Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрылысы
Шалқар ауданы
Бегімбет ауылы
Шарипа Шакирова Химанқызы
Б.Сүлейменов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі
§26 Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрылысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды периодтық кестедегі металдардың орнын,
атом құрылысының ерекшеліктерін білуге және оқушылардың сабаққа деген
белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалды пайдалануға
дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, өз білімін өзі тексеріп бағалай
білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. Химиялық диктант (жаңа сабаққа дайындық кезең)
3. Жаңа сабақ
4. Оқушылардың хабарламалары
5.Бекіту
Топтық сұрақ
Деңгейлік тапсырмалар.
6. Қорытынды
Венн диаграммасы
Қ.Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңі.
7. Үйге тапсырма, бағалау.
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметпе оқушы өрендерім,
Тоқыған көңіліне білімдерін.
Өткізген сабақты қызықты етіп,
Жігерлен, білім болсын сүйенгенің.
Мұғалімінің кіріспе сөзі:
Оқушылардың саяхатқа дайындығын білген соң, сызбанұсқадан саяхат
бағыттарын көрсетем. Саяхатқа шығу үшін класты 3 топқа бөлемін, топ
басшыларын сайлаймын.
Берейік енді ерік қиялға да,
Қайтайық саяхаттап металдарға.
Сендерден сұрағына жауап күтіп,
Кезекте тұр әрбір аялдама.
1 – аялдама – «Өткенді ұмыпта, ол –болашақтың ұстазы».
Бұл аялдамада өткен тарауға шолу, яғни жаңа сабаққа дайындық ретінде
химиялық диктант аламын.
1. Көміртегінің аллотропиясы.
2. Кәдімгі шынының формуласы.
3. C – Si – Ge – Sn – Pb қатарында элементердің бейметалдық қасиетінің
өзгеруі.
4. Қандай зат құрғақ мұз деп аталады?
5. Иіс газы мен көмірқышқыл газының айырмашылығын жаз.
6. Фосфиннің аммиактан өзгешелігі.
7. Азот қышқылының тұздары қалай аталады ?
Топ басшылары топтарындағы оқушылардың химиялық диктантын тексеріп,
бағалау парағына бағасын қояды.
2 – аялдама – «Білгенің- бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз».
Бұл аялдамада жаңа сабақты түсіндіру.
3 – аялдама - «Талаптыға нұр жауар».
Оқушылардың жазған мәнжазбаларын, қосымша хабарламаларын тыңдау.
4 –аялдама – «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер».
Топқа сұрақ.
1. Мына өлең жолдарының мағынасын түсіндіру.
Күмісті алтын менен кім білмейді,
Қолда болса, қуанып кім күлмейді.
Химиктерге жақпайтын не сыры бар,
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді. (Активсіз металл)
2. Өзі жылтыр күмістей,
Жұмсақтығы тағы бар.
Жеңілдігін ескерсең,
Пайлаланар жері табылар (Алюминий)
3. Жазылуы бойынша оқысақ – элемент,
Керісінше оқысақ - өткізгіш,
Ойлаңдаршы қандай элемент (мыс-сым)
4. Бірінші бөлігі - тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын
белгі. Ойлаңдаршы қандай элемент (селен)
5. От көмір жейді, тот...(темір жейді)
Өлең - ... (алтын) сөз - .... (күміс)
Ақыл арымас ...............алтын шірімес.
6. Алтын тапсаң - ..........(санап ал)
7. Алтынды еріте білмеген - ............(ірітер)
Теріні илей білмеген - ...........(шірітер)
8. Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен. (темір)
9. Күмістей өзі жылтыр,өзі сұйық.
Қандай металл, құрал жасар,оны құйып (сынып)
10. «Алтынменен аптатып
Күміспенен күптетіп
Зәулім сарай үй берген» өлең жолы қай ақындікі. (Ж.Жабаев)
5 – аялдама. «Білім алар баланың, оқу болар ермегі»
Деңгейлік тапсырма
1- деңгей 3 балл тест.
1. Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?
А) периодтық жүйенің жоғарғы жағында
Ә) периодтық жүйенің төменгі жағында
Б) ІІ – ІІІ периодтың соңғы жағында
В) тек қана І топтаорналасқан.
2. Тұрақты тотығу дәрежесін көрсететін металл?
А) мыс Ә) магний Б) өттегі В) көмір.
3. І топта орналасқан металл
А) литий Ә) бром Б) сутегі В) гелий
4. Кіші период және үлкен периодтың жүп қатарында металдардың қаттылығы
балқу температурасы, тығыздығы қалай өзгереді.
А) кемиді
Ә) алдымен кемиді, сосын артады
Б) артады
В) артады, сосын кемиді.
2 деңгей (4 балл)
1. Мына элементтердің қайсылары металдарға жатады: Ne, P, Zn, As, Cl, Cu,
Br, He.
2. Берілген элементтерді металдық қасиеттерінің өсу реті бойынша
орналастырыңдар.
1. Na, Li, Cs, Pb, K
2. Al, Na, Mg,
3 деңгей (5 балл)
1. Массасы 3,42 грамм сілтілік металл сумен әрекеттескенде қалыпты жағдайда
0,448л сутегі бөлінеді. Бұл қандай металл?
2. ns2np1 электрондық формуласына сәйкес келетін металдарды анықтаңдар.
6 - аялдама. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар».
Венн диаграммасы
Металдар Бейметалдар
Қадыр Мырзалиевтың «Менделеев кестесі» өлеңін жатқа айтып береді.
7-аялдама «Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар».
Бағалау.
Топ басшыларының бағаларымен салыстыра отырып бағалау.
Үйге тапсырма. §26 Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының
құрылысы тақырыбын оқу және дәстүрлі емес есеп шығару.
Күміс түсті ақ металл су бикешті ұнатып қалады. Олар бір – біріне
қатты ғашық болады, бірақ металдың күшті сұйық күзетшісі күзетіп,
отырады., ал сұйық үшін судың құны жоқ еді. Бір күні ойда жоқта металл
сумен кездесіп, қуаныштан су құшағына алтындай аптап жалынмен енеді.
Олардан әдемі, сүйкімді бикеш дүниеге келеді. Бұл бикешкеде бірнеше
жігіттер табынады. Бикеш бір жігітпен кездескенде, мылқау болып
сазарады. Екіншісімен кездескенде жүрегі жарыла жаздап қуанып, ұялғаннан
беті күлгін тартады. Сонымен осы жігітке үйленеді.
Есептегі белгісіз металл, оның күзетшісі, дүниеге келген бикеш және
бикешке ғашық жігіттердің есімін табуға беру.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz