Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Жер асты сулары

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Мақсымбаева Сұлу

Сабақтың тақырыбы:Жер асты сулары
Сабақтың мақсаты:1.Жер асты сулары,олар қайдан пайда болатыны жайлы түсінік беру
2.Ой-өрісін,сөздік қорын,байлығын,мазмұнын өз сөзімен
жеткізуге білу қабілеттерін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,суды үнемдеуге баулу
Сабақтың түрі:аралас. Әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру 2.Психологиялық дайындық
Табиғат сен-тіршілік тұнып тұрған,
Сен-күнсің,көтеріліп күліп қырдан.
Сен-көлсің,сен ормансың,сен-бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған-деп
табиғат құдіретінің мәнін түсініп,айнала,қоршаған дүниені танып білуге ат салысып,сабағымызды бастайық.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Су. Табиғаттағы су айналымы (2-3 оқушыдан мазмұнын сурау)
4.Үй тапсырмасын қорытындылау.
Тест
1.Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
А.сұйық,қатты,газ. Ә.сұйық,газ,ащы. Б.сұйық,газ,жұмсақ
2.Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А.үштен бір Ә.үштен екі Б.екіден бір
3.70 кг. адамның денесінде қанша кг.су бар?
А.60 кг. Ә.70кг. Б.50 кг.

4.Адам су ішпей қанша шыдайды?
А.1 күн Ә.1 апта Б.3 күн
5.Жаңа сабақ.ЕХРО-2017 көрмесіне үлес қосу. Ребус шешіп,жаңа тақырыпты ашу.
Күннің жадын,сабақтың тақырыбын жазу.
Оқулықпен жұмыс. а. Мәтінді оқып беру. ә. Мазмұнын ашу.
Сергіту. Бейнеу ауданына 40 жыл туралы айту.Бейнеубай ата 1864-1937ж өмір сүрген.Әйгілі құдықшы,ол қай жерден құдық қазуға болатынын дәл таңдай білген,қабілеті ерекше адам болған.Маңғыстаудыңойы мен Үстірт үстіндегі мол сулы ондаған құдықтың бірден бір шебері.30-шы жылдары жасы егдіріп қалған әрі ескіше сауаты бар Бейнеубай <<молдасың>>деп қудалау қаупінен бас сауғалап,Иран жеріне ығысуға мәжбүр болып әйгілі құдықшы жат елде дүние салады.
Біздің Бейнеу ауданымыз осы кісінің атымен аталады.Ауданымызға биыл 40 жыл Мерекеге арнап туған жер түлектерінің шығарған <<Бейнеу-бағым>> әнін орындайық.
Б. Өз беттерімен оқу. В.Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс.
1.Судың қасиеті-жақсы еріткіштігі. Тәжірейбе жасау.(Ас тұзын стақандағы суға салып еріту)
2.Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарын ерітеді.Физикалық қасиетін өзгертеді,дәм және иіс п.б
3.Минералды су жарамды,жарамсыз болады.Ішуге жарамды минералды судың 1 литрінде 2-20 г. еріген тұздары болады.Адам ағзасына пайдалы әрі сырқаттарынан айығуына көмектеседі.Сондықтан оларды <<Шипалы су>>деп атайды.Сарыағаш>>,Тассай>>,Қарағайлы>>,Вита>> т.б
4.Сарыағаш курорты туралы деректі кітаптан оқыту.Суреттерін көрсету.
5.Өз ауданымыздан шығарылатын шипалы су <<Қарағайлы>> суы туралы әңгіме.
Г.Сен білесін бе?(Оқулықтан 1оқушыға оқыту).
6.Шығармашылық тапсырма:
1-топ.Су туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ.Жұмбақ шешу.
3-топ.Тыйым сөздер жазу
7.Сабақты қорытындылау. <<Жаңбыр тамшылары>> ойыны арқылы сұраққа жауап алу.
А.Егер өсімдік сусыз қалса не болады?
Ә.Терек бір жазда неше литр суды буға айналдырады?
Б.Маңында өзен-көлі жоқ елді мекен суды қайдан алады?
В.Каспий теңізінің суды қалай тазартады?
Г.Біздің ауданымызда қандай минералды су бар?Шаршағанды басатын,
Сарайыңды ашатын.
Су болмайды қашанда,
Қарағайлы суынан асатын.
Тәуелсіз елім,тәуелсіз болсын жерімде,
Жарқырап көзің ай,жұлдыз күлсін көгіңде.
Сулы да болып,нулы да болып Бейнеуім,
Төрт түлігім жайылып жүрсін төріңде-деп сабақты аяқтаймыз.
8.Оқушыларды бағалау.





Ұқсас жұмыстар
Құрлық сулары жайлы ақпарат
Құрлық сулары,10 сынып
Қазақстанның ірі өзені
Қазақстанның ішкі сулары. өзендер
Еуразиның ішкі сулары
Аустралия климаты.Өзендері мен көлдері
Солтүстік америка материгінің ішкі сулары
Еуразияның ішкі сулары. 7-сынып
Негіздерді теріп жаз
Құрлық сулары.
Пәндер