Сын есімдер: Маңғыстауға саяхат форматындағы сабақ

Сабақтың тақырыбы : Сын есім
Сабақтың мақсаты : 1. Оқушылардың сын есім туралы алған ұғымдарын
кеңейту.
2. Оқушылардың байқау, бақылау қабілеттерін
арттырып, сөздік қорларын молайту.
3. Оларды адамгершілік қасиеттерге, табиғатты қорғап,
аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі : саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі : слайд
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім
- Балалар, қазір бізде кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі - туған
тіліміз қазақ тілі сабағы. Сөзжұмбақ шешу.
- Қазақтың пулеметші батыр қызының есімі?
- Бейнелеу өнеріндегі жабыстыру тәсілімен жасалатын шығарма?
- Біздің рәміздеріміз
- 100 жыл нені құрайды?
- 1 сағатта неше минут бар?
- Қ. Р - ның бас қаласы?
- Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі?
- Көкжиек тұсын анықтайтын құрал?
- Адам өміріне ең қажет нәрсе?
- Балалар, қызыл жолақшадан шыққан сөзді оқиықшы
- Біздің облысымыз қалай аталады?
2 - 3 оқушыны Маңғыстау туралы сөйлету
- Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ түрінде өтеді. Біз
бүгін Маңғыстау жеріне саяхатқа шығамыз.
- Жетібай кенті - үй тапсырмасы.
396 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып, сын есімді тапқызу. Олардың
қай сөз табымен байланысып тұрғанын табу.
- Қарақия ойысы - көркем жазу.
- Ақтау - 397 - жаттығу.
Тақтаға үш оқушы шығарып, мақалдарды жазып, сын есімдерді табу. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
- Ақшұқыр - 398 - жаттығу.
Сын есімді қатыстырып, сөйлем құрау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау. Сұлу, ауыр, жуан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Кетік - сергіту сәті.
- Шетпе - 399 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлетіп оқытып, мағынасын түсіндіру. Сын есімдерді өздеріне қа тысты зат есімдермен бірге көшіріп жазғызу.
IY. Қорытынды. Бекіту. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. 400 - жаттығу. Ереже жаттау