Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ақша қар
Сартова Алия Тенеловна
Бастауыш сынып мұғалімі
Сам орта мектебі
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы
Әдебиеттік оқу 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров. Ақша қар.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік. З.Шүкіровпен таныстыру. Өлеңнің мазмұнын ашу.
2.Дамытушылық. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу мен сөздік қорларын байыту.
3. Тәрбиелік. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: З. Шүкіровтың портреті, қыстың суреті, ақша қар, шырша мен ойыншықтар, карта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, ашық сабақты хабарлау.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. М. Жұмабаевтың <<Балапан қанат қақты>> әңгімесін мазмұндау.
2. Үй тапсырмасын бекіту: <<Аққала жасайық!>>
1) Мағжан Жұмабаев туралы әңгімеле.
2) Әңгімеде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
3) Балапан неге жылы жаққа кете алмаған?
ІІ Қызығушылықты ояту.
Жаңылтпаштарды оқу.
1) Бұл қар-
Сұр қар.
Сұр қар-
Кір қар.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
2) Қырбық қар құрғақ па,
Құрғақ қар құрғақ па?
Қырбық қарда құрғақ,
Құрғақ қар да құрғақ.
Жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдің? Тақтаға жазу.
ІІІ Жаңа сабақ.
-Тағы қандай қар болатынын білгің келе ме? Онда белгілі ақын
З. Шүкіровтың <<Ақша қар>> өлеңімен танысамыз.
Мақсатымыз: Автормен таныса отырып, өлең мазмұнын ұғынып, шығармашылық тапсырмаларды орындаймыз.
1.Зейнолла Шүкіров-1927 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды. Оның балаларға арнаған жинақтары бар. Шығармалары шет тіліне аударылған. Оның <<Менің достарым>>, <<Теңіз жыры>>, <<Арал дәптері>>, <<Алау>> атты өлеңдер жинағы мен қатар тағы да басқа әңгімелері өте көп.
2. Ақша қар
(мұғалім оқиды)
Айналамда ұшып жүр
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.
Үстіме жалп-жалп жауады
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы
Ақ жібектің түріндей.
Ақ желегін жамылды
Сұрғылт тау-тас, сай-сала.
Ақ қардан көрпе жамылды
Ауыл үсті айқара.
3. Оқулықпен жұмыс: әр топтан бір оқушы мәнерлеп оқиды.
4. Сұрақ:
1. Өлең не туралы?
2. Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен теріп дәптерге жазу.
Ақ мамықтай
Ақша қар Ақ қанатты көбелек
Ақ жібектің түріндей
Ақ тауықтың жүніндей
5.Сергіту сәті: музыкамен би қимылдарын жасау ( Ақшақар биі)
6.Топтық жұмыс:
1-топ: Сурет бойынша әңгіме құрау.
2-топ: Өлең мазмұнына сурет салу.
3-топ: <<Қыс>> тақырыбына шығарма жазу.
7. Сабақты бекіту: <<Шыршаны безендірейік>> ойыны.
Шарты: ойыншықтағы сұрақтарға жауап беру, жауап берген оқушылар түрлі ойыншықтармен шыршаны безендіреді.
1. З. Шүкіров кім?
2. Өлең не туралы?
3. Ақын ақша қарды неге теңейді?
4. Қардың қандай түрлері бар екен?
5. Қыс айларын ата.
6. Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (шана)
ІV Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
V Үйге тапсырма беру: өлеңді жаттау.
VІ Қорытындылау.
Мұғалім:
-Желтоқсан-аппақ әлем. Жыл он екі айда айналып келер әр маусымның өзінің ерекше бір сыйы, өзіндік өрнегі болатын болса, қылышын сүйреткен қыстан көбіне біздің күтетініміз азя бен аппақ қырау, сосын көк күмбезінен ақ күміс болып шашылатын ақ ұлпа қар. Ақ мамық қарды осы қыстан әлі күтудеміз. Көңіл түкпірінде <<жаумай қояр ма екен>> деген күдік те бар. Күн сәл бұлттанып, аспан түнерсе қар жауады деп болжап, оны сағына күтеміз. Себебі қар жауса дала ақ торғынға оранып, аспан мен жер арасын жалғастырып ақ қанатты көбелектер ұшып жүргендей болады емес пе?! Осындай сұлу сәтті қимай, ақ көрпесін айқара жамылған аппақ дала, кіршіксіз аппақ әлем құшағында ұзақ серуендеп, асыр салып ойнағанға не жетсін?! Көшелер, талдар, үйлер, саябақтар ... бәрі-бәрі аппақ, тап-таза. Ақ ұлпа себелеген осы сәтте жан біткеннің бәрінің көңілдері қылаусыз, жүректері ақша қардай аппақ болып көрінеді. Шіркін адамдардың пейілі, ойы жаңа жауған қардай аппақ болып, зұлымдық, қастандық атаулы болмаса ғой деген игі тілек тілейміз.. Алда келе жатқан 16-желтоқсан - Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылды барша қазақстандықтар ақ көңілмен, кең пейілмен тойлауға дайындалудамыз. Келе жатқан мерекелер құтты болсын!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz