Ұстаздың рөлі мен шәкірттің озып-өсіп жетілуі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Сам орта мектебі

6 «А» сынып оқушысы

Дүйсенова Мәдина

Ұстаз- мектептің жүрегі

Менің түсінігімдегі ұстаз - рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жа­ңа­шылдықтың бастаушысы, жү­ре­гі - жылы, көңілі - дарқан адам. Осыншама оқу жылымда қаншама ұстаздармен кездесіп, солардан білім алып, солардың қолында әлі күнге дейін оқып келемін. Әр оқушыға өз ұстазы артық. Әр оқушының өзінің көңіліне жақын тартатын өз ұстазы болады. Біз оқып жүрген ұстаздарды қарап отырсақ, әрқайсысының оқыту стратегиясы әр түрлі. Ұстаз білгенін үйрету ғана емес, сонымен қатар, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз­ған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз­дік­сіз ізденісте болып, қоғам сұ­ра­нысына сай білімді, шығарма­шыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой­лай­мын. Біздің дана қазақ халқымызда

http://t0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTfK-Q-wv4gasGikNT46AWi5bhYILdprOQY56b9hovRM4RB8VFU «Ұстаздан шәкірт озар» деген сөз бар.

Өмір табиғатпен үндеседі деген шын болса керек. Ұстаз бен шәкірттің арсы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Жас шыбықты, үрімдей жеміс ағашын жерге егіп, күнара суарып, баптап, өсірсең жеміс беріп, үлкейіп өседі. Шәкіртінің ұстаздан озып, оның жемісін көру ұстаз үшін үлкен қуаныш пен мәртебе. Дүниенің кезек екенін бәріміз жақсы білеміз. Ұстазынан озған шәкірті бұл ұстаздың берген білімінің жемісі. Ұстаз киелі мамандық. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаз қауымын құрмет тұту біздің парызымыз деп түсінемін.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие үдерісі және ұстаздың рөлі
Ұстаздың рөлі мен оқушы тұлғасын тәрбиелеу принциптері
Ұстаздың рөлі мен жауапкершілігі: Сұлтанова Гүлсая Қонысбайқызының педагогикалық тәжірибесі
Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу: ұстаздың рөлі мен педагогикалық тәсілдер
Мұғалімнің рөлі: шәкірттің шырағын жағу арқылы білім мен тәрбие беру
Ұстаздың мәртебесі және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі
Ұстаздың рөлі: маңызы, тәрбиелік-дамытушылық мақсаттары және сабақтың құрылымы
Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі ұстаздың кәсіби ізденісі және зерттеушілік даярлық
Бала болашағы - ұстаздың жауапкершілігі: білім мен тәрбие
Тапқыр болсаң, озып көр сайысының мектепішілік өткізу бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz