9-сыныптарға арналған информатикадан Көңілді тапқырлар сайысының өткізу жоспары

Қожахметова Шолпан Олжекенқызы
Астана қаласы №34 орта мектептің
информатика пәнінің мұғалімі
Көңілді, тапқырлар сайысы
(жарыс-сабақ)
Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Көрнекіліктер: компьютер, кеспе қағаздар, мультимедиа проекторы, презентация
Жарыс 9 сыныптар арасында өтеді. Әр командадан 4 оқушыдан қатысады.
Жарыс мынадай кезеңдерден тұрады:
- «Кім жылдам». Командаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен мәтін таратылады. Қай команда ең көп символ теретіні тексеріледі.
2. «Түсін мені» пародия келтіру
- Компьютерде ойнап отырған баланы келтір.
- “Компьютер завис” келтір
- Істемей қалған принтерді келтір.
- Бірінші рет компьютерге отырған әкеңді келтір
3. «Ойланайық»
Берілген сөздердердің әріптері ауысып кетіпті. Сол сөздерді қалпына келтіріп, әр сөзге қысқа анықтама беру керек.
- Красен (Сканер)
- Трионом (Монитор)
- Россецорп (Процессор)
- Таксиед (Дискета)
- Камыш (Мышка)
- Перринт (Принтер)
- Рокурс (Курсор)
4. «Қызықты сөздер»
Берілген кестеден үлгі бойынша пәнге байланыстысын тауып сызып көрсету керек
- Капитандар сайысы.