Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Гидросфера-жердің су қабығы. құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі. 5-6 сынып

Тақырыбы:
<<Гидросфера - жердің су қабығы. Құрлықтағы таулар және олардың жіктелуі>>Мақсаты:Білімділік. Оқушыларға гидросфера - жердің су қабығы, дүниежүзілік мұхит сулары, табиғи судың адам өмірі үшін маңызы және таулардың түрлері туралы мағлұмат беру.Дамытушылық. Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік. Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың түрі: Ішінара ізденіс сабағыСабақтың әдісі: Интербелсенді баяндау, сұрақ - жауап, картамен жұмысПәнаралық байланыс: География, экология, биология, химия.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, Қазақстанның және дүниежүзінің физикалық картасы, т. бСабақтың барысы:
І. ҰйымдастыруПсихологиялық сергіту<<Жақсы сөз жарым ырыс>>Оқушылар шеңбер жасап тұрып, бір - біріне жақсы сөздер айтады.ІІ. Үй тапсырмасын сұрауКеспе қағаздар арқылы үй тапсырмасын сұрау.Тақтаға түрлі-түсті кеспе қағаздар ілінеді. Оқушылар бір түсті таңдау арқылы сонда жазылған сұрақтарға жауап береді.1. Географиялық қабық дегеніміз не?2. Неше материк бар. Картадан көрсет?3. Неше мұхит бар? Картадан көрсет?4. Масштаб дегеніміз не?5. Солтүстік Америка мен Евразия ежелгі қандай құрлықта болған?6. Тау жыныстары түрлерін ата?6 сыныпқа сөздікпен жұмыс1 Лава дегеніміз не? Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылған магманы айтамыз.Сөнбеген жанартау - ұдайы атқылап жататын жанартауСөнген жанартау - адамзат тарихында атқылауы жөнінде ешбір мағлұмат қалмаған жанартауларды айтамыз.Гейзерлер - исландша лақ ете түсу.Кратер грекше - тостаған.
5 сыныпқа сөзжұмбақ беріледі?<<Білім кілті танымдылықта>> сөз жұмбағының шешімін таптырта отырып, жаңа өтілетін материалдың тақырыбын анықтадық.1. Ежелгі құрлық - Пангея2. Тынық, Атлант, Үнді бұлар нелер? Михит3. Пангея құрлығы екіге бөлінді. Лавразия және... Гондавана.4. Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығын не дейміз? Рельеф?5. Тау жынысының түрі: МЕТАМОРФТЫ6. АУДАНЫ ЖАҒЫНАН КІШІ ЖӘНЕ ҚҰРҒАҚ МАТЕРИК Австралия7. Ең ыстық материк - Африка8. Шығу тегі біртекті аралдар тобын қалай атаймыз? Архипелаг9. Жер бетіндегі ең үлкен арал? Гренландия10. Төрт мұхиттың суларымен жанасып жатқан жалғыз материк? ЕуразияГИДРОСФЕРАІІІ. Жаңа сабақҚызығушылықты ояту5 сынып жаңа сабақ тақырыбы: Гидросфера - Жердің су қабығы6 сыныпШыңына көз жетпес.Көркіне сөз жетпес.Басынан қар кетпес,Өзіне...... тау жетпес.Бұл өлең жолдары не туралы айтылған, Яғни тау. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Таулар және олардың жіктелуі.ІV. Мағынаны тану5 сыныпқа сабақ түсіндіріледіГидросфера жердің су қабығы. Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды. Грек тілінен аударғанда гидро су деген мағынаны береді. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Кейбір сулардың емдік қасиеттері бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атайды. Қазақстанның санаторийлі кешендері: Сарыағаш, Алмаарасан, Жаркент арасан. Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. Гректер су құдайын пасейдон, римдіктер нептун деп атаған.Мәтінді мұқият оқып 53 беттегі д. ж су айналымы бойынша айтады. Бір сұрақтан дайындайды.V. Ой толғанысДайындаған сұрақтарын қалташаға салады. Кезекпен кезек келіп сұрақты алып жауап береді.

Географиялық диктант1. Гидросфера - жердің... су қабығы2. 1 литр теңіз суының құрамында... 35 грам тұз болады.3. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері... 1 грамнан аспауы керек.4. Емдік сулардың шығып жатқан жерін.. арасан деп атайды.5. Грек мифологиясында су құдайы... Пасейдон деп аталған.6 сыныпқа мәтін оқуға беріледі.Мәтінді оқып мына сұрақтарға жауап жазады.Таулар деп атайды -Тау жотасыТаулы өлкені құрайдыТау торабы -Дүние жүзіндегі ең биік тау - Гималай.Ең биік нүкте - Джомолунгма(8848 м)Тянь-Шань тауының ең биік нүктесі - Жеңіс шыңы(7439 м)Таулар биіктігіне байланысты үшке бөлінеді.1. Аласа таулар - биіктігі 400 - 1000 метр аралығында. мысалы Сарыарқаның таулары2. Орташа биік таулар - 1000 - 2000 метр аралығында. Мысалы: Қырым, Карпат3. Биік таулар - 2000 метрден жоғары. Мысалы: Кавказ, Алтай, Тянь-Шань. т. б.Сәйкестендіру1. Аласа таулар 1000 - 2000 м2. Орташа биік таулар 2000 м жоғары3. Биік таулар 400 - 1000 мАдасқан әріптерӘріптерден сөз құрастыру.1. Лаймаги2. Мирпа3. Шань - тянь4. Рола5. Молунджомаг6. Рықым7. ТапкарОсының ішінен бір таудың атын алып, мәтіннен соған қатысты сөйлемді оқы.:: Қалам ортада
VI. БағалауVII. Үйге тапсырма1. 19 тақырыпты оқу2. <<Су тамшыларына саяхат>> тақырыбында әңгіме, эссе, ертегі жазу1. 22 мәтінді оқу2. Дүние жүзіндегі ең ірі тауларды кескін картаға түсіру.

Ұқсас жұмыстар
Сарыарқаның таулары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар. 6 сынып
Гидросфера туралы ұғым. дүниежүзілік су айналымы
Тау жыныстары
Әлемдік география
Литосфера тарауын қайталау
Гидросфера-Жердің су қабығы
Мұхит атауы
Гидросфера - Жердің су қабығы туралы
Тау жыныстары. Сабақтың түрі
Пәндер