыруға, логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды ұжымдылыққа, жолдастыққа, алғырлыққа қалыптастыру.

Сайыс жоспары:

  1. Төс таңбасы.
  2. Ұран.
  3. Ширату. /Жауап нақты, тез болу керек/
  4. «Өз біліміңді көрсет» Топ капитандарының сайысы.
  5. «Ойымды жалғастыр» сайысы (әр топ шапшаң жауап беру керек)
  6. «Кім жүйрік, кім жылдам» есептер шығару.
  7. Жанкүйерлер сайысы.

Жүргізуші: Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, -деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Қанекей, кім шығады сайысуға.

Бүгінгі сайысқа екі сынып қатысады. Олар 5-а, 5-в сынып оқушылары сайысқа 6 оқушыдан қатысады.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар.

«Кенгуру» тобын халайық

Қол соғып қарсы алайық.

(Кенгуру тобы ортаға келіп өз орындарына отырады. )

Үлгі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты, -деп ортаға «Ақбота» тобын шақырамыз.

Жүргізуші : Сайысымызды бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқзылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әділқазылар алдына дайындалып қойылған.

Шеберлікті, білімді

Сараптап сендер көріндер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысымыздың әділ қазылар мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1) Рахимжанова Гүлсім Касеновна- математика пәні мұғалімі

2) Құсбекова Ардана Канатовна

Енді екі топ өздерінің дайындаған төс белгісін ұсынады.

Сонан соң ұрандарын айтады.

І топ 5-а сынып оқушылары «Кенгуру»

Ұран: «Жарыс десе жанамыз,

Нақты жауап табамыз»

ІІ топ 5-в сынып оқушылары «Ақбота»

Ұран: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда ұмытыла біл жеңіске».

Жүргізуші: Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, -дей отырып бірінші сайысымызды бастайық.

«Ширату» сайысы топтарымызды кішкене ширатып алайық. . Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріп отырасыздар.

«Ширату» сайысының сұрақтары:

“Кенгуру» тобына:

  1. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?(0)
  2. 1метрде неше см бар? (100см)
  3. Қандай үш бір таңбалы сандардың қосындысы олардың көбейтіндісіне тең?(1, 2, 3)
  4. Шеңбер сызатын құрал?(циркуль)
  5. Барлық қабырғасы тең тік төртбұрыш?(квадрат)
  6. 11 жай сан ба, әлде құрама сан ба?(жай)
  7. Ең кіші натурал сан?(1)
  8. Кез келген екі нүкту арқылы нені жүргізуге болады?(түзу)
  9. 2 мен 3-тің ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең? /6/
  10. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

«Ақбота» тобына:

  1. Ең кіші жай сан?(2)
  2. Миллионда неше нөль бар?(6)
  3. Квадрат қабырғасы 9см. Периметрі неге тең?(36)
  4. 1 тонна мақта ауырма, әлде1тонна темір ауыр ма?(бірдей)
  5. Шаршының неше қабырғасы бар?(4)
  6. Кесіндіні өлшейтін құрал қалай аталады?(сызғыш)
  7. 12 мен 15-тің ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең? /60/
  8. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды. (5 бала)
  9. Шеңбердің центірінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық (радиус)
  10. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше

сағат ойнады?(4)

Қиындықтан өткізер.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Жүргізуші: Ал енді оқушылар екі топтың капитандарын ортаға шақырамыз.

Тақтада әр оқушыға үш есептер берілген соны қатесіз шығару керек. Есеп дұрыс шығарылса 10 ұпай беріледі.

Жүргізуші: Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін-деп

Келесі сайсымыз «Ойымды жалғастыр» (әр топ шапшаң жауап беру керек) . Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Физика біліктілері
ҮІІ кезең
Қалтам қанша
Жас математиктер сайысы
Сайыстың түрі
Сайыстың көрнекіліктері
Топ басшыларының сайысы
Педагогикалық технологияларды игеру
Сандар тобына
Бақытты балалық шақ жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz