10,100,1000 т.с.с. сандарға көбейту және бөлу

Жумаканова Гульмира Жамалиевна

ШҚО Көкпекті ауданы Биғаш ауылы

«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәні: Математика

Сыныбы: 4-сынып

Сабақтың тақырыбы : 10, 100, 1000 т. с. с. сандарға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға бөлудің, көбейтудің тиімді тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: Ойын технология әдісінің элементтерін қолдана отырып оқушылардың ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, өздігінен қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: ойын технология элементтерін қолдану, топпен жұмыс.

Көрнекілік: дидактикалық материалдар, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. .

Оқушылар назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді бламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :

Дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерді ауыстырып, көркем жазуды жазу. Күн ретін жазу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту:

  • Балалар, терезеге қарайықшы қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қандай ай?
  • Осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
  • Жаңа жыл мерекесіне біз ортаға не құрамыз?
  • Ендеше, біз де бүгін жасыл шырша құрамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ .

  1. Шыршаны әкелу.

№1 есепті шығару:

а) 2 * 10 23 * 10 234 * 10

2 * 100 23 * 100 234 * 100

2 * 1000 23* 1000 234 * 1000

- Кез келген санды 10, 100, 1000 сандарына көбейту үшін не істеу керек?

ә) 20 : 10 230 : 10 2340 : 10

200 : 100 2300 : 100 23400 : 100

2000 : 1000 23000 : 1000 234 000 : 1000

  • Санды 10, 100, 1000 сандарына бөлу үшін не істедік?
  1. Шыршаны безендіру.

Әр оқушыға жеке - жеке тапсырмалар беремін. Сендер сол тапсырмаларды дұрыс орындаған сайын шыршамыз әдемілене түседі.

№2

  1. тапсырма

98 : 10

  1. тапсырма

987 : 100

  1. тапсырма

9876 : 1000

№3

  1. тапсырма

Мына сандардың ішінен 10- ға қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз: 3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

  1. тапсырма

Мына сандардың ішінен 100- ге қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз: 3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

  1. «Баспалдақ» ойыны.
  • Біз шыршаның басына жұлдызды ілу үшін баспалдаққа шығу керекпіз.

Оқулығымыздағы №4 есепті шығарайық.

4839 :1000

438: 100 765: 100

48: 10 76: 10

Ү. Сергіту сәті:

Логикалық есептер: (жұмбақ есептер)

1. Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек? (5 + 3) - 1 = 7

2. Он асықтың төртеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады? 10 - 4 = 6

  1. Шыршаның шамын жағу.

№7 Есеп құрастырып және оны шығару:

Жылдамдық
Уақыт
Қашықтық
Жылдамдық: ? Бірдей
Уақыт: 4 сағат
Қашықтық: 240 км
Жылдамдық: 5 сағат
Уақыт: ?

t - 4 сағ

s - 240 км

v - ?

v = 240 км : 4сағ = 60 км/ сағ

ҮІ. Бекіту:

Сәйкестендіру тесті:

2 * 10 4400

23 * 10 20

44 * 100 6

55 * 1000 230

600 : 100 92

50 : 10 55000

92000 : 1000 5

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:

№6 122 - бет

Оқушылардың білімін бағалау.

  1. тапсырма

98 : 10

  1. тапсырма

987 : 100

  1. тапсырма

9876 : 1000

  1. тапсырма

Мына сандардың ішінен 10- ға қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз: 3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

  1. Тапсырма

Мына сандардың ішінен 100- ге қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз: 3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.


Ұқсас жұмыстар
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Рационал сандарға амалдар қолдану жайлы ақпарат ( 6-сынып )
Факультативтік курс жоспары. математика 7 сынып
Дәреженің көрсеткіші
Бөлшек сандардың ондық жазылуы
Ойлаған санды тап
Математика сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану. 5 сынып
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жағдайлары
МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz